Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қатты аяз жағдайында үздіксіз оқу

03 желтоқсан 2021, Жұма
Категориясы: Білім
Қатты аяз жағдайында үздіксіз оқу
Қыста Қазақстанның кейбір өңірлерінде температураның - 30°C градусқа дейін төмендеуі жиі қайталанады, соның салдарынан мектептерде сабақтар болмай қалады. Ауа райының осындай ерекшеліктеріне байланысты, дарынды балаларға арналған 12 жылдық оқу жүйесі бар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқу орындары желісі пандемия басталмай тұрып көп уақыт бұрын қашықтықтан оқытуды ұйымдастырған болатын.
Қазір ел бойынша 20 мектептің оқушылары мен мұғалімдері оқу үшін Microsoft 365 құралдарын пайдаланады, ал барлық сабақтар, оқушылардың бір - бірімен, оқытушылармен және ата - аналармен араласуы, қажетті материалдар мен қосымшалар Microsoft Teams - та қолжетімді, бұл қатты аяздарда 15 000 - ға жуық оқушыны үздіксіз оқытуға кепілдік береді.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында Microsoft 365 - ті алғашқылардың бірі болып қолданысқа енгізген Петропавловскдегі «Химия - биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры Данияр Уалиев былай деп атап өтті: «Бастапқыда Microsoft құралдарын қағаздағы құжат айналымын азайту үшін қолданып жүрдік, бірақ уақыт өте келе олар кеңінен қолданыла бастады. Тиімді ақпарат алмасу және процестердің үздіксіз жүруі — біздің оқушыларымыздың сапалы оқуының негіздері. Бізге жұмысқа жаңа мұғалім келген кезде, оны жүйемен жұмыс істеуге тез әрі түсінікті етіп үйрету маңызды. Бұл жағынан бізге Microsoft Innovative Educator Expert мұғалімдерді оқытуға арналған ішкі бағдарламасы көмектеседі. OneNote және SharePoint көмегімен құжаттарға лезде кірудің арқасында мектеп мұғалімдердің тренингтерін ұйымдастырып, бірлескен жұмысты жақсарта алды және әкімшілік міндеттердің орындалуын жеделдетті. Бізге әсіресе OneNote ұнайды: оның интуитивтік деңгейде түсінікті интерфейсі керекті ақпаратты оңай іздеуге және табуға мүмкіндік береді».
«Microsoft Teams біздің 20 мектепте қашықтықтан оқытуға арналған негізгі платформамызға айналды, — дейді НЗМ басқарма төрағасы Куляш Шамшидинова, — қазір 3 000 - нан астам қызметкер мен 15 000 - ға жуық оқушы Microsoft Teams - ті белсенді түрде пайдаланады».
Карантиндік шектеулер басталғалы бері қазақстандық білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту режимінде сапалы, қолайлы әрі қауіпсіз оқу процесімен қамтамасыз етуге қажетті, талаптарға сай келетін лайықты құралдарды іздеу мәселесіне жолыққан болатын. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, Microsoft Teams қашықтықтан оқыту режимінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін ұсынылған цифрлық платформалар тізіміне кіреді.
Бірақ НЗМ - де аталған құрал әлдеқайда ерте, қысқы аяздар кезінде, температура төмендеуіне байланысты сабақтар болмай қалған кездері қолданыла бастаған болатын. Бұған қоса, осы платформа арқылы оқушыларда оқу материалдары мен тапсырмаларға кез келген уақытта кіру мүмкіндігі пайда болды. Ал платформаның қауіпсіздік құралдары, әсіресе кіруді басқару бөгде адамдардың онлайн - сабақтарға қосылуын болдырмайды. Сол сияқты НЗМ оқушылары Microsoft Teams - ті мұғалімдермен өзара әрекеттестікте болу үшін, сабақтарға кіру үшін және құрбыластарымен қарым - қатынас жасау үшін де пайдаланады — осының барлығы бір платформада.
«Егер сабақ барысында оқушы бірдемені түсінбей қалса, ол әрдайым видеоны қайталап көріп, керекті ақпаратын жылдам таба алады», — дейді Қызылордадағы НЗМ 11 сынып оқушысы Қылышбай.
«Мұғалімдер жеке чаттарда немесе арнайы жиналыстарда кері байланыс беріп отырады. Және біз оқу материалдарымен бөлісіп, кездесулерді оңай жоспарлай аламыз», — деп қосты оқушы Зарина.
НЗМ оқу орындары оқу процесін жақсартуға қажетті жаңа технологияларды ұдайы енгізіп отырады. Жетістіктері үшін НЗМ Microsoft Showcase School алдыңғы қатарлы мектебі мәртебесіне ие болды.
«Қазір біз бастауыш мектепте Minecraft Education Edition платформасын және жоғары сыныптарда Flipgrid — видео форматтағы әлеуметтік оқыту платформасын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Даму мүмкіндіктері шексіз», — деп бөлісті Данияр Уалиев.
2 232
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Еңбек процесіндегі қашықтықтан жұмыс істеудің құқықтық негіздері
Еңбек процесіндегі қашықтықтан жұмыс істеудің құқықтық негіздері
Соңғы жылдарда әлемдік жұқпалы дерттің әсерінен мыңдаған ұйымдар қашықтықтан жұмыс істеуге жаппай көшуге мәжбүр болды. Дегенмен, болашақта да кейбір ұйымдар, пандемия жағдайынан кейін де еңбек процесінің қашықтықтан жұмыс істеу тәсілін әрі қарай
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушылар үшін қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл мүмкіндік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие.
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Алматы, 25 қаңтар, 2021 ж. – Қазақстанның ірі ақпараттық - коммуникациялық және бұлтты қызметтер провайдері «Қазтелепорт» акционерлік қоғамы - Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» және Microsoft компаниясы Қазақстандық клиенттер үшін Azure Stack
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.