Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жәңгірдің он бір досы⠀

26 қазан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Қоғам
Жәңгірдің он бір досы⠀
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады. ⠀
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 - сынып оқушысы Жәңгір Мұрат «Волонтерлік жобаларды қолдау» байқауында грант жеңіп алған болатын. Карантин уақытында зияткер аз қамтылған отбасылардың балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін гитарада ойнау сабақтары мен ағылшын тілі курстарын жүргізген.⠀
Байқаудан соң Жәңгір жанына Сұлтан Мұратбек, Жақсылық Жеңіс және өзге де ниеттес, пікірлес достары қосылған еріктілер тобын құрды. Бүгінде олардың қатары он бірге жетті. ⠀
– Еріктілердің жеке жобасына емес, қоғамға пайдалы болуына мән берілген байқау аясында белсенді жастармен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап тегін гитара үйірмесі өткізіледі. Одан бөлек үйірменің кестесіне сай ZOOM платформасында ағылшын тілінен де дәрістер жүргізіледі. Келесі жылы басқа да үйірмелерді ашуға өз тарапымыздан қолғабыс тигізетін боламыз, – дейді Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.⠀
– Біздің алдағы мақсатымыз – әртүрлі мектептерден оқушылар жинап, белсенді еріктілер тобының жұмысын қала деңгейінде біріктіру, – дейді НЗМ оқушылары.⠀
2 853
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
NIS оқушылары, ұстаздары мен ата - аналары кезекті «Даналық бейсенбіні» әйгілі «National Geographic» журналының еліміздегі өкілдерімен жүздесуге арнады.
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10В сынып оқушысы Абилова Аружан Қазақстан ұлттық телеарнасының «Жүзден жүйрік» бағдарламасына қатысып, жеңiмпаз атанды.
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбындағы онлайн конференция өтеді
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбындағы онлайн конференция өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі мүшелері, Нұр - Сұлтан, Алматы,
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.