Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік күні – ерекше мереке

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Қазақ тілінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік күні – ерекше мереке».
Сынып: 6 сынып
Мақсаты:
1. Білімділік: Тәуелсіздік күні – ерекше мереке тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, функционалдық сауаттылығын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Әрбір оқушының туған елге, жерге, тіліне деген сезімін ояту, оларды ұлтын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, тәуелсіз елін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, қайталау, сұрақ - жауап, ой - пікір білдіру, диалог, монолог, интербелсенді технологияның элементтері, АКТ - нің элементтері, ассоциация әдісі.
Көрнекілігі: видео көріністер, интерактивті тақта, музыкалық бейнетаспалар, Қазақстан картасы, Қазақстан Республикасының рәміздері, карточкалар, альбомдар, суреттер, тақырып бойынша кітаптар.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды сабақтық тілдік ортаға кіргізу. Мұғаліммен оқушылар арасындағы сұхбат.
Бүгін кім кезекші?
Балалар бүгін нешесі? Бүгін қай ай? Бүгін қай жыл мезгілі?
Балалар қыс айларын атаңдаршы?
Бүгін қай күн? ( Балалар жауабын айтады) Бүгін сәрсенбі, Сәтті күн! Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сендер өз білімдеріңді, біліктеріңді бүгін сабақта көрсетесіңдер, бүгін қай бала сауатты жауап берсе «қызыл алмаға» ие болады, жақсы жауап бергендер «жасыл алмаға», орташа жауап бергендер «сары алмаға» ие болады. Сондықтан мен сендерге осы күні сәттілік тілей отырып сендер жақсы білім көрсетулеріңе сенімдімін. (мотивация).

Үй жұмысын тексеру. Грамматикалық тақырып:
Жіктік жалғауларын қайталау
Қазақстан - біздің Отанымыз – тақырыбына (мәтін құрастырып келу, сөздік сөздерді тексеру).
Сөздік жұмысын тексеру: интерактивті тақтада суреттер беріледі, балалар сол суреттің атауын табады.
Мәтін тексеру: үлестірме карточкалары бойынша (ойын түрінде жүргізіледі).

Сенің Отаның қай ел?
Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
Ол қашан сайланды?
Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан қандай мемлекет?
Үй жұмысын қорытындылау, бағалау (смайликтер)

2. Жаңа тақырып.
1. Бейне - таспа (Б. Тілеухановтың «Менің елім» атты әнін тыңдату, тақтада слайд көрсету).
2. Ассоциация әдісі
Мұғалім сөзі: «Балалар, сендер Б. Тілеухановтың орындауында «Менің елім» әнін тыңдадыңдар, слайдтан суреттер көрдіңдер. Осы әнді тыңдағанда, сендердің ойларыңа қандай сөздер келді?» (Оқушылардың тұспалды жауаптары: Қазақстан, менің елім, туған елім, елбасы, рәміздер, тәуелсіздік, егемендік.......).
3. Мұғалім сөзі: Сонымен балалар, осы сөздердің бәрін жинақтай келе 16 желтоқсан қандай күн деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауабы: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

4. Лексикалық жұмыс: Тәуелсіз – деген сөз нені білдіреді? (Орысша оқушы сөздің мағынасын ашады).
Оқушылардың тұспалды жауаптары:
1. Тәуелсіз – деген сөз, мен ойлаймын – бұл еркіндік деген сөз.
2. Тәуелсіз деген - ешкімге тәуелді емес, ешкімге жалтақтамай өз алдына өмір сүру.
3. Тәуелсіз деген – Астанасы, рәміздері, өзінің шекарасы, мемлекеттік тілі бар ел деп білемін.
4. Тәуелсіз – ол бұл елде халыққа қажеттінің барлығы болу керек, мысалы: балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, елдің салт - дәстүрі, мәдениеті, экономикасы мықты болу керек ойлаймын. 5. Тәуелсіз деген – ол менің ойымша менің Отанымның ауасы, суы, орманы, тоғайы, онда өмір сүретін халқымның жақсы жағдайы.
Енді түсіндіңдер ме балалар. Тәуелсіздік сөзінің мағынасын. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздік күні – ерекше мереке». Тәуелсіздік неге ерекше мереке? Осыған, бүгінгі сабақ барысында жауап іздейік,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 427
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Мерекелер
Мерекелер
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тату тұрады. Мен Қазақстанды жақсы көремін.
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі: Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×