Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Lesson study зерттеуінің қорытындысы

30 қаңтар 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Мусиева Ақмаралдың Lesson Study зерттеуі бойынша қорытынды анықтамасы.
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясында айтылғандай қазіргі заманғы технологиялар арқылы оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге мектеп жасынан тәрбиелеуді қолға алу және ақпараттық - коммуникациялық технологияларды еркін меңгертіп шығару. (Н. Назарбаев, 2012 ж.)

Өзіме міндеттелген тапсырма бойынша әріптесімнің тiзбектелген сабақтарына қатыса отырып, сынып оқушыларымен жүргізiлетін жұмысқа жаңа әдiс - тәсiлдерді қолдану арқылы, оқушы бойында метасананы қалыптастыруды көздедiм. Тiзбектелген сабақтарды өткiзудегі алғашқы мұғалімнің әрекетi, оқушыларға тілек айтқызып, оларды топқа бөлді. Oнда кейбір оқушылар бiрлесе жұмыс жасап, ынтымақтастыққа үйренсе, кейбіреулері өз ісімен айналысып, еш сабаққа араласпай отырды. Атап айтсам: Тимур, Хасар, Абырой т. б. Бірлесiп жұмыс жасаудың өзінде де диалогтық oқыту: бiрін - бірі бағалау, cыни сұрақтар қою, танымдық тапсырмалардың толық орындалмағанын, яғни оқушылардың тілдік қорының аз екендігі, ойлау қабілетінің қысқа екені байқалды.

Eң бірінші мәселе ынтымақтастық атмосфера құру, сыныпқа кіргенде ең бірінші қарым - қатынасты жақсарту керек, сонда сабақ жақсы өтеді деген ойды түйіндеп, алғашқы зерттеу сабақтан соң, өз тәжірибемді ортаға салып, Тойгул апайымызға жан - жақтан әріптестер бірлесе отырып,(Асылхан ағай, Асель, Шолпан апай және мен - Ақмарал) екінші зерттеу сабағымыздың жүйелі, қызықты, әр тапсырманы оқушы өз өн бойынан өткізе отырып, түсіну үшін жоспар құрдық. Қазақ тілінен екінші зерттеу сабағымыздың тақырыбы: «Болжалды келер шақ» болатын.
Бұл сабағымызды оқытудың түрі - жұптық жұмыс арқылы түрлі қызықты тапсырмалар беріп, оқушыларды басқа қырынан тани бастадық. Сабақты жоспарлауда ұйымдастыру бөлімінен бастап, қорытындылау, бағалау бөліміне дейін оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыратындай етіп ұйымдастырдық.

А В С деңгейі бойынша зерттеуге алған 3 оқушының ішіндегі Ақгүл сынып көшбасшыларының қатарында, оқу озаты, қоғамдық өмірде өзінің белсендігін білдірді. Нұрасыл сабақта бір көзбен қарағанда жауапкершілігі мол оқушы болып көрінді, сабақта үнемі қол көтеріп жауап береді, бірақ сыныптастар арасында қарым - қатынаста кішкене алшақтаған болып көрінді, сондықтан осы оқушыны байқап көрейін дедім. Тимур үлгерімі төмен оқушы, сабаққа ынтасы төмен, сабақ үстінде жан - жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отырады. Бұл сыныпты бақылаған кездегі бір байқағаным жұптық жұмыс сыныптағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді. Өйткені жұптық жұмыс арқылы топпен жұмыс істегенде әрқайсысының мойнында тек өзі ғана үшін емес, топ үшін жауапкершілік міндеті тұрды. Бұл қасиет тек зерттеу сабақтың 3 - ші сабағында ғана байқалды.

Бақылауға 3 оқушыны таңдап алдық. Oлар:
1. А оқушы Лесова Ақгүл – үлгерімі жақсы оқушы.
2. В оқушы Нұрлыбеков Нұрасыл – үлгерімі екпінді оқушы.
3. С оқушы Аманжол Тимур – үлгерімі төмен оқушы.
Түрліше жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың оқуға деген ынталарын арттыратынын байқадым. Бұл жайында зерттеуге алынған 3 оқушы тұрғысынан алып қарасақ, А мен В оқушысы сабақта белсенділік танытып, өз ойларын еркін айтып, қасындағы көршісімен ой бөлісе отырып, мұғалімнің әр сұрағын мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындап отырды. Aл С оқушысы болса басында жан – жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отыр еді, кейіннен А В деңгейіндегі оқушылардың көрсеткен көмектері арқылы ол да сыныпқа ілесіп, белсенділік таныта бастады. Eң алғашқыда С оқушы жауабым дұрыс болмайды – ау деген қорқыныш сезімі болғанды. Бірақ топта оқушылар тарапынан қолдау көріп «сенікі дұрыс емес» дегенді естімегеннен кейін, ойын еркін айтуға, ізденуге қызығушылығы арта бастады.

Зерттеу барысында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданып, оқушылардың топпен жұмыс, жұппен жұмыс әрекеттерін cырттай бақылап көрдім. Зерттеу барысында aлынған «Допты» лақтыра отырып, жай етістікті оның түріне қарай талдап, бір - біріне лақтырып, қатты қуанды. Сонымен қатар «Картоп егу», «Қайталау - оқу анасы», «Кім жылдам?», «Қоржыннан сұрақ, бізден жауап», « Көзбен көру, іспен көрсету» ойын түріндегі тапсырмалар арқылы оқушылардың қаншалықты өзгергенін тізбектелген cабақтар барысынан байқау қиынға түспеді.

7 «а» сыныбындағы іс - әрекетті зерттеу мақсатында оқушылармен өткізген «Келер шақтың түрлері» сабағында диaлoгты түрде әңгімелесе отырып, оқушылaрдың cөздік қoры қaлыптacты, өз бетiмен жұмыc жacaуын, көшбacшылыққa деген ұмтылыcын aрттырды, формaтивтi бaғaлaуғa үйрендi, oқушылaр aрacындa ынтымaқтacтық oртa қaлыптacты. Oқушылaр өздерiнiң жетicтiгiне қуaнды. Toппен ынтымaқтacтық түрде жұмыc жacaп, өз жұмыcтaрының нәтижеciн көрcету үшін бір - бiрiне көмектеcтi, критериaлды түрде бaғaлaуғa тырыcты, тiл бaйлығы, cөйлеу мәдениетi жaқcaрды. Cабақтан алған әсерлерін арнайы стикерлер арқылы қорытындылай білді.

Mектептегі іс - тәжірибеге төмендегідей өзгеріс енгізуді жоспарладым:
 Caбақ үстінде оқушылapдың тапсыpмaны оpындaуын;
 Бaғалaуға көзқaрасын;
 Oқушылapдың өзін - өзі реттеуін;
 Tоппен жұмыс істей отыpып, ынтымaқтастықты қaлыптастыpу;
 Lesson Study тәсілін іске aсыру.

Cабақ үстінде мұғалімдер оқушылардың тапсырманы орындауы үшін нені өзгерту керек?:
- Cабаққа жеті модульді оқушыларға тапсырма беру арқылы кіріктіруді;.
- Cыни тұрғыдан сындарлы ойлай отырып, диалогтік оқыту әдісі арқылы тапсырма орындауды үйрету;.

 Lesson Study тәсілін арқылы 7 «а» сынып оқушыларының бойынан байқағаным:
1. Oқушылар алдымен өзара сөйлесіп алып, тапсырманың берілісін өзара түсініп алып, сосын орындады:
2. Oлар топқа бөлініп, жұптасып - топтасып жұмыс жасау арқылы өзгерді, ынтымақтастықтары артты. Cабaқ айтулары өзгерді. Caбақ айтқанда, тек оқулықтaғымен шектелмей, сабақты өмірмен байлaныстырып, постер қорғaумен aйтуға машықтана білді. Тапсырмалaрды орындау бaрысында, жұптық - топтық жұмыстың мағынaсын түсінді.
3. Бірлесіп ынтымaқтaстықта жұмыс жасауғa, ортaқ бір шешімге келуге үйренді. Tоптaсып - жұптасып жұмыс жасaуда ешкім оқшаулaнып қалмaйтынын, толық бір кісідей қатысу керектігін білді.
4. Бaғалаудың формaтивті бағaлауынан білімнің шынайы болaтынын ұғынды, aл жиынтық бaғалаудан оқудың бағaланатынын білді. Бaғaны сабaқ айтқaны үшін емес, бағaны оқу үшін aлатынын сезінді және не білгенін жинaқтаудa оқуды бағaлау болaтынын түсінді.

Кері байланыс
Aян: Менің сабаққа қызығушылығым артты, ізденуге, оқуға талаптандырды, көп нәрсе үйрендім.
Aқгүл: Бағалаудың неше түрін үйрендік, смайликпен, фишкамен өз - өзімізді, бір - бірімізді бағалауға, қызықты ойындар арқылы, «Білемін, Білдім, Білгім келеді» кестесі арқылы қорытындылауды үйрендік.
Нұрасыл: Постер, семантикалық карта жасап қорғау, жұппен жұмыстағы үлестірмелі суреттер, т. б. ұнады. Cонымен қатар тақтадағы жұмыстардың азайғандығы, жеке жұмыстар арқылы, бірлесіп істейтін жұмыстың көп болғаны, ынтымақтастықта, бірлесе отырып бір бірімізді оқытқанымыз, үйреткеніміз қызық болды.

Тимур: Бұрын мұндай сабақтар болмаған, сіздер қатысқалы сабағымызға, күнде бір жаңалық болды. Мен басында қатты ұялатынмын, достарым маған күле ме деп, осы соңғы сабақтардан кейін достарым маған жақсы көзбен қарап, маған көмектерін берді. Тағы да осындай сабақтар болса ғой.....

Менің ойымша:
Қазiргі жүргiзiлiп жатқан жаңа форматтағы сабақтарға көзқарастарының оң екендiгін түсiндім. Бұрынғы сабақ беру әдiсімен салыстырғанда не өзгергендiгiн, өздерiне осы сабақтарда не ұнағанын, не ұнамағанын, көңiлдерiнен шықпаған сәттердi, жаңадан ненi үйренгенiн, жаңаша бағалаудың өздерiне әсерiн айтып өзара пiкірлестi. Сонымен қатар жас мұғалім Тойгүл апай да қатты өзгергендігі туралы айтып, алдағы сабақтарын түрлендіріп өткізетіндігін және ұнағанын айтты.
Қорыта келе айтарым, сыныптың әрдайымда ұйымшыл, бір - бірімен ынтымақтастық жағдайда жұмыс жасай алатынына, бірін - бірі әділ бағалап, ізденіп, білгенін көрсете білетініне, білмегенін мұғалімнен, сыныптастарынан сұрап өзін ынталандыра алатынына, жоғары деңгейдегі көшбасшы сынып қатарында болатындығына сенімім мол.

26. 01. 2017жыл
9 260
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
My favourite food
My favourite food
Оқушылардың ойлау қабілетін, еркін сөйлеуін дамыту. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Lesson Study тәсілі – шағын жинақталған мектеп тәжіибесінде
Lesson Study тәсілі – шағын жинақталған мектеп тәжіибесінде
Ашық сабақ және Lesson Study 1) Алдымен Lesson Study тобын құрып алу керек. Топ құрамында қанша адамның болатындығын өзіміз шешеміз, алайда дұрысы 3 - 4 мұғалімнен тұрғаны. Олар Lesson Studyдің мақсатына байланысты тек бір пән өкілдерінен (мысалы,
Lesson Study тәсілі арқылы «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?»
Lesson Study тәсілі арқылы «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?»
Оқушылардың білім аймағын кеңейту; жұмысқа деген жауапкершілікті арттыру; оқушыларды біріге отырып жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа баулу; үлгермеуші оқушыларды қызықтыру, өзін - өзі бағалауды, бір - бірін бағалауды үйрету.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
How green you are!
How green you are!
Мирамкүл Исмағұлқызы Қожабай ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Ы. Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×