Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ұстаз болу – жүректің батырлығы... Ұстаз болу – адамның асылдығы

07 наурыз 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Білім

Ұстаз болу – жүректің батырлығы... Ұстаз болу – адамның асылдығы
 
Жас ұрпакты тәрбиелеуші – ұстаз - оқытушы болмысына лайықты бола білу кез - келген адам қолынан келе бермейді. Себебі, жоғарыда айтылған ізгі қасиеттерді тұла бойына жиған талапты да талантты ұстаз болу жаратылыстан, адамдықтан бастау алатыны даусыз.
«Ұстаз - оқытушы» деген ұлағатты ұғымға сипаттама берген ұлыларымыздың қанатты сөздеріндегідей үлкен жауапкершілік жүктейтін киелі мамандық иесі болу оңай ма?!...
Осы орайда әлемнің екінші ұстазы атанған, әйгілі ойшыл, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл - Фарабидің нағыз ұстаздың басқалардан биік бейнесі сипатталған мына бір түйіні ойыма оралады. Онда былайша айтылған: Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ,...., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек...


Сонымен қатар, өз қызметтерін абыройлы, алаңсыз атқару үшін ұшқыр ой, ашық көз, алғыр зейін, ояу көкірек қажеттігі де сөзсіз.
Бүкіл саналы ғұмырын жоғары оқу орнында білім беру саласына арнаған, білімі мен біліктілігін іспен дәлдеген Есенов университетінің ардагері, "Энергетика және көлік" кафедрасының кауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Айсаев Сатжан ағайды сондай оқытушы - ұстаз десем кателеспейтін сияқтымын. Сатжан Ушканбаевич – ұла­ғатты ұстаз, шебер оқытушы ғана емес, мол тәжі­рибесін әріптестерімен бөлісе білетін, ізбасарларына үйретері көп тағылымды жан.
«Сабақ бергенде үш нәрсені жетік білуіңіз керек: сіздің пәніңіз, сабақты кімге өткізесіз және тақырыпты қандай талғампаздықпен жеткізу керек» деген талаптарды ұстанған ол ғылым, білім және тәрбиені болмыс - тұрмыспен ұштастырып, әрбір ойын дәлелді жеткізіп, тақырыпты жан - жақты түсіндіруге тырысады.
Сатжан ағай білімалушыларға тек мамандық бойынша білім берумен ғана шектелмей, әрбір студенттің бойына адамгершілік, мәдениет, тәрбие, әдет - ғұрып негіздерін сіңіру, яғни рухани дамуына көп көңіл бөлетінін ерекше атап айтқым келеді.

Суйеуова Н. Б., аға оқытушы,
Есенов Университеті
7 342
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Жаңашыл ұстаз - болашаққа жол сілтер ақылшы
Жаңашыл ұстаз - болашаққа жол сілтер ақылшы
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық мамандығын таңдағаныма жиырма жылдан аса уақыт өтседе еш өкінген кезім болмапты. Өйткені, балалар әлемі құпияға толы.
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
2020 жылдың 30 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман»
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Каждый учитель родом из ученика
Каждый учитель родом из ученика
В первый день учебного года на всех Интернет платформах автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» начался новый проект, посвященный учителям, — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар».
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Қандай бизнес ашуға болады? Бизнес - идеялар
Қандай бизнес ашуға болады? Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.