Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лепті сөйлем

14 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі
Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру, көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;
лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату. Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Нәтиже: Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқи алады, сауатты, көркем етіп жаза алады. Өздігінен жұмыс жасай алады.
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Б. Блум таксономиясы, Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың түсіндіру, сұрақ - жауап, тест.
Ресурстар: түсті стикерлер, тақта, тірек - сызба, кестелер, т. б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!
2. Сабақтың мақсатын хабарлау.
3. Сабақ кезеңдерімен таныстыру.
Б. Блум бойынша:
1. Білім
2. Түсінік
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау
Әр кезең бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру.

ІІ. Негізгі бөлім
Білім
Мақсаты: өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеру
Тапсырма: Сөйлем туралы не білеміз? Белгіленген уақыт ішінде сұрақтар беру.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Жауап парағы арқылы тексеріп, соған сай ұпай қойып бағалау парағына қойып отыру.

Түсінік
Мақсаты: Лепті сөйлем туралы түсінік беру
Сөйлем – Хабарлы сөйлем, Сұраулы сөйлем
Бейбітшілік жасасын!
Көйлегім қандай әдемі!
Отан сүйер ұлан бол!
Жүйрік тұлпарым болса ғой!
Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.
1. Әр сөйлем қалай оқылды?
2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.
Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

Ойын «Сәйкестендір»
Өкіну - Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Армандау - Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
Бұйрық - Қане, күнделігіңді берші!
Ұрандату - Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

Қолдану
Мақсаты: Лепті сөйлем туралы білімдерін нақтылай түсу
Оқулықпен жұмыс.
1. Көркем жазу
2. Жаттығу жұмыстарын орындау.
Сергіту сәті. Әуенге сай қимылмен билеу.

Талдау
Мақсаты: Берілген сөздерден лепті сөйлем құра білу дағдысын жетілдіру
Тапсырма: Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз
1. Біз, алақай, жеңдік
2. Бекер, ренжіттім – ау, қап

Жинақтау Мақсаты: Лепті сөйлем туралы білімдерін қорыту, бекіту
Тест сұрақтарына жауап беру. Өзін - өзі бағалау
Тест
1. Сөйлемді белгіле.
А) Кітап, мұз.
Ә) Р, ш, ұ, ы, қ.
Б) Мына тау қандай биік!
2. Мына сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Алақай, ағам келді
А) сұрау белгі
Ә) леп белгі
Б) нүкте
3. Аяқталған ойды білдіретін не?
А) мәтін
Ә) сөйлем
Б) сөз
4. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
А) Сұраулы сөйлем
Ә) Лепті сөйлем
Б) Хабарлы сөйлем
5. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте
Ә) сұрау белгі
Б) леп белгі

ІІІ. Сабақты қорытындылау. Лепті сөйлемнің өзіндік белгілері:
- Адамның көңіл - күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну, ұран т. б.) білдіреді;
- Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады;
- Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

ІV. Сабақты бекіту Сабақ барысында әр оқушы қолданатын сабақ картасы:
V. Үйге тапсырма. Сұраулы сөйлемдер құрау. Ережелер жаттау.
Бағалау
15 430
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды сөздік қорын толықтырады;
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету; сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау. Дамытушылық: Оқытудың тиімді әдістерін, формаларын енгізу.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Ақтөбе қаласы, №1орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумагалиева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×