Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты

17 қыркүйек 2020, Бейсенбі
Категориясы: Қоғам
«Мен өз ісімді жақсы көремін ...»
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Алан Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Сөз басында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова әріптестеріне тағылымы мол кездесудің қадірлі қонағы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері, дирижерлердің көптеген еуропалық конкурстарының жеңімпазы Алан Бөрібаевты таныстырды. 

Жұлдызды маэстроның кәсіби жетістіктері Қазақстанның музыкалық өнерін елімізде ғана емес, күллі әлемге паш етті. Бүгінде дирижер Осло, Хельсинки, Гамбург, Берлин, Милан, Мельбурн, АҚШ, Корея, Жапония мен Ұлыбританияның филармониялық оркестрлерімен өнер көрсетеді. 
– Әлемнің әртүрлі музыкалық топтарымен бірлесе жұмыс жасауға бейвербалды қарым-қатынас тілі  – музыка тілі көмектеседі, – дейді маэстро.
Кездесу барысында Алан Асқарұлы жиналған онлайн аудиторияға   барша оркестрлары секілді виртуалды әрі шебер дирижерлық ете білді. Оның кәсіби таңдауына ықпал еткен балалық шақтың қызықты оқиғалары, еліміздегі және шетелдегі шығармашылық жетістіктері, опералық өнерінің болашағы, жаңа жобалары, сондай-ақ, Г. Малердің аты аңызға айналған Симфония №8, бірегей қойылым «Мың қатысушының симфониясы» және Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының жаңа нұсқасы – аталғандардың барлығы айрықша талант иесінің жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырды. 
– Классикалық музыка өмірді түсінуге және оған шынайы қуана білуге көмектеседі, – дейді Алан Бөрібаев. Жұлдызды маэстроның өмірлік ұстанымы – «Бастаған ісіңде жетістікке жеткен сайын, жаңа шыңдарды бағындырып, жаңа мақсаттарға қол жеткізгің келеді».
Көпшілікке кең тараған «Шабыт» бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымының елордалық қызметкерлері отандық әйгілі өнер қайраткерлерімен жүздесуге мүмкіндік алатын Педагогикалық шеберлік орталығының табысты жобасы. 
1 786
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды
NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзін - өзі басқару ұйымдарының «NIS оқушыларының проактивті ойлауы VS реактивті ойлауы» тақырыбындағы сегізінші көшбасшылар форумы өз мәресіне жетті.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Вдохновение  Алана Бурибаева
Вдохновение Алана Бурибаева
В рамках программы «Вдохновение» Центра педагогического мастерства прошла онлайн-встреча сотрудников автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» с Аланом Бурибаевым.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.