Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің жасалуы

12 қараша 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жасалуы
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: зат есімдердің құрамына қарай бөліну түрлерімен таныстыру, зат есімдердің жасалу жолдарымен таныстыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың өздеріне ережелерді шығарту арқылы ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге баулу;
б) тәрбиелік: құрбы - құрдастарымен тату болуға, достастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: слайд, кеспе қағаздары, смайликтер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу. Оқушыларға бағалау әдісімен таныстыру. Әр тапсырмадан соң оқушыларға тиісті смайликтер таратып отыру. ( Қатты қуанып тұрған - өте жақсы, күліп тұрған – жақсы, ренжіп тұрған – қанағаттанарлық)

Үй тапсырмасын сұрау. 118 - жаттығу. Мына сұрақтарға жауап алу.
1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
2. Жалқы есім және жалпы есімдерге мысал келтіріңдер.

Жаңа сабақ. Слайдтағы мына сөздердің жасалуына назар аударту, ерекшеліктерін сұрау.
1. Ағаш. Аға. Ән. Күй. Бала. Дәптер. Жел. Ауа.
2. Қойшы. Айлық. Білім. Күрек. Аялдама. Бастық.
3. Өнеркәсіп. Көкшетау. Ыдыс - аяқ. Қант қызылшасы.

Оқушылардың ойларын жинақтап, толықтырып жаңа сабақты түсіндіру.
Зат есімдер негізгі, туынды, күрделі болып 3 - ке бөлінеді.
Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалған зат есімдер негізгі зат есім деп аталады. Мысалы: кітап, дәптер, адам.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.

Зат есім тудыратын жұрнақтар:
1) есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
- шы, - ші: етік+ші, балық+шы, аң+шы т. б.
- лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік: жақсы+лық, дос+тық, шын+дық т. б.
- ша, - ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т. б.
- шық, - шік: ойын+шық, үй+шік т. б.
- хана, - стан, - кеш: дәрі+хана, кітап+хана, Қазақ+стан, арба+кеш т. б.

2) етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
- ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе т. б.
- ым, - ім, - м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т. б.
- қы, - кі, - ғы, - гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т. б.
- ыс, - іс, - с: жең+іс, айт+ыс, тала+с т. б.
- ық, - ік, - қ, - к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к т. б.
- ыш, - іш, - ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т. б.
- уыш, - уіш: тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш т. б.

Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады.
Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қайнаға, қолбасы, қолқанат т. б.
Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын - ажын, ақыл - айла, ас - су, ата - ана, бала - шаға, әл - қуат, ел - жұрт, жігіт - желең, жауын - шашын, ой - пікір, ой - қыр, отын - су, тері - терсек, ұрыс - керіс, шай - су т. б.
Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ауыл шаруашылығы, балалар бақшасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғамдық еңбек, сары май т. б.

“Орныңды тап” ойыны арқылы сыныпты 3 топқа бөлу. Тақтаға негізгі, туынды, күрделі деп жазып қою. Осы зат есімдерге жататын зат есімдерді оқушыларға таратып беру, әр оқушы тақтаға шығып дұрыс зат есімнің қасына барып тұрады.

1 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 125 - жаттығуда берілген мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар. Зат есімдердің жасалу жолын түсіндіріңдер.

2 - тапсырма. “Қатесін тап” ойыны. Әр топқа кеспе қағаздары арқылы қате жазылған ережелер беріледі, оқушылар қатесін тауып айтады.
1) Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: шұбар ат, сары май, Алматы қаласы.
Күрделі зат есімдер түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Қуаныш, өкініш.
2) Тіркес зат есімдер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: ауылшаруашылығы, күнтәртібі, есепшот.
Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын-ажын, ақыл - айла, ас - су, ата - ана, бала -
3) Есім сөздерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
- ым, - ім, - м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т. б.
- қы, - кі, - ғы, - гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т. б.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған зат есімді негізгі зат есім дейміз.

3 - тапсырма. Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қосып зат есімдерді тауып көрсетіңдер. Қай топ жылдам әрі тез табады?
А Д А М Д О Л І
Т А Й Б И Р А Л
А Р М А Н А Е Г
Қ А С Л Н Қ О Е
М Л Е С І И Ш К

Жинаған смайликтері арқылы оқушыларды бағалау. Жеңген топты анықтау.
Үйге тапсырма: 126 - жаттығу. Берілген туынды зат есімдерге сөйлем құрау.
38 257
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер
Зат есімнің жасалуы. Тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×