Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

ЖОО - ның білім беру бағдарламаларынының рейтингі: Yessenov University үздік ондыққа енді

07 наурыз 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Білім

ЖОО - ның білім беру бағдарламаларынының рейтингі: Yessenov University үздік ондыққа енді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингін қорытындылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырмасы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ЖОО - ның білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау өткізді.
Рейтинг нәтижелері ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында белгілі болды. Рейтинг нәтижелермен ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайттарында толығырақ танысуға болады
Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары үш блокқа біріктірілген 19 критерий бойынша бағаланды:
- түлектердің мансаптық болашағы;
- білім беру бағдарламаларының сапасы; мен ҚР
- білім алушылардың жетістіктері.
Рейтинг - 2021 сараптамасына Yessenov University - нің 29 білім беру бағдарламасы қатысқан, қорытындысы бойынша оның 6 білім беру бағдарламасы үздік үштікке, ал 12 білім беру бағдарламасы алғашқы ондыққа енді. Атап айтсақ:
• Физика - 14 ЖОО арасында 1 - орын,
• Дене шынықтыру және спорт - 34 ЖОО ішінде 1 - орын,
• Тарих - 25 ЖОО арасында 2 - орын,
• Математика - 26 ЖОО арасында 3 - орын,
• География - 17 ЖОО ішінде 3 - орын,
• Жер кадастрі - 8 ЖОО арасында 3 - орын.
Сонымен қатар, университетіміздегі мамандықтардың білім беру бағдарламалары: Шет тілі: екі шет тілі – 42 ЖОО арасында 4 - орын, Экология - 27 ЖОО арасында 4 - орын, Геология және пайдалы қазбалар кең орындарын барлау - 36 ЖОО арасында 5 - орын, Қазақ тілі және әдебиеті – 36 ЖОО арасында 6 - орын иеленді.
Төрт жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан рейтінг қорытындысы бойынша ЖОО арасында Yessenov University білім беру бағдарламалары үздік деп бағаланды.
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжинирг университетінің барша профессор - оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен білім алушыларын жұмыс берушілерді тарту арқылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өткізген бағалау қорытындысындағы жетістіктерімен қуана құттықтаймыз! Алдағы уақытта да осындай рейтингте жоғары көрсеткіштерге жете беруге тілектеспіз! Еліміздің дамуындағы және болашақ мамандар дайындаудағы елеулі еңбектеріңізге әрқашан сәттілік пен табыс тілейміз!

Суйеуова Набат Базархановна
Ш. Есенов атындағы КТИУ, Ақтау қаласы
6 460
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Оқу жылын ұзарту жөніндегі ұсыныстар туралы
Оқу жылын ұзарту жөніндегі ұсыныстар туралы
Осыған дейін 2021 жылғы тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша министрлік Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясына оқушылардың жүктемесін азайту шараларына қатысты, тиімді оқу жылының ұзақтығын анықтау, білім беру ұйымдарында еңбекақы
Мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі
Мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі
Осыған дейін мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі жайында пост жариялағанмын. Ондағы талаптардың бірі - педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандарға міндетті біліктілік тестілеуден өту.
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева қазір Нұр - Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік ғылым апталығына қосылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және елордадағы NIS - тің химия пәні
CASPIAN STARTUP – 2021 «Жаңаратын энергия көздері»
CASPIAN STARTUP – 2021 «Жаңаратын энергия көздері»
Үшінші CASPIAN STARTUP пандемияға байланысты құрамдас форматта өтеді, тіркелу мен іріктеу кезеңдері онлайн форматта ұйымдастырылып, он үздік финалистер өз жобаларын әділ қазы алқаларының алдында қорғайды деп жоспарлануда.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.