Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Маңғыстау облысы бойынша курс тыңдаушыларының шығыс сауалнама нәтижесі бойынша тиімділікті бағалау

05 желтоқсан 2023, Сейсенбі
Категориясы: Білім
Маңғыстау облысы бойынша курс тыңдаушыларының шығыс сауалнама нәтижесі бойынша тиімділікті бағалау
Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты 2023 жылдың қорытындысы бойынша 96 мемлекеттік курс өткізіп, барлығы 2400 тыңдаушы біліктілік арттыру курстарынын өз біліктілігін арттырды. Соның ішінде шығыс сауалнамаға қатысқандар 2383 тыңдаушы немесе 99, 3%- ы құрады.
Мектепке дейінгі білім беру бойынша барлығы 19 курс өткізіліп, 459 тыңдаушыны қамтыды, шығыс сауалнамаға қатысқандар 451 немесе 98, 3%.
Орта білім беру ұйымдары бойынша 77 курс өткізіліп, 1941 тыңдаушыны қамтыды, шығыс сауалнамаға қатысқандар 1932 немесе 99, 5%.
Орта білім беру бойынша БА курстарына қатысушылар курстың мазмұны мен ұйымдастыру сапасын жоғары бағалады. Курстардың мазмұнына жалпы қанағаттанушылық 10 балдан 9, 87 балды құрады.
Ал оқу материалдарының сапасын курсқа қатысушылар 9, 81 балмен бағалаған.
Курстың мазмұны мен ұйымдастырылуымен қатар, тыңдаушыларға оқытушы жұмысының сапасын бағалау ұсынылды. Атап айтқанда, оқытушының курс мазмұнын меңгеруі, педагогикалық шеберлігі мен оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру деңгейі.
Курс тыңдаушылары филиал оқытушыларының жұмысын:
курс мазмұнын меңгеру деңгейі бойынша: «өте жақсы» – 94, 9%, «жақсы» – 4, 7%, «қанағаттанарлық» – 0, 4%.
оқытушының педагогикалық шеберлік деңгейі бойынша: жоғары – 97, 5%, орташа – 2, 0%, «қанағаттанарлық» – 0, 4%
оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру деңгейі бойынша: «өте жақсы» – 91, 1%, «жақсы» – 8, 4%, «қанағаттанарлық» – 0, 5% деп бағалады.
Тыңдаушылардың оқу процесіне қатысу деңгейі бойынша:
«өте белсенді қатысты» – 90, 9%, «орташа белсенділік танытты» – 8, 3%, «аз белсенділік
танытты» – 0, 8%, «пассивті тыңдады» – 0, 1%- ы құрады.
Қысқамерзімді біліктілік арттыру курстары тыңдаушыларының ұсыныстары мен пікірлеріне талдау
Шығу сауалнамасы сұрақтарының бірі ашық сұрақ болып табылады, онда тыңдаушылар біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін арттыру бойынша өз ұсыныс - тілектерін білдіруге мүмкіндік алады. Педагогтердің басым бөлігі курс сапасына қанағаттанушылық сезімін білдіріп, алғыс сөздерін айтты. Тыңдаушылардың көпшілігінің ұсыныс - пікірлері төмендегідей:
курстардың жиілігін немесе ұзақтығын өзгерту;
жас мамандарды курсқа жиі тарту;
МДББҰ әдіскерлеріне, психологтерге, логопед - дефектологтерге, сурдопедагогтерге, музыка жетекшілеріне арналған курстарды жиі өткізу;
әдістемелік көмек;
өткізілген курс бойынша оқу - әдістемелік құралдар шығару;
жекеленген тақырыптар бойынша курстар мен семинарлар өткізу (Python, Lesson study технологиясы, PISA, АВА терапиясы және т. б.);
заманауи бағыттағы құндылықтарды дамыту бойынша, педагогтердің цифрлық сауаттылықтарын арттыру курстарын ұйымдастыру;
олимпиадалық есептер, қиын есептер, логикалық есептер шығаруға арналған курстар ұйымдастыру;
тәжірибелік көмек көрсету мақсатында жүрмелі сабақтар, семинарлар, коучингтер, конференциялар ұйымдастыру;
бағдарламада тәжірибелік сабақтардың көбірек болуы;
практикалық, лабораториялық жұмыстарды көбейту;
материалдық - техникалық базаны жақсарту.
Қорытынды:
Шығыс сауалнамасы тыңдаушылар үшін өзінің кәсіби қызметін сараптауға мүмкіндік береді немесе өз кезегінде рефлексия қызметін атқарады. Сонымен қатар, соңғы кезде тәуелсіз (анонимді) сауалнамалар оқытушылар мен жалпы институт қызметін, өткізілген курстың сапасын объективті бағалау құралы болғаны қуантады. Бұл бір жағынан оқытушылар мен институттың жалпы жұмысындағы орын алған кемшіліктерді дер кезінде жоюға көмектесіп, курс пен институт рейтингісін көтерілуіне ықпал етеді.
Жалпы, педагогтер оқу үдерісіне толықтай көңілдері толып, біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырғандарына ризашылықтарын білдірді.
Алынған сауалнаманың жауаптарын, ұсыныс - пікірлерін саралай келе, курстарды аяқтаған соң мұғалімдердің кәсіби өсуі байқалады, олардың шығармашылық қабілеттері мен ізденуге құштарлығы артқандығын байқауға болады. Жалпы БА курстарын аяқтағаннан кейін мұғалімдер қанағаттану сезімін сезінеді деп қорытынды жасауға болады.
Алдағы уақытта курс сапасын жақсарту үшін:
Курс бағдарламаларына пәндік олимпиадалық есептерді шешу бойынша тақырыптар енгізу;
тыңдаушыларды зерттей отырып, оларға берілетін тапсырмаларды түрлендіру: жеңілден ауырға қарай, тапсырманы саралай ұсыну;
тыңдаушылармен пікірлесе отырып, бағдарламаның тиімділігіне көздерін жеткізу;
курста көрнекі құралдар пайдалану, курс соңында қажетті материалдар беру (сілтемелер, үлестірме материалдар);

Қожабаева Нұрбибі Игілікқызы,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша
Кәсіби даму институты
мониторингтік қызмет
секторының бас маманы
1 406
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
18 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру бойынша тегін курстардан өтті
18 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру бойынша тегін курстардан өтті
Құрметті педагогтер, өздеріңіз білетіндей, біз пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстарды өткізуді жалғастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 18 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті.
Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы
Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жаңа оқу жылы қарсаңында «Ауыл мектебі» жобасына қатысушы 15 мектеп педагогтеріне онлайн форматта «Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы» атты тамыз кеңесінің секциялық отырысын
Мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі
Мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі
Шын мәнінде, бұл — мектеп директорлары, оқу меңгерушілері, педагогтер және сарапшылармен бірлесе бір жылдан астам уақыт атқарған тынымсыз жұмыстың нәтижесі.
«Мен кітаппен әлемді ашамын» кітапқұмарлар клубы ашылды
«Мен кітаппен әлемді ашамын» кітапқұмарлар клубы ашылды
Президент Қ. К. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында даярланған ҚР БжҒМ - нің "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында облыс мектептерінде ауқымды жұмыстар басталып та кетті.
Мұқағали Мақатаев туғанына - 90жыл
Мұқағали Мақатаев туғанына - 90жыл
Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл толуына орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының кітапханасында «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.