Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Еңбек процесіндегі қашықтықтан жұмыс істеудің құқықтық негіздері

05 мам 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Қоғам
Еңбек процесіндегі қашықтықтан жұмыс істеудің құқықтық негіздері
Соңғы жылдарда әлемдік жұқпалы дерттің әсерінен мыңдаған ұйымдар қашықтықтан жұмыс істеуге жаппай көшуге мәжбүр болды. Дегенмен, болашақта да кейбір ұйымдар, пандемия жағдайынан кейін де еңбек процесінің қашықтықтан жұмыс істеу тәсілін әрі қарай қолдана беруі мүмкін. Әсіресе Қазіргі жаһандану заманында қашықтықтан жұмыс істеу маңызы одан әрі артып отыр.
Сондықтан еліміздегі қазіргі қолданыстағы еңбек заңнамаларын қашықтықтан жұмыс істеуге қатысты жақтарын саралап шығу маңызды.
Еліміздегі қазіргі қолданыстағы еңбек заңнамаларына сәйкес қашықтықтан жұмыс істенудің мағынасы - жұмыс процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады. Яғни қазіргі қоғамда ақпараттық - коммуникациялық технологиясыз қашықтықтан жұмыс істеуді елестету мүмкін емес. Сондықтан қашықтықтан жұмыс істеуде ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамытудың маңызы зор.
Ақпараттық - коммуникациялық технологиясы дамыған елдерде қашықтықтан жұмыс істеу тәжірибесі бұрыннан бар. АҚШ - ты қашықтықтан жұмыс істеуді қолдану тәжірибесі тұрғысынан әлемнің ең алдыңғы қатарлы елдерінің бірі деп атауға болады.
АҚШ - та 2010 жылы қашықтықтан жұмыс істеуді жетілдіруге қатысты Заңы қабылданды (Telework Enhancement Act of 2010). Бұл заң атқарушы биліктің федералдық органдарының барлық қызметкерлерін қамтиды. Атқарушы органдарда жұмыс жасайтын тәртіптік теріс қылықтары жоқ жауапты қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.
Дегенменде жұмыс беруші жұмысшыларды қажетті құралдармен қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде де бұл жағы қарастырылған. Заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығындарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді.
АҚШ - та қашықтықтан жұмыс істеудің даму барысында үйде отырып жұмыс жасайтын жұмысшылардың категориялары пайда болды. Оларды «бұрынғы штаттағылар (former full - time employees)» деп атады. Олардың еңбек шарттарына қосымша құжаттар тіркеліп, онда атқаратын міндеттері мен жұмыс ауқымы көрсетілді.
Қазақстандық жұмыскерлер қашықтықтан жұмыс істету тәртібіне көшкенде еңбек шарттарына келесі толықтырулар енгізіледі. Олар:
- жұмыс орны (жұмыскердің тұрғылықты жерін немесе жалға алған үй - жайын белгілеу);
- жұмыс берушінің міндеттері (коммуникация құралдарын беру немесе өтемақы төлеумен байланысты арнайы міндеттемелері);
- жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі (қалыпты жұмыс уақыты немесе икемді жұмыс уақытын белгілеу);
- жұмыскердің міндеттері (қызметкердің нақты лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу, толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасу, қызметкерге берілетін мүлікті пайдалану тәртібін анықтау және қажет болған жағдайда шығыстар лимитін белгілеу);
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (жұмыс орнын және қашықтықтан жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбекті қорғау туралы нұсқаулықтар беру және оқыту);
- жұмыс уақытын бақылау тәртібі (күнделікті және апталық есеп беру, белгіленген уақытта байланысқа шығу).
Бұл ретте айта кететін жай, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді. Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін.
Сонымен қатар, қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.
Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер ұйымның штатына әдеттегі қызметкерлермен теңдей енгізіледі. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскермен еңбек шартын жасау барысында одан медициналық тексерістен өткені туралы құжат талап етілмейді. Дегенмен, еңбек шартының мазмұнында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 28 - бабында көзделген талаптары сақталу керек. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлермен еңбек шарты жасалғанда тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Қашықтықтан жұмыс істеу тәртібін енгізуге байланысты қашықтықтан жұмыс істеу шарты мен азаматтық - құқықтық шарттардың ара жігін ажырату қиынға соғады. Өйткені қашықтықтан жұмыс істеу шартында жұмыскердің жұмыс орнында болу талабы көрсетілмейді.
Бүкіл әлемге індеттің таралуына байланысты жұмыс беруші үшін де, жұмыскер үшін де қашықтықтан жұмыс істеудің маңызы қатты артып кетті. Дегенмен қашықтықтан жұмыс істеу өзіндік тәртіпті, жеке жауапкершілікті талап ететінін және кез - келген адам қашықтықтан жұмыс жасай алмайтынын ұмытпау керек. Сондықтан қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлермен жұмыс берушілердің арасында дау тумау үшін еңбек шартында қашықтықтан жұмыс істеудің барлық талаптары енгізілуі қажет. Бұл қашықтықтан жұмыс істеуді әлдеқайда жеңілдетеді.
Оразов Әбдібек Мамышұлы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша
ПҚ БАИ - ның Әкімшілік - ұйымдастыру мәселелері
жөніндегі басқарма бастығы
1 529
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Жасанды зият және бұлтты технологиялар: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ емтихандарды онлайн тапсыру үшін инновациялық шешім енгізді
Жасанды зият және бұлтты технологиялар: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ емтихандарды онлайн тапсыру үшін инновациялық шешім енгізді
Еуроазиялық ұлттық университет гибридті оқыту форматын қамтамасыздандыру үшін жаңа технологияларды белсенді пайдалануда. Қашықтықтан оқытудан бөлек жоғары оқу орны «Examus» шешімінің көмегімен емтихандарды тапсыру жүйесін іске асыруда.
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушылар үшін қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл мүмкіндік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие.
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.
Бұл қызметтегі өсу ғана емес, белгілі бір жетістіктер үшін берілетін ақшалай сыйақылар немесе грамоталар мен төсбелгілер болуы мүмкін. Тіпті жұмыстың сапалы орындалғаны үшін басшылық тарапынан айтылатын алғыстың өзі үлкен мотивация береді.
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
«Өрлеу»БАҰО» АҚ Республика бойынша 5 000 сандық білім беру ресурсын жасақтап, «Өрлеу» білім беру каналына жүктеді. Бұл жұмыстарды әр пән бойынша барлық облыстық филиалдар бөліп алды.
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Қоғамда несиені мемлекет есебінен жабу жайлы ақпаратты қайдан алатыны жайлы білмейді. Кей қазақстандықтар несиесінің өтелетінін не өтелмейтінін білмей дал болуда.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.