Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасындағы әке рөлі

17 қараша 2013, Жексенбі
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы әке рөлі
Сабақтың мақсаты: отбасындағы әкенің орнын түсініп, оған деген қажетті қадір - қасиет сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
• мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой - пікірін ауызша - жазбаша тіл арқылы білдіруге дағдыландыру;
• логикалық ойлауын, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
• әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдістері: СТО жобасының элементтері, оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшілер есебін сұрау.
«Молекула - атом» ойыны арқылы 3 топқа бөлу.

I. Қызығушылығын ояту
«Ой қозғау» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушыларға таптыру керек. Тірек сөздер:
отбасы
тірек
бәйтерек
рөлі
басшысы
Иә, дұрыс таптыңдар. Әрине, ол отбасымыздың тірегі – әке туралы болмақ.
1. Әр отбасы шағын мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Бұл мемлекеттің басшысы кім?
3. «Әке» сөзінің мағынасын ашыңыздар?

II. Мағынаны ажырату.
1. «Суретті сөйлет» стратегиясы.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әр топ берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Онда айтылуы тиіс:
1. Кезеңі
2. Қызметі
3. Ұлты
4. Жасы
5. Әлеуметтік жағдайы
«9 - ромб» стратегиясы.

Мақсаты: оқушыларды жинақылыққа, бірізділікке тәрбиелеу.
«Әке туралы» мәтіннің сөйлемдері шашылып берілген, соны ромб формасына салып, маңыздысынан бастап бірізділікпен дұрыс құрастыру.
Әке рөлі
Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз бар.

Дәптермен жұмыс. Мәтіннің ішінен мақал - мәтел, нақыл сөздерді теріп жазып, біреуінің мәнін ашу.
1. Әке — асқар тау
2. Әке — бәйтерек
3. Әке балаға сыншы
4. Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар
атадан кері туар.

III. Ой толғаныс.
1.«Венн диаграммасы» стратегиясы бойынша әр топ бірлесе отырып, әке мен ананы салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып жазу.
Әке Ана
2. «Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша әр топ «әке» сөзіне бес жолды өлең құрастырады. Мысалы: әке
мейірімді, қатал
тәрбиелейді, үйретеді, сынайды
Әке – отбасы тірегі, қорғаны.
Асқар тау, бәйтерек

3. «Жағдаятты шеш». Тренинг «Үлгілі отбасы» Үш оқушыдан құралған топ жұмыс жасайды.
1 - оқушы - Әке рөлінде, ертең жауапты жұмысқа кірісетін болғандықтан бүгін кешке үйінде тыныш демалғысы келеді.
2 - оқушы - үлкен баласы, дәл бүгін кешке өз үйінде достарымен көңілді кеш өткізгісі келді.
3 - оқушы - кіші баласы, бір нәрсеге көңілі алаңдап, өз ойымен әуре болып отыр, оған үлкендердің көмек, кеңес бергенін қалайды. Тренингке 5 - 7 минут уақыт бөлінеді, топтар осы уақыт аралығында отбасындағы кеш қалай өтетіндігіне келіседі.

ІV. Үйге тапсырма: Әр отбасына қатысты «Үш ұйғарым» жазып келу.
V. Бағалау. Әр топ өз қарсыластарын «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.
24 458
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі.
Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі.
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Өзім және отбасым
Өзім және отбасым
Түрлі дерек көздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.
Ж. Кәрменов. Әке тәлiмi
Ж. Кәрменов. Әке тәлiмi
Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді; Оқушылардың сөздік қорлары молаяды, логикалық ойлаулары дамиды.
Әке тәлімі
Әке тәлімі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Жанна Куатовна
Отбасындағы дәстүрлер. Әдеби тілдің нормалары
Отбасындағы дәстүрлер. Әдеби тілдің нормалары
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×