Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз көже

25 сәуір 2012, Сәрсенбі
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Наурыз көже
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс
тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алған «Наурыз» тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсінікті, жас ерекшеліктеріне сай, әрі өздерін қатыстыра отырып түсініктерін қалыптастыру.
Ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту, имандылыққа, тіл мен дініміздің берік орын алуына тәрбиелеу, бағдар беру.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қима-кеспелер, суреттер, наурызкөже.
Сабақтың барысы:
І бөлім
Үй жұмысын сұрау. Оқушылар үй жұмсын жұптасып бір-біріне айтады.
Көзіңді жұмып жүрегіңнің соғысын тыңда. Өз отбасыңды еске түсір. Жан-жүрегіңді жылытар ең ыстық сөзді есіңе ал. Оқушылар ата-аналарынан қандай жылы сөз естігілері келетінін айтады және өздері ата-аналарына жылы сөздер айтады.
Жаңа сабақ. Жаңа тақырыппен таныстыру. Оқулықпен жұмыс. Талдау жұмыстары.

Оқулықтан тыс мағұлмат беру.
Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық. Ұлыстың ұлы күні дайындалатын Наурыз көже « Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп тоя ішу ғұрпы сақталған. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған. Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек. 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп атаймыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс.

2-жүргізуші:Табиғат пен тағам арасындағы байланысты ашу арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету үшін, халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен. Олар:
1-оқушы: Көк – көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.
2-оқушы: Қызыл – қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.
3-оқушы: Жасыл – жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.
4-оқушы: Ақ – барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5-оқушы: Сары – май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
6-оқушы: Қоңыр – бидайдың, тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
7-оқушы: Қара – тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

ІІ бөлім (ашық сабақ тәрбие сағатымен жалғасады)
Мұғалім: Біздің кең байтақ даламызға келген Жаңа жыл. Жыл басы Наурызға арналған мерекелік тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ата-аналар! Сіздерді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Кіршіксіз көгілдір көгіміз,
Гүлдері құлпырған жеріміз,
Армысың, Наурыз, аңсаған
Қуанып қарсы алдық сені біз.
Алдан Арайдың орындауында күй
Мұғалім: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ ниетпен қарсы алады. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші: Наурыз тойы құтты болсын,
Дендерің сау, мықты болсын!
Аман-есен болайық
Баршаңызға тілегім, осы халайық!
1-оқушы: Айтқаныңыз келсін,
Пәле-жала жерге енсін!

2-оқушы: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!

3-оқушы: Еліміздің несібесі көп болсын,
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Мұғалім: Халқымыздың ежелгі түсінігі бойынша 21- наурызда даланы Қызыр аралайды екен. Қызыр баба- адам баласына дәулет дарытып, бақ қондыратын қиял ғажайып кейіпкер. Ол жақсылық атаулының жаршысы. Наурыз мейрамы қарсаңында Қызыр баба мұнтаздай таза үй ішіне кірсе, онда ол отбасы ауру-сырқаудан, дау-дамай, пәле-жаладан жыл бойына аман болады деп сенген. Наурыз мейрамында бойжеткендер өздері ұнатқан жігіттеріне арнаған соғымның соңғы етіне қосып пісірген «ұйқыашар» аталатын ерекше дәм дайындалған. Ал, жігіттер мен бозбалалар сүйіктілеріне айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт еткізер» деп аталған сыйлықтар ұсынылған.

1-жүргізуші: Наурыз – жаңа күн деген сөз. Наурыз сөзінің түп мағынасы иран тілінің «нау» - «жаңа», «руз» - «күн» деген сөзінен алынып жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдірген.
2-жүргізуші: Наурыз келген уақыт бір керемет мезгіл екен. Малдар төлдеп, қой қоздап, малға мал қосылып, ырыс-несібенің артқан күні екен.
2-оқушы: «Бұлақ көрсең көзін аш» деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашқан.
3-оқушы: «Бір тал кессең он тал ек» дескен қариялар бұлақ басына тал егеді.
4-оқушы: Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп: «Армысың, қайырымды, Күн Ана!» деп иіліп сәлем береді.
5-оқушы: «Кеудесі түкті жер-Ана, құт дарыт, жарылқа!» деп ашылған бұлық көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.
1-оқушы: Наурыз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек, ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. Сүр ет – қыс тағамымен қоштасуды білдірсе, сүт, айранның қосылуы жас тағаммен қауышуды білдіреді. Ал наурыз көжені тоя ішу жыл бойына тоқшылық болсын дегенді білдіреді.
Сарсембаева А, Төлеген А, Сейтжаппар А орындауында қазақ биі.
ІІІ бөлім
Сабақты қорытындылау мақсатында әр қатарға келесідей тапсырмалар беріледі
І қараға: Жаңа жылдан біз не күтеміз? Тақырыбында эссе оқушылар эссе жазады.

ІІ қатарға: Топтастыру жасайды. (Наурыз мерекесі қандай мереке)

ІІІ қатарға: Наурыз мерекесінде дастарханға қойылатын ұлттық тағамдар, қазақ халқының ұлттық киімдері, ұлттық ойындарын жазады.

Оңалбаев Нұрхаттың орындауындағы «Наурыз» әнін тыңдалады.
1-жүргізуші:
Жан біткендей жас талға,
Шуақ ойнап арайлы,
Күн күлімдеп аспанда.
«Наурыз» әні тарайды.

2-жүргізуші: Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз деп тастаған,
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

1-жүргізуші: Рақмет сіздерге, ата-аналар! Наурыз ең алдымен – ізгі салт-дәстүрлерді еске түсіру, мағынасын өсіп келе жатқан біздерге ұғындыру, халқымыздың асыл мұраларын сақтау, жаман әдеттерден қорғау, адамгершілікке тәрбиелейтін мереке.

2-жүргізуші: Ұлы елдің әлпештеген ұл-қызымыз
Сол елге лайық болу ұранымыз.
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Наурызды жаңғыртып тойлайтын ұланымыз.

Оқушылар хормен:
Наурыз құтты болсын,
Ақ мол болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Сабақ соңында ата-аналар жасап әкелген наурызкөжеден дәм татылады.
13 978
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
«Суықбұлақ орта мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қиықбаева Бақыт Шәріпқанқызы
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×