Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрманғазы Сағырбаев

12 мам 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: "Құрманғазы Сағырбаев"

Орыс мектебінің 11 - сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары.
І. Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбаев.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды халқымыздың атақты күйшілерімен таныстырып, кең даланы күй құдіретімен баураған ұлы күйші - Құрманғазы Сағырбаев туралы толығырақ мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тіл мәдениеттерін дамыту, жазу, сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру. Сөйлем мүшелерін бір - бірінен ажырата білу, сөйлемде дұрыс таба білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Күйші еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелей отырып, білімге, өнерге баулу. Тарихи ұлы тұлғаларымызды мақтан ету, олардың ісіне деген қызығушылықтарын арттыру.
ІІІ. Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, баяндау.
ІV. Сабақтың түрі: дәстүрлі
V. Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазы портреті, күйлері, тірек кесте, үлестірмелі карточка
VI. Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру: 1. 1. Амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру: 2. 1. Д. Нұрпейісова – мазмұнын айту.

2. 2. Сөйлем мүшелері - ереже, жаттығу.
Үй тапсырмасын бекіту: - Дина Нұрпейісова кім?
- Ол қай жылы, қайда туды?
- Оған кім бата берді?
- Оның қандай шығармалары бар?
Тірек сызба бойынша әңгімелеу. Дина Нұрпейісова (тірек сөздер: күйші, сазгер, БҚО, Орда ауданы, бата берді, «Бұлбұл», «Ана бұйрығы» т. б.)
Сұрақ - жауап: - Динаның ұстазы кім?
- Дұрыс, Құрманғазы Сағырбаев.
- Ол туралы не білесіңдер?

VII. Жаңа сабақ: Құрманғазы Сағырбаев.
Сабақтың эфиграфы: «Сағырбаев – сирек кездесетін жан» Н. Савичев.
Кіріспе сөз: Бүгінгі жаңа сабағымыз – азаттықты аңсаған, сол ел тәуелсіздігі үшін соқпаққа басын ұрған, өз елінің, өз ұлтының санасына мәңгі қалған бейне – ол ұлы күйші Құрманғазы.
Күйшінің бір күйі баяу ойнап тұрады:
Серінің селт еткізер жан шырағы, селдетер сеңгірді де бар шуағы. Ғажабы, азабы да күймен бірге, ол біздің ұлы күйші – Құрманғазы.
- Ендеше, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың кейіпкері – Құрманғазы туралы болмақ.
Сабағымыздың мақсаты – Құрманғазы өмірінен мағлұмат алу.
Мәтінмен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп өзім оқып шығамын.(үлестірмелі мәтін)
Жаңа сөздер:
Жастайынан - с малых лет
Құштар болып өсті - увлекался
Өзекті мәселе - актуальная проблема
Азаттық, бостандық - свобода
Жеке тұлға - личность
Көтеріліс - восстание
Жырлады - воспевал
Танылды - признан
1. сөздерді аудармасымен оқу, кезектесіп оқу.
2. сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құру.
3. мәтінді оқу, аудару.
Сұрақтарға жауап беру: - Құрманғазы кім?
- Оның ұстазы кім?
- Алғашқы күйі қалай аталады?
- Ол өз күйлерінде нені суреттеген?
- Құрманғазы неге қарсы күрескен?
- Оның қандай күйлері бар?
- Қанша күйі бар?(60 - қа жуық)
Күйлерін талдау: - Алғашқы күйі –«Кішкентай»(малый). Күйші бұл күйін қазақ халқының батырлары Исатай мен Махамбетке, олар бастаған ұлт - азаттық көтеріліске арнаған.
«Адай»(кіші жүз руы)
«Ақсақ киік»(хромой сайгак)
«Түрмеден қашқан»
Синоним сөздерді табу: Синоним сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құру;
Ұлы - ел, жұрт
Алғашқы - атақты, әйгілі
Халық - тұңғыш
Азаттық - оқушы
Туынды - көңіл бөлген
Назар аударған - шығарма
Шәкірт - бостандық

Деңгейлік тапсырмалар:
1. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Құрманғазы мектеп көрген жоқ, хат танымады, бірақ өмір сабағын тұрмыстан алды.(с. қ. с.)
Қазақтың халық аспаптар оркестрі Құрманғазы атымен аталады.(жай, хабарлы, жақты, толымды, жайылма)
2. Сөз құрамына талдау:
Күйлерін, күйші, домбырашы, Құрманғазыға, шәкірттер, туындыларының, көтеріліске)
3. Сөз тіркесін құру:
Өзекті ---------- ұстазы
Ұлы ------------- бостандығы
Алғашқы ------- мәселе
Халық ---------- құштар
Музыкаға ------ күйші
Тапсырмалар: тақтаға шығып толтыру керек.
Өнері – күйші, сазгер, домбырашы, ірі классик
Күйлері – «Адай», «Ақсақ киік», «Балбырауын»
Неге қарсы күрескен – әділетсіздікке қарсы, халықтың бас бостандығы үшін
Құрманғазы атымен не аталды – Халық аспаптар оркестрі, консерватория, музыка мектебі, көше
Тірек кесте бойынша әңгімелеу: Оқушыларды тақтаға шығарып, Құрманғазыға қатысты тірек кестені толтыртып, әңгімелету.
Топқа тапсырма:
1 - топ: «Құрманғазы»сөзінің әрбір әрпіне сөздер ойлау, сол сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аудару)
2 - топ: «Күйші» сөзін жіктеу
3 - топ: «Домбыра» сөзін септеу
Сабақты бекіту:
Білемін - Құрманғазы Сағырбаев – күйші, сазгер...
Білдім - күйлерін, мұрасын...
Білгім келеді - Құрманғазының ұрпақтары бар ма?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Құрманғазы туралы мәлімет жинап келу.
9 758
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрманғазы
Құрманғазы
Құрманғазының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру, мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Құрманғазы
Құрманғазы
«Құрманғазы» мәтініне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
СҚО, Петропавл қаласы, «№42 орта мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы
Құрманғазы
Құрманғазы
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
Қазақ күйлері мен күйшілері
Қазақ күйлері мен күйшілері
Күй - бұл қазақтың көне заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен ең киелі де қастерлі өнері. Ұлы күйшілер: Қорқыт, Асанқайғы, Қазтуған, Құрманғазы, Дина.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×