Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың облыстық олимпиадасы (аудандық кезең)

12 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Оқушылардың облыстық олимпиадасы (аудандық кезең)
ІІ тур
Қазақ тілі мен әдебиеті 10 – сынып

1. Қазақ әдебиеті
Мазмұны

«... Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды».

Үзінді Абайдың қай қарасөзінен келтірілген? Бұл қарасөзде не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз.

2. Қазақ әдебиеті
а) Ирония. 2 - 3 мысал келтіріңіз.
ә) Қазіргі жастар поэзиясы.

3. Қазақ тілі
Сұрақтарға жауап беріңіз (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі):
1. Орта түркі дәуірінің Қараханид кезеңіне жататын жазба мұра?
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері; Хорезмидің «Мұххабатнамесі»; Рабғузидің «Қисса - сул әнбиясы»; Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикметі».
2. Шамамен XV ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі аралықта қызмет еткен қазақтың ескі жазба тілі қандай әліпби негізінде болды?
Латын әліпбиі; Араб әліпбиі; Орыс графикасы; Төте жазу.
3. Ресми ісқағаздар стилінің қолданылатын орындарының бірі:
а) Газеттерде;
ә) Зерттеулерде;
б) Сот процесі кезінде;
в) Көркем шығармаларда.

4. Ботагөз; Амангелді сөздері қандай қағидат бойынша жазылған?
а) Айырым қағидаты;
ә) Тарихи - дәстүрлік қағидат;
б) Тарихи қағидат;
в) Фонетикалық қағидат.
5. Тілдегі сан алуан варианттарды талғап - таңдауда аса қатаң талап қойылмайтын әдеби тіл нормасы:
а) қатаң норма;
ә) босаң норма;
б) тілдік норма;
в) әдеби норма.

4. Қазақ тілі
Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз (дұрыс талдаған талапкерге 10 ұпай, әр қате үшін бір ұпайдан шегеріледі):
Бізді Жазылбек ата он қанатты боз үйдің тұсында тұрып қарсы алды. Ол кісі әжемнің атын ұстап, оны қолтығынан демеп, аттан түсірді, есік ашып, төрге шығарды. Жалкенай жеңешем төрге төрт қабат көрпе салып, әжеме әдеппен сәлем қылып, ол кісіні ерекше құрметпен жұмсақ орынға отырғызды. Келген меймандарға деп, бізге арнайы мал сойылып дастарқан жайылды, үйірілген қышқыл тәтті сары қымыз құйылып, мәнді мәжіліс басталды.

5. Тіл мәдениеті
Отанды сүю - иманнан.
Оқушылардың облыстық олимпиадасы (аудандық кезең) жүктеу
6 404
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушылардың математика пәнінен мектепішілік олимпиадасы 5 - сынып
Оқушылардың математика пәнінен мектепішілік олимпиадасы 5 - сынып
Оқушылардың математика пәнінен мектепішілік олимпиадасы 5 - сынып
Қара сөздер. Абайдың жетінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың жетінші қара сөзі
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды.
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон - Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы
Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы
Түйіндеме Мұғалімнің аты – жөні: Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы Туған жылы, күні: 24 шілде 1968 жылы Білімі: Жоғары Бітірген оқуы, жылы “Құрмет Белгісі” орденді А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, 1986 - 1991, 1993 - 1996
Қазақ әдебиетін тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Қазақ әдебиетін тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 8-сынып. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту (аптасына -3 сағат. Барлығы -102 сағат)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×