Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

«Самғаның» бишілері Польша мен АҚШ - та топ жарды

23 желтоқсан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Әлемде
«Самғаның» бишілері Польша мен АҚШ - та топ жарды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде 1 - орын иеленді.
Қашықтан ұйымдастырылған шарада көптеген мемлекеттің шығармашалық топтарымен бақ сынасқан жас зияткерлер қазақ биін орындап, үздік деп танылды.
Сондай - ақ, ұлттық өнерімізді әлемге танытуда 11 - сынып оқушысы Баян Сарибаева жеке орындауда ерекшеленді. Польшаның «DIGI - TALENTY. JESIEN - 2020» халықаралық фестивалінде «Қыз қиялы» атты би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.
Айта кетейік, «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның 50 - ден астам белсенді мүшелері әртүрлі жанрдағы хореографияны меңгеріп, мәдени мұраны насихаттауда үлкен септігін тигізуде.
Ұжымның жетекшілері кәсіби хореографтар Жұлдызай Мауленова мен Ақмарал Алибекованың оқушылардың жан - жақты және шығармашылық потенциалын дамытуда үлестері зор.
Балалардың талантын ашуда және ұлттық өнерді жаңғыртудағы еңбектері үшін педагогтары да ұйымдастырушылардың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Танцевальная группа кызылординской NIS признана лучшей в Польше и США
Творческий коллектив «Самга» при Назарбаев Интеллектуальной школы Кызылорда на Международном фестивале в Лондоне занял первое место.
На конкурсе, собравший участников с разных уголков мира, юные интеллектуалы представили казахский народный танец и были признаны лучшими.
Высокую оценку международного жюри получила и ученица 11 - класса Баян Сарибаева. На фестивале «DIGI - TALENTY. JESIEN - 2020» в Польше в индивидуальном исполнении с композицией «Қыз қиялы» Баян удостоилась Диплома I степени.
Стоит отметить, что танцевальный коллектив «Самга» существует при Интеллектуальной школе со дня ее открытия. Сегодня он имеет более 50 талантливых ребят, которые успешно занимаются хореографией различных жанров, а также вносят весомый вклад в популяризацию культурного наследия.
Руководителями являются профессиональные хореографы Жулдызай Мауленова и Акмарал Алибекова. За вклад в развитие творческого потенциала учащихся, возрождение и сохранение культурного наследия педагоги были отмечены благодарственными письмами.
1 367
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды.
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Жәңгірдің он бір досы⠀
Жәңгірдің он бір досы⠀
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады. ⠀
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.