Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді

26 қазан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
9 - 13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ - 2020 “Цифрлық білім беру: “i - Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар - тренингін өткізеді. Семинарға қатысушылар “Кибер педагогика”, “Педагогикалық дизайн”, “Мұғалімдердің эмоционалды интеллектісі”бағыттары бойынша ауқымды ақпарат алады. Атап айтқан жөн, іс - шара еліміздің мектеп, лицей, гимназия және колледж мұғалімдеріне бағытталған. Семинар - тренинг бағдарламасында СДУ оқытушылары “Шет тілін оқытудағы геймификация”, “Онлайн - оқытуды интерактивті ету”, “WhatsApp - ты білім беру мақсатында пайдалану ерекшеліктері”, “Ең жақсы идеялар мен ыңғайлы өмір үшін Кибер - мотивация және лайфхактар” және көптеген қызықты үрдістер туралы айтып береді.
Тренинг аясында қатысушыларға цифрлық әлемнің үрдістерімен байланысты көптеген бірегей және пайдалы ақпарат, сондай - ақ әртүрлі өмірді жеңілдетуге және оны кибер шындыққа жақындатуға көмектесетін платформалар жайлы маңызды ақпарат толығынан беріледі, деген пікірде іс - шара ұйымдастырушылары. Семинар - тренинг бағдарламасы және іс - шараның спикерлері туралы толық ақпарат қосымшадағы бағдарламада көрсетілген.
Айта кету керек, қараша айындағы 36 сағаттық семинар - тренинг”I - Мұғалім” моделі СДУ мен “Өрлеу “БАҰО”АҚ серіктестігі аясында ұйымдастырылған мұғалімдерге арналған үш модульді 80 сағаттық семинар - тренинг сериясының кіріспе бөлігі болып табылады. 20 - сағаттық семинар – тренингтің екінші бөлімі қаңтар айында өтеді. Семинардың қорытынды бөлімі 2021 жылдың наурыз айында өтеді. Әрбір модуль аяқталған кезде қатысушылар тиісті сертификаттарға ие болады. Сондай - ақ, семинар – тренингтің барлық үш модулі сәтті аяқталған жағдайда, “Өрлеу “БАҰО” АҚ және СДУ атынан 80 сағаттық қорытынды растаушы сертификат беріледі.

Сулейман Демирель университеті Кибер педагогика, Педагогикалық дизайн,
Мұғалімдердің эмоционалды интеллекті бағыттары бойынша СДУ Қараша – 2020 аясында «Сандық білім берудегі i - Мұғалім» тақырыбында 36 - сағаттық біліктілікті арттыру онлайн семинар - тренинг өткізетінін жариялайды.
Өткізу мерзімі: 09. 11 - 13. 11. 2020;
Өтетін платформасы: Webex, Moodle;
Ұйымдастырушылар: СДУ, Оқу - әдістемелік орталығы;
Жұмыс тілі: қазақ, орыс тілдері;
Қатысу түрі: онлайн;
Тіркелу сілтемесі: https://tinyurl. com/sdu - webinar - kz (қазақ тобы үшін);
https://tinyurl. com/sdu - webinar - ru (орыс тобы үшін);
Қатысу жарнасы - 5000 теңге, (Корпоративті қатысушыларға жеңілдіктер
қарастырылады);
Байланыс телефоны: +7 (707) 302 - 30 - 31 (WhatsApp)
Instagram/Facebook/Twitter: @sdu_ltс
3 260
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
“i - Teacher: Киберпедагог” құзыреттілігі атты семинар - тренингке шақыру
“i - Teacher: Киберпедагог” құзыреттілігі атты семинар - тренингке шақыру
«Өрлеу БАҰО» АҚ - мен ынтымақтастық шеңберінде Сулейман Демирель атындағы университеті мектеп мұғалімдеріне арналған үш модульді 80 сағаттық семинар - тренингтің i - Teacher жалғасатыны туралы қуана хабарлайды.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Уникальный онлайн семинар - тренинг проведут эксперты СДУ
Уникальный онлайн семинар - тренинг проведут эксперты СДУ
С 9 по 13 ноября на базе Университета имени Сулеймана Демиреля состоится 36 часовой онлайн семинар - тренинг СДУ - 2020 “Цифровое образование: Модель «I - Учитель». Участники семинара получат обширную информацию по направлениям: «Кибер педагогика»,
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.