Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.

19 наурыз 2021, Жұма
Категориясы: Білім
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан (Massachusetts Institute of Technology, MIT) шақырту алды. Бұл NIS IB тарихындағы алғашқы жағдай.
Мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламасында оқып жатқандықтан, жоғары оқу орындарын талдау барысында АҚШ университеттеріне басымдылық таныттым. Маған негізінен академиялық еркіндік пен пәнаралық зерттеу қағидаларын ұстанған жоғары оқу орындары ұнайды. Ал бұл АҚШ - та жақсы дамыған. Оған қоса, MIT университеті АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі. МІТ қауымдастығының 88 мүшесі Нобель сыйлығының лауреаттары болып табылады. МІТ түлектері Google, Oracle, Amazon, McKinsey Accenture, Apple, Boeing и Microsoft сынды үлкен компанияларда қызмет етеді. Бұндай үздік, беделді университеттен шақырту алу мен үшін және менің отбасым үшін зор құрмет, - дейді Эльдар.
NIS IB - дің 12 - сынып оқушысы өз болашағын биология пәнімен байланыстырып отыр. Эльдар биологиядан республикалық олимпиадаларға үш жыл қатысып, NIS тобының мүшесі ретінде бір алтын және екі күміс медальдарға ие болды. Сонымен қатар, ол 2018 жылдан бастап мектепте олимпиадалық биологиядан оқушыларға сабақ береді.
Болашақта Эльдар биологияның тар шеңберлі мамандығы бойынша магистратураға түсіп, шетелдік тәжірибе жинақтауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, QS университеттерінің әлемдік рейтингісі бойынша Массачусетс технологиялық институты рекордтық көрсеткішін жалғастырып келеді: ол тоғыз жыл қатарынан бірінші орында келе жатыр. Ол Гарвард, Стэнфорд, Калифорния, Оксфорд, Кэмбридж университеттерін басып озды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады. Сонымен қатар, университет менеджмент, экономика, лингвистика, саяси ғылымдар және философия салаларын оқытуымен де танымал.
2 793
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
2021 жылғы 2 6 ақпан, Алматы қ. - Halyk Bank үшін жоғары технологиялық цифрлық қызметтерді дамыту басымдықты міндет болып табылады және оны жүзеге асыру үшін білікті кадрлардың болуы маңызды.
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды.
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Жәңгірдің он бір досы⠀
Жәңгірдің он бір досы⠀
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады. ⠀
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.