Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда

27 қыркүйек 2020, Жексенбі
Категориясы: Білім
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Конференция озық технологияның тез дамыған жаһандану үдерісінде әртүрлі мәдениеттердің өкілдерінің арасындағы үйлесімді қарым - қатынас және өзара құндылықтарына төзімділік пен құрмет көретуді дәріптейді. Іс - шара аясында Гонконг, Қырғызстан, Пәкістан, Португалия, Сауд Арабиясы, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттерінен білім саласының белді сарапшылары білім берудегі жаһандық трендер және құндылықтар бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, заман ағымының салдарынан туындаған өзекті мәселелерді ортаға салады. Негізгі мақсат - отандық және халықаралық ғалымдармен ғылыми және кәсіби байланыс орнатып, білім саласындағы жаңа сын - қатерлерге оңтайлы шешім табу. Онлайн конференцияның ашылуында дүние жүзілік ғалымдар қауымдастығының өкілдеріне СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев қошемет көрсетіп, еңбектеріне жеміс тіледі.
- Конференцияның аясында қашықтықтан білім беруге қатысты, пандемия кезінде білім беру ерекшеліктері бойынша маңызды баяндамалар тыңдалады. Нәтижесінде қазіргі таңда туындап тұрған сын қатерлі жаһандық мәселерге оңтайлы шешімдер табылып, олар тәжірибе жүзінде қолданысқа алынуы мүмкін, - деген болжам білдірді СДУ академиялық істер және ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры Давронжан Гаипов.
Жалпы конференцияның бағыты жаһандану дәуірінде жаһандық трендтер және білім берудегі құндылықтар тақырыбы болғандықтан, көбінесе осы саладағы кәсіи орта: ғалымдар, педагог мамандар, зерттеушілер және білім саласындағы индустрия өкілдері де бар. Айта кетсек, қазақстандық «Ұстаз» кәсіби шеберлікті жетілдіру орталығының жетекшісі, Халықаралық Гонконг педагогикалық Университетінен қашықтықтан білім беру немесе ақпараттық комуникация технологиялар саласының сарапшысы пленарлық баяндамашы ретінде қатысады.
Сарапшылар бірқатар өзекті мәселелерді қамтуда, оның ішінде: «Білім беру бағдарламалары және педагогика», «Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер», «Құндылыққа негізделген білім беру», «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану», «Тілдік білім беру», «Білім берудегі көшбасшылық», математика, инженерия, өнер және Қазақстанда аталып жатқан «Әл - Фараби мен Абай мұралары әлемдік руханият кеңістігінде» бағыттары бойынша ойларын ортаға салады.
- Әуел баста конференцияны СДУ кампусында өткізу жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты іс - шара онлайн өткізілуге мәжбүр болды. Осыған байланысты коллоборация мен нетворк жеткілксіз болуы мүмкін, бірақ соған қарамастан, 9 мемлекеттің ғалымдары бір платформада өз ой - пікірлерімен бөлісу, талқылау арқылы бір - бірімен танысу және әр түрлі деңгейде ғылыми жобаларға қатысу, ұсыныстар секілді ортақ ынтымақтастықтар жасай алады, - деген сенімде Давронжон Гаипов.
Конференцияның толық нұсқасы Сулейман Демирел университетінің ютуб арнасында тікелей эфирде келесі сілтеме арқылы шығарылады: https://www. youtube. com/channel/UCAfCFHbt7ooyttq75uC0FuA.
2 761
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
9 - 13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ - 2020 “Цифрлық білім беру: “i - Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар - тренингін өткізеді.
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.