Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты: оқушылардың іскерлік қарым - қатынас барысында сөйлеу мәдениеті туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: білімділік – іскерлік ортада сөйлеу мәдениетін, дауыс және сөйлеу екпінін, тіл тазалығын сақтауды, сөздерді дұрыс айтуды, аудармашы арқылы сөйлесуде ескеретін қағидаларды білу жолдарын үйрету;
тәрбиелік - іскерлік ортада мәдениетті, әдепті, ізетті, білімді, жан - жақты болуға, ана тілін сүюге, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу;
дамытушылық – сұхбатты жүргізу барысында өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, тіл байлығын дамыту, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: іздену, талдау, жинақтау, топтастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, пікірталас, сұхбат, іскерлік ойын.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, шет тілдері
Сабақтың типі: дәстүрден тыс, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, кестелер, қанатты сөздер, үлестірмелі қағаздар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Балалар, біздің бүгінгі және ертеңгі мақсатымыз не деп ойлайсыңдар?
- Оқу, білім алу, тәрбиелі, саналы азамат болу, еңбек ету, ел экономикасын дамытуға үлес қосу, мәдениетін көтеру т. б.
- Ел экономикасы мен мәдениетін өркендету үшін не істеуіміз керек?
- Басқа мемлекеттермен іскерлік қарыс - қатынас жасау арқылы тәжірибе алмасамыз, үйренеміз. Үйрену арқылы іске асырамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын талдау. Ой шақыру арқылы іскерлік қарым - қатынас тиімділігінің негізгі шарттары туралы сұрақтарға жауап алу.
1. Іскерлік қарым - қатынас тиімді өту үшін нені ескеруіміз керек?
2. Әдеп дегеніміз не?
3. Әдеп терминін алғаш қолданған кім?
4. Аристотельдің айтуынша, кішіпейілділіктің неше түрі бар?
5. Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций ойы қандай болатын?
6. Күнделікті қарым - қатынас болсын, іскерлік ортадағы қарым - қатынас болсын әдептіліктің басты шарты деп нені санаған?
7. Қандай керемет дарынды, ақылды, білімді адам болса да, күнделікті өмірде, тіпті айналысып жүрген іскерлік саласында да ешбір табысқа жете алмайды. Мұның басты себебі неде деп ойлайсыңдар?

60 - жаттығу. «Іскерлік қарым - қатынас тиімділігінің негізгі шарттары» тақырыбына қатысты 4 - 5 пункттен тұратын өз ойларын жазу. Оны бір - бірлеріңмен салыстыра отырып, өз ойларыңды дәлелдеңдер. Іскерлік қарым - қатынас пен жеке адамдар арасындағы қарым - қатынастың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айқындаңдар. Венн диаграммасы түрінде көрсетіңдер

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 918
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Туындыны есептеу ережелері
Туындыны есептеу ережелері
Туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру. Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекіту.
Іскерлік келіссөздер
Іскерлік келіссөздер
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрмұханбетова Гүлбадан Тастыбайқызы
Үшбұрыштардың ұқсастығы
Үшбұрыштардың ұқсастығы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Мұқашева Нұргүл Ахметқалиқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Банк дегеніміз не?
Банк дегеніміз не?
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Жунисова Нурзила Муратовна 5 сынып. Пәні: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Ресми іскерлік қатынастағы сөйлеу тілінің сөз бедерін ұғындыру
Ресми іскерлік қатынастағы сөйлеу тілінің сөз бедерін ұғындыру
Атырау облысы, Жылой ауданы, №9 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғанова Хадиша Едресқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×