Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А. Әуезов Жас Мұхтар

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
№78 жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Өтемұрат Әсемгул Елеусінқызы

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Әуезов Жас Мұхтар (үзінді)
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1. Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен байланысты балалық шағы туралы түсінік беру, тақырыптың мазмұн – мәнін аша білуге үйрету.
2. Ауызша, сөйлеу тілдерін дамыта отырып, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыруына бағыттау; Топпен шығармашылық жұмыс істеуге баулу.
3. Сабақ кезеңдерінде критерийлерге сай өзін - өзі бағалай білуге дағдыландыру.
7модулді ықпалдастыра отырып, оқушының өз бетінше білім алуына мүмкіндік жасау, өзіндік пікір айту қабілетін ұштау, шығармашылық жұмыстар жасауға дағдыландыру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: М. Әуезовтің балалық шағымен таныса отырып, жана білімді бұрынғы алған білімдерімен ұштастыру, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннің мазмұнын түсінуге бағыттау, берілген сұрақтарға жауап бере білу.
Кейбір оқушылар: жеке жұмыс және топтық тапсырмаларды орындау, шығармашылық жұмыстарға қатысып, ойлау туралы ойлана білуіне ықпал ету.
Тілдік мақсат Оқушылар: өз ойларын өмірмен байланыстырып дәлелдету, сөздік қорларын молайту.
Басталуы

1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, достарым,
Көңіліміз жарасқан.
Амансыз ба, ұстаздар,
Білім нәрін таратқан!

Топқа бөлу «Кемпірқосақ» әдісі арқылы түрлі - түстер бойынша топтарға бөліну
Бағалау
Үй тапсыр масын сұрау

Үйге берілген М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесін сұрау. Әр оқушыға әңгімелеуге бағыт беретін әдістер қолдану арқылы тұшымды ой айтуына түрткі болу.
І топ «Сұрақтар шеңбері»әдісі
ІІ топ «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
ІІІ топ «Балалар философиясы» әдісі
ІV топ «Құндылықтар спекторы» әдісі
(Әрбір оқушы бағалау парақшасын толтырып отырады.)

Миға шабуыл
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.
Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Дәптерге күннің ретін жазып, тақырыбын жазу.
Бұл тақырыпта Мұхтар Әуезовпен бірге тағы қандай танымал тұлға туралы айтылады деп ойлайсыңдар?
«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы сұралады

Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқу
(Әрбір оқушы өзін - өзі бағалау парақшасын толтырып отырады.)
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұнын кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
4. Диалог сөйлемдерді тауып оқу. («Басбармақ» арқылы бағалау)
Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін түстер тобы «Кемпірқосақ» топтарына бірігеді.
Мәтінді мазмұндау.
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісін қолдану.
Оқушылар бір - біріне мәтінді мазмұндайды және мәтін бөліктерінен сұрақ әзірлейді. (Сұрақтардың қайталанбауын қадағалайды.)
(«Басбармақ» арқылы бағалау)

Толық нұсқасын жүктеу
3 576
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
Мұхтар Әуезовтың өмірімен танысады. «Ақын қонақтар» әңгімесін оқиды, талдайды, мазмұнын ашады.
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×