Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Блум таксономиясы - жеке тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс

19 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы,
Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Құспанова Шарбану Жандоллақызы

Блум таксономиясы - жеке тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс

ХХI ғасырда, білім мен техниканың ғарыштап дамыған заманында, мұғалім өзгеруі керек. Өйткені әлемді өзгерту тек білімнің, сол білімді алуды үйретуші тұлға мұғалімнің ғана қолынан келетін іс. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықты талап етуде.

Өзім бастауыш сынып мұғалімі ретінде сабақ үдерісінде балалардың алған білімдерін тиімді қолдануларына, өз ойын ашық айтуына, алған білімдерін жинақтап, бағалау біліктеріне көңілім толмайтын - ды. Олардың дәлелдер келтіргенде өзінің жеке басының тәжірибесіне сүйенбеуі, көбіне түсініктерінің оқулық көлемінде ғана болып, алған білімдерін тиімді қолдана алмауы қатты қынжылтатын.

Мұғалімдердің білімін жетілдірудің деңгейлік курсынан өткенше осындай өзекті мәселелердің шешуін таппай кәсіби тоқырағанымыз шындық. Деңгейлік курс бағдарламасы ұсынған жеті модульге негіздеп оқыту әдістемесі оқыту мен оқудағы көптеген проблемалардың шешуін ұсынды.

1956 жылы американдық ғалым Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі Блум таксономиясын тәжірибеме енгіздім. Мен өз оқушымды пікірін ашық айта алатын, білімді жеке тұлға ретінде көру үшін әр сабақты осы жүйеде жоспарлаудан бастауды жөн көрдім. Сабақты Блум таксономиясымен құрылымдаудағы мақсатым оқушылардың сын тұрғысынан ойлау арқылы алған білімін талдап, пікірін өмірмен байланыстыра, ашық айтуға бағыттау болды.

Блум таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте - бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсіне білу, еске түсіру; ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру жұмыстарының әдістемесін меңгеру арқылы мұғалім ретінде өз - өзіме деген сенімім орнады. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте - бірте күрделену заңдылығын түсіну мені үнемі ізденісте болуға жетеледі.

Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Блум таксономиясымен жұмыс нәтижесінде оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу жүзеге асады. Осы әдістемені меңгеру мені де шығармашыл ойлауға, өзгелердің пікірі мен іс – әрекетіне сыни тұрғыда баға беріп, тиімді шешімдер қабылдай білуге үйретті. Кездескен кедергілер мен қиындықтарды түсініп, қорыта отырып, жаңа қадамдар жасауға да жасқанбайтын болдым.

Блум таксономиясының оқу мен оқытуда ғана емес, тәрбие саласында, мұғалімдердің бірлескен оқуларында пайдалану үшін де тиімді екендігі дәлелденуде.
Біздер, мектебіміздегі мұғалімдердің ”Даму“ кәсіби қоғамдастық мүшелері, кәсіби білім мен әдістемені толықтыруға мүмкіндік берген деңгейлік курста алған білімімізді мектеп тәжірибесіне енгізіп, әріптестерімізге үлгі көрсету арқылы оқушыны жан - жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеуге күш салудамыз.
6 755
0
  • 60
4 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру –
Мұғалімнің рухани жан дүниесінің кемелденуі
Мұғалімнің рухани жан дүниесінің кемелденуі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Ғибатолла Мәсәлімов орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және «Өзін - өзі тану» пәні мұғалімі Рахметова Батима
Тарихи оқиғаларды ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету
Тарихи оқиғаларды ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Аймурзина Гүлназ Асқарқызы
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×