Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

NIS - те «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талқыланды

19 сәуір 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
NIS - те «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талқыланды
Еліміздің барлық аймағынан мыңнан астам педагог қосылған NIS дөңгелек үстелінде «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талданды.
Білім беруде жаңа жағдай орын алды ма және оған қандай факторлар ықпал етті? «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова баяндамасын қағидатты сұрақтарға жауап беруден бастады.
Американдық футуролог Элвин Тоффлер «21 ғасырда сауатсыз адамдар оқу мен жазуды білмейтіндер емес, оқуды, үйренуді және қайта оқуды білмейтіндер болады» деген еді. Шынында да, бүгінде жаңа технологиялар білім беру қажеттіліктерін өзгертуде, ал болашақ сілкіністер мен белгісіздіктерге қарсы тұру арқылы қалыптасады. Білім беру цифрлық трансформациядан өтеді, ол цифрлық білім беру инфрақұрылымын және цифрлық оқу - әдістемелік материалдарды, цифрлық бағалауды қоса алғанда, құралдар мен сервистерді дамытуды, сондай - ақ, оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа модельдерді әзірлеуді және таратуды көздейді, – деп атап өтті Күләш Ноғатайқызы.
NIS - ке Англиядан білім беру саласындағы ең беделді ғалымдардың бірі, балалардың бақыты мен игілігі жөніндегі сарапшы Энди Коуп қосылды. Және ол бірден революцияға шақырды:

– Бірақ бұл радикалды революция емес Мен сізді Парламентке баруға және өзгерісті талап етуге шақырмаймын. Мен бейбіт революцияға шақырамын, ол – бақыт пен игілік төңкерісі. Революция жасау үшін мен қазіргі білім беру өзгеруді қажет ететінін дәлелдеуім керек.
Осы орайда тағы бір қисынды сұрақ туындайды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинованың баяндамасы мұғалімнің турбуленттік дәуірдегі миссиясы атты өзекті мәселеге арналды:
– Профессор Харгривстің пікірінше, пандемия ұсынған маңызды сабақтардың бірі – мұғалімдердің өзгерістерге қаншалықты тез бейімделіп, тәжірибесін қайта құра алатындығы. Біз дәстүрлі мектептер бізге әрқашан қажет болатынына, ал мұғалімнің рөлі кез - келген өзгеріске қарамастан ауыспайтынына көз жеткіздік.
Светлана Багитовнаның пікірін Литвадан қосылған белгілі ғалым, Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің сарапшысы Дарюс Радкявичюс жеке тәжірибесімен қолдады:
– Қашықтан оқыту кезінде оқушы нені жоғалтады? Мұғалімнің сиқырлы беделі: әкенің айтқаны – таласты да даулы, ал мұғалімнің сөзі – бұл шындық. Тікелей қарым - қатынас пен байланысты көзбен алмастыруға болмайды. Оқушы тағы не жоғалтады? Ең бастысы – топтық жұмыс барысындағы жаңаны тану қуанышы, бір - бірін шабыттандыратын энергия, бірлескен саяхаттар мен мерекелер. Мұғалім нені жоғалтады? Бұл esprit – жаныңыздан қуанышқа толы балаларды және олардың жарқыраған көздерін көрген кездегі жан мен ақылдың шынайы резонансы, дидактикалық шабыт.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қожаберген жырау атындағы орта мектеп директоры Бауыржан Мұсабаев пен Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық №1 мектеп - гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Нұргүл Абдуллаеваның пандемия сабақтары мен қашықтан оқытуды енгізу туралы баяндамалары педагогтердің ерекше қызығушылығын тудырды. Орал қаласындағы Д. Қонаев атындағы мектеп - гимназиясының мұғалімі Айжан Жанатова литвалық спикер секілді, бірінші кезекте балалардың оқуға деген ықыласын жоғалтпау, кері байланыс орнату және оқушыларды эмоционалдық күйзеліс пен сенімсіздік жағдайында қалай ынталандыру керектігі туралы жеке тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің көптеген қатысушылары күн тәртібімен танысып, нақты спикерлерге қосылды. Білім беру бағдарламалары орталығының талдау, зерттеу және жобаларды басқару бөлімінің меңгерушісі Самат Кальменов цифрландыру мен постковидтік оқытуды таңқаларлық инновация мен жаңа мүмкіндіктер ретінде талдады, сонымен қатар оқу бағдарламаларын қайта қарастыру кезінде нені ескеру қажеттігін ой елегінен өткізді. Педагогикалық өлшемдер орталығының директоры Айдана Шилибекованың баяндамасы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы – жаңа жағдайдағы бағалау мен оның болашағына арналды.

Көптеген педагогтар үшін балаларға достық шырайлы және қауіпсіз орта құру жаңа тақырып болды, әлемдік білім берудегі басты трендтердің бірін оқушылардың игілігін қалыптастыру департаментінің директоры Динара Уалкенова талдады.
Дөңгелек үстел кәсіби ой талқыға қосылған Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептердің мыңдаған мұғалімдері үшін табысты тәжірибе болды. Мұғалімдердің басым көпшілігі Зияткерлік мектептермен әртүрлі серіктестік жобалар біріктіретін орта мектептерде жұмыс істейді. Бұл Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша «Ауыл мектебі: powered by NIS», Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы бойынша «Біз біргеміз», «Global Teacher Prize 2021» амбассадоры Динара Бейсембаеваның жобасы бойынша Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының С. Сейфуллин атындағы орта мектебі және өзге де көптеген мектептер.
Барлық педагогтер білім берудегі жаңа жағдай туралы кәсіби рефлексияның және әрбір мектеп үшін пандемия форматындағы басты үрдістерді анықтаудың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.
Пандемия сабақтары жөніндегі дөңгелек үстел – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған NIS мерейтойлық жобасы аясындағы әлемдік білім берудегі стратегиялық трендтер бойынша дөңгелек үстелдер сериясының алғашқысы болып табылады.
900
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева қазір Нұр - Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік ғылым апталығына қосылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және елордадағы NIS - тің химия пәні
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Алан Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.