Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қорылдаудың адам ағзасына зиян екенін анықтады

11 қыркүйек 2020, Жұма
Категориясы: Денсаулық
Американдық ғалымдар арнайы зерттеулер жүргізіп, қорылдаудың адам ағзасына зиян екенін анықтады. Қорылдау қауіпті ауруға шалдықтырып, дегенеративті ми ауруын, күйзеліс пен инсультті туындатуы мүмкін. Бұл туралы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, Medical Xpress порталы хабарлады.
Белгілі болғандай, қорылдаудың әсерінен бас сүйектері жұқара бастайды. Бұл жұлын - ми сұйықтығының ағып кетуіне әкелуі мүмкін (ликвор ағуы). Осыдан кейін қарттар деменциясына (ақыл - парасаттың кеми бастауына) ұқсас симптомдары белгі беріп, адам содан зардап шеге бастайды екен.
Бұдан бөлек, қорылдау жүрек соғу жылдамдығын бұзады және жалпы жүрек - қан тамырлары аурулары, соның ішінде инфаркт пен инсульт қаупін арттырады. Қорылдау қандағы оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Бұл өз кезегінде бұл миға зиян тигізеді, депрессия, бас ауруын және стресс деңгейінің жоғарылауына түрткі болады.
Сондықтан да дәрігерлер ұйықтағанда қатты қорылдайтын адамдарға қорылдаудың себебін анықтап, тиісті ем қабылдау үшін дәрігерлерге қаралып, бұл әдеттен арылуға кеңес береді.
11 973
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
Жеке куәліктің электрондық нұсқасын eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетуге болады
Жеке куәліктің электрондық нұсқасын eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетуге болады
Жеке куәліктің электрондық түрі құжаттарды рәсімдеу кезінде мысалы, нотариуста жеке куәліктің түпнұсқасын, ауыстыра алады, деп хабарлады"ҰАТ" АҚ.
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Қоғамда несиені мемлекет есебінен жабу жайлы ақпаратты қайдан алатыны жайлы білмейді. Кей қазақстандықтар несиесінің өтелетінін не өтелмейтінін білмей дал болуда.
Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды
Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды
Қаржы министрлігі ақша аударымдарын тексеруге қатысты түсініктеме беріп, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты НҰР - СҰЛТАН, 14 қараша Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.