Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Келешек мамандықтарды таңдау

18 тамыз 2019, Жексенбі
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Келешек мамандықтарды таңдау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықты айқын да сенімді таңдауына бағыт беру.
1. Мамандық типтері, түрлері жайында мәліметтермен бөлісу, болашақ мамандықтар туралы ақпараттар алу;
2. Мамандық таңдауда жауапкершілікке өзін - өзі тануға тәрбиелеу
3. Оқушылардың ой - өрісін жүйелі ойлау, қабылдау қабілеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сәйкес әзірленген слайд, нақыл сөздер, суреттер
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, пікірталас
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру (Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа көңілдерін аудару.)
2. Жаңа сабаққа кіріспе
Еліміздің экономикалық дамуы әлеуметтік ресурстарының көтерілуіне байланысты сондықтан экономикамыздың көтерілуі, одан ары дамуы әр маманның өндірісте өзінің жоғары кәсіби шеберлігін көтеруіне, жаңа технологияны меңгеруіне байланысты. Заман талабы, уақыт ағысы жастарды кәсіби мамандық алуына итермелейді. Қазір, еліміздің экономикасы көтерілген халқымыздың әл - ауқаты, тұрмыс - жағдайы жақсарған кезі. «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, біздің болашағымызда жастар»- Елбасымыз ылғи да жастарға қолдау көрсетіп отырады. Болашақта елімізді өркендетіп, өсіретін де жастар. Қандай мамандық аламын десең де, осындай жауапкершілікті мол сәтте өз қалауыңды дұрыс таңдай білуіңде. Мамандық таңдауда қателеспеу, өмірде өзің қалаған, жүрегіңе жақын, өзіңнің көңілің толатын іспен айналысу адам өмірінде өте маңызды.
3. Пікірталас сұрақтары:
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшелігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
4. Оқушыларға арналған жаднама
Ал, қазір мен сіздерді мамандық таңдау бойынша оқушыларға арналған жадынамамен таныстырып шығайын:
Жадынама:
Мамандық таңдау – маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмыс! Мамандық таңдауда ең бірінші орында қызығушылық пен қабілетіңе, арман – тілектеріңе назар аудару керек, тек содан кейін ғана отбасының салт - дәстүрлеріне, отбасының қызығушылығын ескеріңіздер.
1. Өз қалауыңызбен таңдалған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін отбасы мүшелерімен бірлесіп шешуге тырысыңыз!
2. Болашақ мамандықты таңдау кезінде, материалды жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, сонымен қатар моральдық сезімдеріңізді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыруға тырысыңыз!
3. Болашақ мамандықты таңдау кезінде, таңдалған кәсіпке тұлғалық қасиеттеріңнің сәйкес келу, келмеуін де ескере отырыңыз!
4. Егер мамандық таңдау барысында қарама - қайшылық туындап жатса, психологпен кеңесу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
5. Өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеу адамға зор ләззат береді, оның нәтижесі де мол болмақшы!”
6. Естеріңізде болсын! Балалар ата – ананың таңдаған мамандықтарын салт – дәстүр ретінде жалғастыруға жақын тұрады.
5. Қорытынды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын айтып, қорытынды шығарады.
6. Бағалау
7. Сабақты бекіту
Оқушыларға слайд көрсету
8. Үйге тапсырма: "Мамандығым мақтанышым" реферат дайындау
3 537
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Тақырыпқа байланысаты сөйлеседі және өз ойын жеткізеді. Әр түрлі тақырыптар бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып бағалайды.
Мамандық таңдау сенің болашағың
Мамандық таңдау сенің болашағың
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты айқын да сенімді таңдауына бағыт беру. 1. Мамандық типтері, түрлері жайында мәліметтермен бөлісу, болашақ мамандықтар туралы ақпараттар алу;
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебінде директоры болып қызмет атқарамын және тарих пәні мұғалімі Ақсұлу Хайроллақызы
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Енсегенова Гулжамал
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×