Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т. Молдағалиев Бауырлар

05 мам 2016, Бейсенбі
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектеп
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сутбаев Абубакир

Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев Бауырлар
Мақсаты: а) Оқушыларға өлеңді оқыта отырып, тақырыпты ашу, өлең идеясын түсіндіру. Балалардың сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Б) Өлең мағынасын түсіндіре отырып, шығарманы өмірмен байланыстыру, ұлтжандылық сезімін ояту.
В) Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу, өзге елде тұратын бауырларымызды құрметтеуге үйрету.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ, мәнерлеп оқу, талдау, (сөздікпен жұмыс), сұрақ жауап әдісі.
Көрнекіліктер: Т. Молдағалиев портреті, шығармалар жинағы, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй жұмысын тексеру: Н. Сералиев «Аңсау» әңгімесі
1. Н. Сералиев өмірбаяны туралы не білесің?
2. Қария қалаға неге келді?
3. Бала қартты неге үйіне ертіп әкелді?
4. Баланың шешесі қартты қалай қарсы алды?
5. Қарт баланы қалай ойнатты?
6. Баланың шешесі неге ұлына қарттың қасына жатуға рұқсат етті?
7. Кетіп бара жатқан қария неге мекен жайын айтып кетті?
8. Баланың түсіне неге бауырсақтар кірді деп ойлайсың?

Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақта біз ақын Тұманбай Молдағалиев туралы және оның «Бауырлар» атты өлеңімен танысамыз.
Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы, Жарсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді.
Қызметі: Сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
ҚазМҰУ - дың филология факультетін бітірді.
1959 - 1970 жылдары «Пионер» журналында қызмет атқарады.
1970 - 1973жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды.
1973 жылы «Жазушы», «Жалын» журналының бас редакторы болып істеді.
1992 жылы Физули атындағы халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы иегері атанған.
Шығармашылығы: Өлең, поэмалары 40 - тан астам жинақ болып басылып шықты.
1954 ж тұңғыш өлеңі «Украина қызына» жарияланды.
Кітаптары: «Ескерткіш», «Шақырады жаз мені», «Жүрек ояу қашанда»
Әнге жазылған өлеңдері:
«Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің»,«Шақырады көктем».
Ақынның «Бауырлар» атты өлеңі 1992жылы Алматы қаласында өткен Дүние жүзі қазақтарының Құрылтайына орайлас жазылған.
Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты.
Осы өлеңде ақын ағамыз Тұманбай Молдағалиев Қазақ жерінің кең байтақ ұлы екенін көрсетті. Ол кең пейілділігін береке - бірлікке тартуын жан - жақтағы шашылған тарыдай қазақ баласына құшағын айқара ашқан қазақтардың қуанышын жырлайды.
Менің жерім мына жер сенің жерің,
Жарасып тұр сол жерге келулерің.
Осы алқапта сеніңде малың жатыр,
Жайқалып тұр шабылмай егіндерің.

Бекіту сұрақтары:
Өлең неге «Бауырлар» деп аталған деп ойлайсың?
Шетелде жүрген қазақ бауырлар туралы естідіңдер ме?

Сөздікпен жұмыс:
1. Жырақ - елден алыс деген мағынада;
2. Президент - елдің сайлаумен сайланған басшысы;
3. Ақ киіз - ертеде хандарды ақ киізге салып хан сайлаған;
4. Қауқылдасып - әңгімелесіп қуанып қалдық деген мағынада.
Қорытынды: Сабағымызды мақал - мәтелдермен қорытындылаймыз.
1. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
2. Басшысы жоқ ел жетім, Елі жоқ жер жетім
3. Кең болсаң, кем болмайсың.
Сонымен бүгінгі тақырып ұнады ма балалар, түсіндіңдер ме? Өз елімізде бақытты өмір сүрейік әрі шет елде өмір сүрген бауырларымызды әрқашан елге оралуын тілейік. Еліміз гүлденіп көркейе берсін, жұртымызды бүкіл ел мойындасын!

Үйге: Өлеңді жаттап келу.
Бағалау.
28 952
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі
Қазақ өмірінде өзіндіктің өшпестей ізін қалдырып, қазақ әдебиетіне барынша үлес қосып келе жатқан Тұманбай Молдағалиев өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өту.
Т. Молдағалиев «Бауырлар»
Т. Молдағалиев «Бауырлар»
Т. Молдағалиев 1935 ж Алматы облысы, Жерсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді.
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
Ж. Молдағалиев туралы мағлұмат алады. Ар – ұят туралы өлеңнің негізгі идеясын түсінеді. Балалардың ой - өрісінің, сана - сезімдерінің қалыптасуына ықпал етіп, дүниетанымы кеңейеді, білім дәрежесі көтеріледі. Оқушылар адамгершілікке, абыройлы болуға
Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Етістік. (қысқа мерзімді жоспар)
Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Етістік. (қысқа мерзімді жоспар)
Автор шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру, өлеңнің идеясын ашу, патриоттық мәнін ұғынуға бағыттау. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пән бойынша білімдерін кеңейту,
Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»
Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»
Нәсіреддин Сералиев «Аңсау» әңгімесін талдау, шығарманың тақырыбын, мазмұнын аша отырып оқушыларды ауызша өз ойын айтуға дағдыландыру
Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»
Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×