Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек

22 қаңтар 2021, Жұма
Категориясы: Білім
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
NIS оқушылары, ұстаздары мен ата - аналары кезекті «Даналық бейсенбіні» әйгілі «National Geographic» журналының еліміздегі өкілдерімен жүздесуге арнады.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Даналық бейсенбі» жобасы аясында мемлекеттік тілде таралатын тұңғыш шетелдік басылым – «National Geographic Қазақстан» журналының жауапты редакторы Арай Ізбаймен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Тікелей эфирге NIS желісіндегі барлық Зияткерлік мектептерінің оқушылары, педагогтары мен ата - аналары қосылды. Кездесуде Арай Дәулетұлы журналдың оқырмандарға жол тартқан айшықты кезеңдеріне тоқталып, «Пандемия тарихы» туралы ауқымды зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
– Біздің журнал – ғылыми әдебиет. Контенттің 70 пайызы халықаралық зерттеулерге негізделген. Бұл дегеніміз әлемдік соңғы жаңалықтары жайында ауыл балалары шетелдің белді университет студенттерімен бір уақытта біліп отырады. Біздің мақсатымыз – қазақ жастары өз теңінен қалмай, алған ақпараттан ой түйіп, оны бір салаға бағыттай алу, – деп санайды Арай Ізбай.
Әлем үшін өзекті тақырып туралы талдау жасаған отандық журналист адамзатты әбігерге салған қауіпті індеттердің себеп - салдары жайында тарихи ақпарат берді. Сондай - ақ, қатысушылар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта оқушылардың зерттеу жобаларына ақпараттық қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.
– Бұл журнал ағылшын, орыс, қазақ тілінде де барлық НЗМ кітапханаларында қолданыста бар. Мазмұны терең, аудармасы сапалы ресурсқа кез - келген оқырман қол жеткізе алады. Бүгінгі кездесу игі бастамалардың бастауы болатынына сенімдімін. Алдағы уақытта «Туған елге тағзым» өлкетану – зерттеу экспедициясын іске асыруда журнал ұжымымен бірлескен жобаларды жүргізу жоспарда бар», – деп бөлісті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ - ның дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.
Әлемнің 80 - нен астам елінде 40 - қа жуық тілде таралатын «National Geographic» журналы бүгінде 700 миллион аудиторияны қамтиды.

2 680
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
National Geographic Kazakhstan поддержит исследовательские проекты NIS
National Geographic Kazakhstan поддержит исследовательские проекты NIS
Ученики, учителя и родители Назарбаев Интеллектуальных школ посвятили «Умный четверг» казахстанскому представительству известного журнала «National Geographic».
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
NIS Қорқыт Ата атындағы университетке қандай қолдау көрсетпек?
NIS Қорқыт Ата атындағы университетке қандай қолдау көрсетпек?
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өңірдегі Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10В сынып оқушысы Абилова Аружан Қазақстан ұлттық телеарнасының «Жүзден жүйрік» бағдарламасына қатысып, жеңiмпаз атанды.
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS - тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.