Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым

07 қаңтар 2021, Бейсенбі
Категориясы: Қоғам
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы – еліміздегі саяси­ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қа­былданатын тарихи бағдарламалық құжат болып табылады. Бұл «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт бөлімнен тұратын мақалада Мемлекет басшысы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді, бағындырған белестерімізді үш кезеңге бөліп, ашық талқылай отырып, күрмеуі қиын мәселелерді еңсеру жолдары туралы кемел ойларымен бөліседі. Еліміздің әлеуметтік - экономикалық әл - ауқатын көтеруге бағытталған биылғы пандемиялық қиын кезеңде бұл мақала өзгеше пішінде өтуімен ел назарын аударды. Аталған мақалада экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, білім сапасын жақсарту, мемлекеттік тіл, жер, мәдениет, экология салалары, жастардың тәлімді тәрбиесі сияқты еліміз үшін маңызды мәселелер көтерілді. Бұл мақала осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын.
Президентіміз тарихымызды танып, қастерлеу, дәріптеу қағидаға айналу керектігін айтып өтеді. Қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге таныту – ұрпақ алдындағы міндет болып саналады. «Шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынамын» деуі төл тарихымыздың жаңғыруына жол ашылмақ. Демек, осы бағытта жарқын жобалар жүзеге асуы тиіс деп санаймын. Яғни, еліміздегі тарихи - мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу болып табылады. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегі бола алады.
Осы бағытта әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын шетелдік студенттерге ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс - шаралар өткізіліп отырады. Кафедраның мақсаты заманауи Қазақстанның тарихын, мəдениетін, тілін əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру, өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық салт - дәстүрімізді, әдет - ғұрпымызды, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы шара және қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге танытудың бірден - бір жолы.
Халқымызды болашақ ұрпағының жарқын келешегі үшін еңбек етуге шақырған әлеуметтік - тәрбиелік саяси мәні зор Президент мақаласын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын - тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі әрі жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
 кафедрасының меңгерушісі
4 689
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Кемел білім биігіне талпыну
Кемел білім биігіне талпыну
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел -
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.
Бұл қызметтегі өсу ғана емес, белгілі бір жетістіктер үшін берілетін ақшалай сыйақылар немесе грамоталар мен төсбелгілер болуы мүмкін. Тіпті жұмыстың сапалы орындалғаны үшін басшылық тарапынан айтылатын алғыстың өзі үлкен мотивация береді.
2020 жылғы 30 қыркүйек «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар - кеңес өткізеді
2020 жылғы 30 қыркүйек «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар - кеңес өткізеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылғы 30 қыркүйек күні онлайн режімде «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар - кеңес өткізеді.
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Банктен несие (кредит) алу дұрыс па?
Банктен несие (кредит) алу дұрыс па?
Банктен несие аламын деген ойыңыз бар ма? Пайызға ақша алу дұрыс па деп ойланып жүрсеңіз осы мақаланы оқыңыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.