Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жаңашыл ұстаз - болашаққа жол сілтер ақылшы

20 тамыз 2021, Жұма
Категориясы: Білім
«Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға
қарыздармын, ол ұстазым - Аристотель».
Ескендір Зұлқарнайын

Жаңашыл ұстаз - болашаққа жол сілтер ақылшы
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық мамандығын таңдағаныма жиырма жылдан аса уақыт өтседе еш өкінген кезім болмапты. Өйткені, балалар әлемі құпияға толы. Мен өзім «Әр бала - дарынды» принципін басшылыққа алып келемін. Заман талабына сай мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған жаңартылған білім мазмұнында берілетін курсқа қатысқан күннен бастап, өзімнің дұрыс бағытта жұмыс жасап жүргенімді түсіндім. Сол курстан алған білімімді, өз тәжірибемде іске асырып, саналы ұрпақты дайындауға үлес қосынымды ойлағанда, кеудемді қуаныш кернейді. Әртүрлі оқу тәсілдерін пайдалана отырып, оқушы алдындағы неше түрлі проблемаларды шешуіне жол көрсету арқылы, оқушының танымдық деңгейінің өсуіне жағдай туғызамын. ХХI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс және инновациялық технологияларымен ерекшеленеді. Сондықтан ой - өрісі дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімді азаматты дайындау, әрине ұстаз міндеті. Ұстаз - білім беру жүйесінің негізі болғандықтан, үнемі ізденіс үстінде және сауаттыда білімді болуы шарт. Мұғалім әр сабағында нақты мақсат қойып, нәтижеге жету үшін, оқудың белсенді әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы, әр оқушының тақырыпты меңгеруіне қолайлы жағдай жасауы қажет. Блум таксономиясының жеті модулінің бұған қосар үлесі мол. Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, бірін - бірі оқыту қағидалары оқушыны алға тартып, бірін - бірі және өзін - өзі бағалауға қадам жасауға жетелейді. Елбасы Н. Назарбаев: «Ұстаздың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру қажет: құрлымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық - педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті - білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру - адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.
Өзімнің еңбек еткен жолымда көптеген оқушыларымның білім шыңынан көрінген сәттері есіме түскенде, өзімді бақытты жандардың қатарынан сезініп, алдағы уақыттада сондай оқушыларды тәрбиелеуге құштарлығым оянады. Соңғы бес жылды алатын болсам менің оқушыларым, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде өткен конкурстар мен олимпиадалар жеңімпаздары атанды. Атап айтсам, Қазахстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25жыл: БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР» атты балалар мен жасөспірімдердің Республикалық конкурсының «Математика» бағытына ұсынған төрт жұмыстың төртеуіде жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 10 класс оқушылары Мамбеталина Айдана мен Шабақова Жазық 1 - ші дәрежелі дипломға, ал Қуанышбаева Нұрраушан мен Нағыметов Әліби 2 - ші дәрежелі дипломға ие болды. 2018 - 2019, 2020 - 2021 оқу жылдарында көптеген оқушыларым «Дарын» Республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ак бота» интеллектуалды марафонында 1, 2, 3 - ші орындарды иеленді. Ал халықаралық деңгейде «БІЛГЕН» пәндік олимпиада ІІ орын, 11 класс оқушысы Амангельдиев А және 6 класс оқушысы ІІ орын Жалгасбаев Е, Халықаралық суденттермен жоғарғы класс арасында өткен «Математикалық ринг» олимпиадасында 1 - орынды Шабақова Ж, 3 - орынды Мамабеталина А иеленді. Көптеген оқушылар қашықтық олимпиада КИО, НИО, т. б. жүлдегерлері.
Өз жетістіктеріме тоқтала кетейін. Әдістемелік нұсқаулық «Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру», электронды орта «Математика әлеміне саяхат», 2016ж, «Әдіскер жаршысы» №3 «Квадрат теңдеулерді шешу» 2016ж. (мақала), Республикалық ғылыми - практикалық конференция «Полимәдени білім беру кеңістігін құрудағы полимәдениеттілік түсінігі», Диплом №86 «Әдістемелік әзірлемелер» республикалық конкурс І орын, Диплом №30196 2017ж. Республикалық қашықтық олимпиада ІІ орын,. Диплом №Т - US538041186 2018ж. «Математика ғылымдар патшасы» Республикалық Блиц – Турнир ІІ орын, Алғыс хат 2017ж. «25 жыл: Бір ел - Бір тағдыр» Республикалық конкурс, Сентябрь және желтоқсан 2020ж өткізілген республикалық «Математика – ғылымдар патшасы» блиц турнирінің 1 - орын жеңімпазы, 18. 01. 2020 Республикалық пәндік олимпиада 1 - орын, «Озат педагог» төсбелгісі, және сонымен қатар халықаралық деңгейде «Мақсат» журналы №3 «Тригонометриялық теңдеулер» 2016ж., ХХVІ Халықаралық ғылыми - практикалық конференция «Математика сабағында жоғарғы белсенділікті дамыту әдісін пайдалану тиімділігі», тақырыбында мақалалар мен сабақ жоспары жарық көрді, «Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття в краінах Европи та Азіі» атты конференцияғада қатысып, өз үлесімді қостым. М. Ломоносов атындағы ХХ турнирдің математика пәнінен ІІІ дәрежелі лауреатын дайындағаны алғыс хат пен куәлікке ие болдым.
Заман талабына сай оқыту үрдісінің жаңа әдістерін әр мұғалім сабақ барысында қолдануы қажет. Күнделікті сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің өз білімін жетілдіріп отыру өте маңызды үдеріс. Педагог кадрлардың біліктілігін курсының ұсынған модульдерінің ішіндегі мен үшін ең маңызды модульді сын тұрғысынан үйрету. Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып, 1999 - 2000 оқу жылдарынан бастап М. М. Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы» бағарламасының 7 этапын аяқтап, республика көлемінде ашық сабақтар мен коференцияларда баяндама, сонымен қатар Халықаралық математиктер конференциясына қатысып «Модульдік оқыту технологиясы» тақырыбына баяндама жасап жинаққа ендім. КБАРИ педагогикалық зерттеу орталығының өз бетінше тренинг сабақтар өткізуге құқығын растайтын сертификат пен және алғыс хатпен марапатталдым. Сол жылдардан бері, осы технологияның элементтерін сабақта пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтары мен танымдық қабілеттерін арттырып келемін. Сабақ барысында белсенділігі төмен оқушылар өз деңгейіндегі тапсырмалармен жеке, жұптасып, топпен де жұмыс жасап отыру мүмкіндігіне ие болады.
Біздің мақсат - оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, өз ойлары мен дәләлдемелерін нақты жеткізе алатын, ойға жүйрік, бәсекеге қабілетті жан - жақты жетілген тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.

Қамысбаева Қадиша №22 ЖОББМ математика пәні мұғалімі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің
жүйелік әкімшісі Гаухар Камысбаева
2 149
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының емтихандарында елордалық NIS түлектері ең жоғары көрсеткішке ие болды
Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының емтихандарында елордалық NIS түлектері ең жоғары көрсеткішке ие болды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері мектепке қуаныш пен мақтаныш үшін себептер сыйлауды жалғастыруда!
Еңбек процесіндегі қашықтықтан жұмыс істеудің құқықтық негіздері
Еңбек процесіндегі қашықтықтан жұмыс істеудің құқықтық негіздері
Соңғы жылдарда әлемдік жұқпалы дерттің әсерінен мыңдаған ұйымдар қашықтықтан жұмыс істеуге жаппай көшуге мәжбүр болды. Дегенмен, болашақта да кейбір ұйымдар, пандемия жағдайынан кейін де еңбек процесінің қашықтықтан жұмыс істеу тәсілін әрі қарай
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды
Жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды
Қазан айының басынан электрондық үкіметтің жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды. Қосымша мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетті, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет».
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
Биыл Сулейман Демирел университеті мектеп бітіруші түлектерге арналған SPT олимпиадасын ұйымдастырып жатыр. Негізгі мақсаты – еліміздің түкпір - түкпіріндегі дарынды балаларды анықтай отырып, оларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында алдын ала грант
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.