Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарлығаш пен дәуіт

08 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт.
Негізгі түйінді идея: Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір - біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.

Оқу мақсаты: Ертегі мазмұнын түсініп, жан - жақты талдауға үйрету; идеясын ашу мақсатында оқушының шығармашылық жұмыстарына мүмкіндік беру; негізгі идеясы болған достықты паш ету.
Сыни тұрғыдан ойлана отырып, өздігінен білім алу, ойын еркін жеткізе алуға үйрету.
Барлық оқушылар:

а) Ертегі туралы түсініктері кеңіп, ертегі кейіпкерлерін сипаттай алады.
Көпшілік оқушылар:
а) Ертегі бойынша негізгі ойды қорытып әңгімелеп бере алады

Жекеленген оқушылар:
а) Берілген сұраққа толық жауап беруге үйренеді.
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық көңіл – күйді реттеу.
«Көңіл – күй табиғаты» әдісі
Мақсаты: жағымды эмоция орнату.

б) Топқа бөліну.
Мақсаты: серіктестік қарым – қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.
Оқушылар сурет қималарын құрау арқылы 3 топқа бөлінеді. (қарлығаш, көкек, дәуіт)
Қарлығаш, көкек, дәуіт туралы білгендерін жинақтау, сабақ тақырыбын ашу.
Жереби тастау арқылы топ мүшелерін сайлайды.
КӨШБАСШЫ, БАҚЫЛАУШЫ, ОРЫНДАУШЫ, СУРЕТШІ.
Ережесін құрады:
1. Бір – бірін тыңдау.
2. Уақыт үнемдеу.
3. Белсенділік таныту.
4. Достық қарым – қатынас.
5. Позитивті болу

Үй жұмысын тексеру.
(Білу)
Бір оқушы үйге берілген ертегіні ойдан жаңғыртуды бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта жалғастырады. Соңына дейін солай жүреді.
«Қыз баланың қайырымдылығы»! эссесін оқыту.

Жаңа сабақ
(Түсіну)
Қызығушылықты ояту.
«Миға шабуыл» Мақсаты: Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару.
Оқығанда оқушыларда қандай ой, сезім пайда болғанын анықтау, сонымен бөлісу.
Тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
Жұмбақ:
Қонып алып жарға, қарқылдайды...
( қарға)
Өзі жасыл өрі батыр, ол не?... (дәуіт)
Өзі қара, бауыры ақ, ол не?... (қарлығаш)
«Араласып кеткен оқиғалар» әдісі арқылы оқыту.

Ертегіні үш бөлікке бөліп, топтарға таратып беру керек. Бөлінген бөліктерді дұрыс қою арқылы ертегіні толығымен түсініп оқиды. Әр бөлімге ат қою арқылы жоспар құрады.

« Мағынаны тану».
Мақсаты:
Ертегіні үнтаспадан тыңдату. Әр топқа мазмұнын айтқызу.
«АРАШАШЫ» - ҚҰТҚАРУШЫ
сөздік жұмыс

Топтық тапсырма
«Синкуейн» әдісі бойынша бес жол өлең шығару арқылы ертегі кейіпкерлеріне сипаттама беру.
1 - топ. Қарлығашты құрастыру. Мінездеме беру
2 - топ. Дәуітті құрастырып мінездеме беру
3 - топ. Жыланды құрастыру. Мінездеме беру.

Сергіту сәті.
Музыка. «Алақанға жан бітір» ойыны.

Ой - толғаныс:
(Талдау)
« Ойлан, жұптас, топ тас» әдісі.
Мақсаты:, жаңа білімді жинақтау, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.
синтез, бір - бірімен ой бөліседі.
-«Бір күні Көкек торға түсіп қалыпты...» деп бастап, ертегіні ары қарай жалғастырыңдар.
- Өз ертегілеріңде Қарлығашты қалай бейнелер едіңдер? Мейірімді, кек сақтамайтын, әлде бұрынғы ренішін ұмытпай, Көкектен немесе Қарғадан өшін алатын.
Оқушылар топпен ертегіні ары қарай жалғастырады, сыныптастарыңа әңгімелеп береді.

Ойқозғау
- Ертегідегі нағыз достықты неден көруге болады?
- Көкек пен қарғаның мінезіндегі кемшіліктер өмірде кездесе ме?

Қорытынды.
(Жинақтау)
« Көзбен көретін фактілерді сыни тұрғыдан ойлау» әдісі. Мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлана отырып,, өздігінен білім алу, ойын еркін жеткізу.
Өтілген ертегі бойынша кестені толтыру:
1. Ертегінің аты
2. Басты кейіпкер
3. Оқиғаның болған жері
4. Жаман кейіпкер
5. Тапқыр кейіпкер
- Сабақтан алған әсерлерің қандай?
- Қандай тапсырма орындаған оңай болды?
- Қандай тапсырма қиындық келтірді?

Үй тапсырмасы
Ертегіні оқу, мазмұны. Дәуіт туралы қосымша мәлімет іздеу

Рефлексия. Бағалау

— Оқушылармен кері байланыс жүргізу мақсатында:
- Сабақтан алған әсерлерің қандай?
- Қандай тапсырма орындаған оңай болды?
- қандай тапсырма қиындық келтірді?
Сабақ соңындағы « Гүл шоғы» жақсы тілек тілеу тренингі.
Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңа рахмет.

“№ 45 орта мектеп” КММ
Математикадан сыныптан тыс жұмыс «кім жүйрік?»
Өткізген: Абильмажинова Г. Ж

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
5 053
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бес ешкі
Бес ешкі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойын түсіну. Ертегі кейіпкерлерін сипаттай алуы
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Табиғаттың адам өміріне, жан -жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға, сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету. Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір - біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×