Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын әлеміне саяхат

30 тамыз 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: «Ойын әлеміне саяхат» сыныптан тыс іс - шара

1 топ «Болашақ»
Ұраны: Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда
Команданың капитаны
Кошкарова Анастасия
Құрамы:

2 топ «Қырандар»
Ұранымыз «Қырандап ұшып келеміз, жеңіске бізде жетеміз»
Команданың капитаны
Сариев Алишер
Құрамы

Ең алдымен бимен шарамызды ашамыз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестері. Бүгін сіздерді «Дарын» мектеп - лицейі білім ошағына келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!
Бүгінгі өтетін іс - шарамыз «Ойын әлеміне саяхат».
Ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, ойлау қабілетін дамытады, сергітеді.
Ендеше, бүгінгі саяхатымыздың мақсаты. Жас буын өкілдері, құндылықтарын насихаттау оларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сайыс болған соң әділқазы мүшелерін сайлау.
Өзімнің әріптесім Бибігүл Ақантайқызы мен Самал Серікқызын ортаға шақырып, өз орындарыңызға отыруды сұраймыз. Бір адам қонақтардың ішінен өз еріктеріңізбен келулеріңізге болады. Болмаса бір адамды әділқазы мүшелеріне тағайындау.

Сайысқа екі топ қатысады.
Сол топтарды ортаға қошеметпен қарсы алайық.
1 топ «Болашақ» ортаға шақырамыз.
2 топ «Қыраңдар» тобын ортаға шакырамыз.

Үш айналымнан жеті бекеттен тұрады
1- бекет «Ұлттық ойындар»
2 - бекет «Сөзден сөз туады»
3 - бекет «Мақал - мәтелдер»
4 - бекет «Кім шапшаң» /151б. 7т. Атамұра/
5 - бекет «Ұлттық аспаптар»
6 - бекет «Сиқырлы қоржын»
7 - бекет – «Мен бастайын, сіз жалғастырыңыз»

1 бекет: «Ұлттық ойындары» бекетінің тапсырмалары берілген сөздерді екі бағанға бөліп жаз.
Сөздер: қыз қуу, шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, көкпар, бәйге, күрес, тау шаңғысы, асық, суда жүзу
2 бекет.» Сөзден сөз туады» бекетінің тапсырмалары. «Тоғызқұмалақ» сөзінен бірнеше сөз түбір сөз жасау керек.
3 бекет: «Мақал - мәтелдер» бекеті көп нүктенің орнына сөздерді қой.
- Мектеп … білім -....
- Мектеп – білім …
- Мектеп – білім …
Керек сөздер: білім, теңіз, ордасы, таусылмайтын.

4 бекет: «Кім шапшаң» бекетінің тапсырмалары көкөніс пен жемістің суретке екі себетке жинау. Олардың атын атау.
Көкөністер: сәбіз, қияр, қызанақ.
Жемістер: алма, алмұрт, өрік, апельсин, жүзім.
51 беттегі 2 тапсырманы орындау.
Суреттің орнына сөзбен жазып сөйлем құра.
Концертке номер «Күй»
5 бекет: «Ұлттық аспаптар» бекетінің тапсырмасы «Домбыра мен қобыздың суретін екі жерге бөліп жинау».
Домбыра мен қобыз туралы әңгімелеу.
Сөйлемді дұрыс құру.
Домбыра
Домбыра қазақтың көне ұлттық аспабы. Әр үйдің төрінде домбыра тұрады. Құрманғазы, Дина, Жамбыл бабаларымыз домбырада шебер ойнап айтысқа қатысқан.

Қобыз
Қобыз - қазақ халқының ұлттық аспабы. Қобызды Қорқыт ата жасады. Қазір қобызда жас эстрада жұлдыздары ойнайды.

Сөйлем дұрыс құру.
Домбыра, ұлттық аспап, қазақтың.
Қобыздары, жасады, Қорқыт ата, қобызды жасады.
Қобызды Қорқыт ата жасады.

6 - бекет: «Сиқырлы қоржын» бекетінің тапсырмасы.
Қоржында гүлдер болады, әр гүлдің артында тапсырма. Сол тапсырмаға дұрыс жауап берсе, топқа бір ұпай қосылады. Ал егер, дұрыс жауап бермесе, гүл жүргізушіде қалады.
Сұрақтары:
1. Көптік жалғауын ата. Мысалдар келтір.
2. Жылдың төрт мезгілін ата.
3. Төрт түлік малды ата.
4. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады. Көктем айларын ата.
5. Қазақстан спортшыларын ата.
6. Сәлем, мектебім. өлеңін жатқа айт.
7. Бірінші қыркүйек қандай мереке?
Жетінші бекет.»Мен бастаймын, сіз жалғастырыңыз.»

7 - бекет: «Мен бастайын, сіз жалғастырыңыз» бекетінің тапсырмалары.
Екі топқа үйге тапсырма берілген. Қонақтарды қатыстырып бір ойын өткізу 1 топтың капитаны. Мен бір сөзді бастаймын, сол сөздің соңғы әрпінен басталатын келесі сөзді айтып жалғастырасыз. Мысалы: Оқушы, ыдыс, сүт, тос, сабын, нан, нар, раушан.
2-топтың капитаны. Сіздер үшін мына сөзжұмбақ әзірленген. Сол сөзжұмбақты шешу керек.
1. Роза
2. Мать
3. Письмо
4. Школа
5. Дневник
6. Доска

Раушан
Ана
Хат
Мектеп
Күнделік
Тақта
Жүргізуші: Сөз әділқазы мүшелеріне беріледі. Жеңімпаз анықталған соң, сол топта марапаттау, солардың құрметіне бір номер - ән.
6 634
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пішіндер әлеміне саяхат
Пішіндер әлеміне саяхат
Пішіндер жайлы мағлұматтарын пысықтау. Геометриялық пішіндерді салыстырып және ажырата білуді одан әрі жалғастыру. «Жоғары», «төмен» ұғымдарын түсіндіру.
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Факультативтің мақсаты: —Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой - өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Тарих әлеміне саяхат
Тарих әлеміне саяхат
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Шаймерденов Сейтжан Даулетханұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×