Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Нұр - Сұлтанда NIS пен PIIMA өзбек агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21 сәуір 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Қоғам
Нұр - Сұлтанда NIS пен PIIMA өзбек агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі директорының орынбасары Амирулло Абдуллаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
PIIMA (Prezident, ijod va ixtisoslashtirilgan maktablarni rivojlantirish agentligi) – Өзбекстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі 2019 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Бүгінде Өзбекстанда төрт президенттік мектеп ашылды: елордасы – Ташкентте, Хиуа, Наманган және Нүкісте.

– Бүгінде біздің стратегиялық әріптестеріміз – Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Кембридж университеті. Біз қазіргі уақытта әлемдік білім беру көшбасшылары ретінде танылған NIS тәжірибесіне қызығушылық танытып отырмыз, – деп атап өтті Амирулло Абдуллаев.
Өзбек делегациясының сәуір айындағы Қазақстанға сапары осымен үшінші мәрте болып отыр. Өткен жолы PIIMA өкілдері NIS жүйесінің тарихымен, ерекшеліктерімен және жетістіктерімен танысты, сондай - ақ Педагогикалық шеберлік, Педагогикалық өлшемдер және Педагогикалық бағдарламалар орталықтарының жұмысындағы басым бағыттарды зерттеді, елордадағы үш Зияткерлік мектепте болды.
Бүгін заманауи инновациялық мектептерді құру үшін өзекті стратегиялық мәселелердің үлкен топтамасы пысықталды. Күләш Шәмшидинова өзбек әріптестеріміздің NIS миссиясы, табысты команда құру және корпоративтік дәстүрлер туралы сұрақтарына жауап берді. PIIMA делегациясы үшін арнайы халықаралық аккредиттеу, тәрбие жұмысы және олимпиадалық қозғалыс, сондай - ақ балаларға достық және қауіпсіз орта құру ерекшеліктеріне егжей - тегжейлі талдау жасалды. Білім беру бағдарламалары орталығында NIS - Programme негізгі қағидаттары мен оның халықаралық мойындалуы талқыланды. Педагогикалық шеберлік орталығында зерттеулерді ұйымдастыру мен педагогтердің кәсіби дамуындағы бизнес - үдерістер, сондай - ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу қызметін жобалау бойынша кейс - сессия талқыланды. Педагогикалық өлшеулер орталығында бағалаудың кешенді жүйесінің негізгі қағидаттары, компоненттері мен рәсімдері, конкурстық іріктеу, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға теңгерімді көзқарас өзбек әріптестеріміздің үлкен қызығушылығын тудырды.
Өзбек әріптестеріміз Назарбаев Зияткерлік мектептерінде алған үздік тәжірибесі ретінде шабыт пен мотивацияны атады. Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова осындай жетістіктерге қалай қол жеткізгені туралы басты сұраққа бір сөзбен жауап берді:
– Жұмыс істедік!
Сапардың екінші күні PIIMA өкілдері Педагогикалық шеберлік, Педагогикалық өлшемдер және Білім беру бағдарламалары орталықтарында инновациялық мектептерді құрудың бірінші кезеңіндегі өзекті мәселелерді пысықтады.
Министрлер Кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі директорының орынбасары Амирулло Абдуллаев Өзбекстанның елдік білім беру жобасы үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті.
Қазақстандық және өзбек инновациялық мектептерінің табысты ынтымақтастығында жаңа кезең өз бастауын алды.
1 809
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
В Нур - Султане подписан меморандум о сотрудничестве между NIS и Узбекским агентством PIIMA
В Нур - Султане подписан меморандум о сотрудничестве между NIS и Узбекским агентством PIIMA
PIIMA (Prezident, ijod va ixtisoslashtirilganmaktablarni rivojlantirish agentligi) – Агентство по развитию Президентских, творческих и специализированных школ при Кабинете Министров Республики Узбекистан было создано в сентябре 2019 года.
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева қазір Нұр - Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік ғылым апталығына қосылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және елордадағы NIS - тің химия пәні
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушылар үшін қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл мүмкіндік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие.
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Алан Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.