Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті

24 желтоқсан 2020, Бейсенбі
Категориясы: Білім
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
Бір ай бұрын Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің сарапшы мұғалімі Динара Бейсембаева «Қазақстан мұғалімі – 2020» ұлттық сыйлығының үздік ондығын бастап, бас жүлде иегері атанған болатын.
Аталмыш беделді сыйлық үздік отандық педагогтарға биыл екінші мәрте табысталды. 2019 жылы Global Teacher Prize» ресми өкілі болып табылатын Алия Назарбаеваның Қоғамдық маңызды бастамалар қоры «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына бастама жасады.
Бүгінде Динара Бейсембаева Қазақстандағы «Global Teacher Prize» амбассадоры:
– Жаһандық сыйлықтың басты қағидаты – қоғамға қызмет ету. Сауалнама толтыру кезеңінде - ақ, жүлде қорын қайда жаратар едіңіз деген сұраққа ауыл мектебіне қолдау көресетер едім деп жауап бергенмін.
Нұра ауданының Ахмет ауылы Сәкен Сейфуллин атындағы мектепке «Global Teacher Prize» амбассадорымен бірге оның туған мектебінен қолдаушылар тобы: директор Сабыржан Садуақасов, мұғалімдер Гүлмира Абишева мен Ринат Құдайберген, жоғары сынып еріктілері – Жания Кеңес, Жәңгір Мұрат, Дінмұхаммед Жұмағұл келді.
Жасыл өскін – NIS белгісі бар қорапшаларда Динара Токтаркановна жүлде қорының бір бөлігіне алған химия кабинетінің зертханалық жабдықтары бар.
Динара Бейсембаеваның бастамасына Назарбаев Зияткерлік мектептері қолдау білдіруді ұйғарып, жиналған қаржыға ауыл оқушыларына нағыз жаңажылдық сыйлық болған компьютер мен проектор алынды.
Динара Бейсембаеваның ауылдағы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсету бойынша үлкен жоспарлары бар. «Сандық ғылым үйде» элективті курсының авторы ретінде ол химия және биология пәндерінің мұғалімдерімен тәжірибесімен бөліспекші, сондай - ақ, зерттеуді сандық форматта ұйымдастыру бойынша элективті курс бағдарламасын әзірлеуде.
Әлеуметтік желілерде үлкен жұмыс жүргізуді жалғастыруда, бүгінде фэйсбуктегі «Химия пәнінің мұғалімдері» тобы педагогикалық шеберліктің жаңа алаңына айналып отыр. С. Сейфуллин атындағы орта мектептегі пән бойынша әріптестерімен ынтымақтастық орнату жайы талқылануда.
– Еліміздегі жүздеген ауылддың ішінен мүмкіндік туып жаһандық сыйлықтың амбассадорымен кездесу біз үшін үлкен мәртебе, соның нәтижесінде Зияткерлік мектептермен достасып жатырмыз, – деп Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің директоры Атымтай Балабиев ағынан жарылды.
– Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері жалпы педагогтардың, ең алдымен ауыл мұғалімдерінің кәсіби дамуы бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Қаңтар айынан бастап біз ұлттың ұлы ұстазы, ағартушысы, жазушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған педагогикалық шеберліктің онлайн алаңы жобасын бастамақпыз, – дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.
«Қазақстан мұғалімі – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпазы, Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Дина Құдабаеваның бастамасымен облыстық Оқушылар сарайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған кабинет ашылмақ.
1 246
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Елордадағы Халықаралық Бакалавриат мектеп командасы киберспорттан Қазақстан Чемпионы атанды
Елордадағы Халықаралық Бакалавриат мектеп командасы киберспорттан Қазақстан Чемпионы атанды
NIS IB «PRESTIGE ESPORTS» киберспорт командасы NIS мектептері арасындағы CS: GO (Counter - Strike: Global Offensive) сайысы бойынша Қазақстанның Чемпиондары атанды!
Амбассадор Глобальной премии «Global Teacher Prize», учитель NIS Динара Бейсембаева поддержала сельскую школу
Амбассадор Глобальной премии «Global Teacher Prize», учитель NIS Динара Бейсембаева поддержала сельскую школу
Амбассадор Глобальной премии «Global Teacher Prize», учитель NIS Динара Бейсембаева поддержала сельскую школу в Нуринском районе Карагандинской области.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
«Қазақстан Мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының жеңімпазы анықталды
«Қазақстан Мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының жеңімпазы анықталды
2020 жылдың 26 қараша күні «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының жеңімпазы болып Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева атанды.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.