Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

18 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру бойынша тегін курстардан өтті

07 қыркүйек 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
18 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру бойынша тегін курстардан өтті
Құрметті педагогтер, өздеріңіз білетіндей, біз пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстарды өткізуді жалғастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 18 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті.
Жалпы «Өрлеу» орталығы арнайы әзірленген курстар бойынша 40 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.
Сандарды сөйлетсек:
- бір айдың ішінде 700-ге жуық курс өткізілді;
- 18 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті;
- бүгінгі күні 5 мың педагог оқып жатыр;
- «Өрлеу» орталығының 70-тен астам маманы 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірледі.
«Кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін ұстаздар санының жыл санап артып келе жатқаны қуантады. Мұндай курстар ұстаздар жұмысының сапасына да, білім сапасына да, жалпы оқушылардың біліміне де оң әсер ететінін түсіну маңызды», - деп атап өтті «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.
Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан тегін өте алатынын естеріңізге саламыз. Курстар қараша айының соңына дейін жалғасады.
Курстың соңында оқытудың тиімділігіне талдау мен мұғалімдердің алған біліміне қорытынды бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ мұғалімдер міндетті түрде тест тапсыруы керек. Барлық бөлім бойынша шекті балл жинаған мұғалімдер сертификат алады.
4 176
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі
Мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі
Осыған дейін мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі жайында пост жариялағанмын. Ондағы талаптардың бірі - педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандарға міндетті біліктілік тестілеуден өту.
Microsoft - тың IT дағдыларын дамыту бойынша ғаламдық бағдарламасы мыңдаған қазақстандықтарға актуалды мамандықтарды игеруге көмектеседі
Microsoft - тың IT дағдыларын дамыту бойынша ғаламдық бағдарламасы мыңдаған қазақстандықтарға актуалды мамандықтарды игеруге көмектеседі
6 желтоқсан күні IT дағдыларды дамыту бойынша ғаламдық бағдарлама іске қосылады, оның мақсаты қазақстандықтардың цифрлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Қазақстанда бағдарламаның ұйымдастырушылары мен серіктестері Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім NIS-те педагог пен ЖИ ынтымақтастығы талқыланды
Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім NIS-те педагог пен ЖИ ынтымақтастығы талқыланды
«Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» дөңгелек үстел форматындағы екінші кездесуге мыңнан астам педагог қосылды Жасанды интеллект білім саласына қалай әсер етеді? Оқу процесінде мұғалімнің рөлі өзгере ме?
NIS - те «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талқыланды
NIS - те «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талқыланды
Еліміздің барлық аймағынан мыңнан астам педагог қосылған NIS дөңгелек үстелінде «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талданды.
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
2020 жылдың 30 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум (on - line) өткізеді.
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.