Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Отбасы құндылығы" 5 сынып

03 сәуір 2020, Жұма
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың
тарауы:
2 - бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар»
Мектеп: «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектеп» КММ
Күні: Мұғалімнің аты - жөні: Азез Сайра
Сынып: 6вҚатысқандар:Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:«Отбасылық құндылықтар»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)О6. 2. 5. 1 - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
6. ӘТН2 - екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, ой екпіні, дыбыс екпіні) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.
Сабақтың мақсатыБарлық оқушылар орындай алады:
  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
  • Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, ой екпіні, дыбыс екпіні) сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
  • Жаратылыстың сұлулығы туралы ұғымдары және сөздік қорлары молаяды, екпін түрлерін орынды қолдануды меңгереді.
Бағалау критерийіМәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады;
Екпіннің түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады.
Тілдік мақсаттарОқушылар орындай алады:
Оқушылар Отбасы құндылығы, ынтымақты отбасы, үйдегі алтын адам, жөн - жосығын, тұшымды сөздер, рольдік ойын.
  • Ынтымақты отбасының құндылығын анықтайды.
  • Жаратылыстың сұлулығы туралы ұғымдары және сөздік қорлары молаяды, екпін түрлерін орынды қолдануды меңгереді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: отбасы, отбасылық бақыт, отбасы берекесі, асқар тау, мейірімді ана.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: бата, отбасылық ынтымақ, отбасы берекесі, асқар тау, мейірімді ана.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Отбасы құндылық дегенді қалай түсінесің?
2. Сендердің үйлеріңде қандай отбасылық құндылық сақталған?
Құндылықтарға баулуОқушыларды құрмет, ынтымақтастық, сыйластыққа баулу.
Пәнаралық байланысӘдебиет, өзін - өзі тану.
Тақырып бойынша алдыңғы білімЕл тарихының ұлттық құндылығы туралы білімдерін есіне түсіреді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Сабақтың
басы 10 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу.
«Шаттық шеңбері» құрылып, әр оқушы бір - біріне ыстық лебіз білдіреді.
Қызығушылықты ояту.
«Ой шақыру» әдісі арқылы интерактивті тақтадан бейнеролик көрсету.
«Миға шабу» әдісі бойынша сұрақтар қою.
«Отбасы мүшелері» кластер құрау.
Топқа бөлу:
«Пазл» әдісі.
Бірдей сурет алған оқушы суреттеріне сәйкес топтар құрайды.
«Иесін тап» әдісі.
(1 - Атасының балалары, 2 - Әжесінің балалары, 3 - Әкесінің балалары,
4 - Анасының балалары)
Интерактивті тақта
Кластер


 
отбасы


 
Суреттер
Сабақтың ортасы 25 мин Топтық жұмыс:
1 тапсырма «Отбасылық құндылық»
1 - топ. Көрініс
2 - топ. «Попс формуласы» әдісі.
3 - топ. «Әке мен ана ролі» постер құрау.
4 - топ. Мақал мен мәтел құрастыру.
Дескриптор:
  • Отбасының құндылығын көрсетеді.
  • Әке мен ананың қасиетін анықтайты.
  • Отбасы құндылығын түсіндіре отырып, мысалдармен дәлелдейді. Қорытынды шешім жасайды.
Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ».
2 тапсырма. Оқылым. Жұптық жұмыс.
Оқулықтан «Дастархан» мәтінін оқып, жұппен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады. Сұрақтарын келесі жұптармен салыстырады. Бірінші сөйлемді ой екпіні ережесіне сай бірнеше рет оқып, жұбымен талдайды.
Нақтылау сұрақтары:
1.
2.


Негізгі ақпаратҚосымша ақпаратКөтерілген мәселе



Дескриптор:
  • Нақтылау сұрақтарын құрастырады.
  • Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды.
  • Мәтіннен қосымша ақпаратты анықтайды.
  • Мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау «Үш шапалақ».
3 тапсырма. Оқылым. Топтық жұмыс.
Оқулықтан «Дастарқан» мәтінінен
«Балық қаңқасы» әдісі арқылы дастарқанның қасиетін тауып, дәлел келтіріп, қорытынды жасайды.
Дескриптор:
  • Мәтіннен дастарқанның қасиетін табады.
  • Дәлелдер келтіреді.
  • Қорытынды жасайды.
Қалыптастырушы бағалау «Жұлдызшалар».
«Бес жолды өлең» стратегиясы:
Отбасы 
Маркер, плакат, көрініске керек заттар.
Оқулық
Сабақтың
соңы
5 мин
Қорытынды.
Кері байланыс. «Кеме бояу» әдісімен беріледі.
Жасыл түс - тапсырмалардың бәрін түсініп, сәтті орындаған болса.
Сары түс - тапсырмаларда қиындық кездескен болса.
Қызыл түс - тапсырмаларды орындау қиын болып, басқанын көмегі қажет болса.
Үй тапсырмасы.
«Ата - анам – берік қорғаным» эссе жазу.

Қосымша мәлімет
Саралау
Бейнежазба арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
«Миға шабу» әдісі арқылы тақырыпты ашады.
Топтық тапсырмалар арқылы
« Отбасы құндылығын» дәлелдейді.
Жұмысты талқылай отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
Бағалау
«Бас бармақ»
«Үш шапалақ»
«Жұлдызшалар»
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ - мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


Сабақ бойынша рефлексия
  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?
  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?
  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?
  • Жоспарланған саралау дұрыс іске астыма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?
  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?
Сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындай алды.
Оқу мақсатында қиындықтар
бірнеше оқушыларда кездесті.
Оның себебі, сабақтың басында түсінбей, оқушыларға ілесе алмай отырды.
Сабақ алған мақсат бойынша өз дәрежесінде
орындалды. Жақсы деңгейде өтті.
Жоспарланған саралау іске асты.
Жоспарланған тапсырмалар толығымен орындалды,
Сабақ барысында жоспардан тыс ауытқулар болған жоқ.
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): топтық жұмыс, «Балық қаңқасы» әдісі.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
Саралап оқыту, булм әдісімен оқыту.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
11 006
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екпін кіріктірілген сабақ
Екпін кіріктірілген сабақ
Оқушыларға екпін және оның түрлері туралы білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы тереңдету, екпіннің буынмен тығыз байланысты екендігін ұғындыру, олардың үйлесуі, байланыстығының маңызын түсіндіру;
Екпін, оның түрлері
Екпін, оның түрлері
Екпіннің өзіндік ерекшелігін түсіндіре отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне білдірту, екпін түрлерін ажырата білгізу. Фонетикалық білім дағдыларын қалыптастыру.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Екпін, ой екпіні, сөз екпіні (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Екпін, ой екпіні, сөз екпіні (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Тілдегі сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін
Екпін
Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу
Тасымал. Екпін
Тасымал. Екпін
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×