Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алкиндер, гомологтық қатары

10 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Алкиндер, гомологтық қатары. (11 сынып)
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, Оқулық: «Химия - 11» авторы: Н. Нұрахметов, Ә. Темірболатова, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова, Алматы «Мектеп»2015
Жалпы мақсаты:
• Білімділік: Қанықпаған көмірсутектің тағы бір өкілі ацетилен және оның гомологтарымен танысады. Басқа қанықпаған көмірсутектермен салыстыра отырып, құрылысындағы, қасиетіндегі ұқсастық пен айырмашылықтың себептерін ажырата алады. Ацетилен қатарына жататын көмірсутектердің изомерлерімен танысып, формулаларын құрастыруды және қалай атау керектігін біледі.
Дамытушылық: Қанықпаған көмірсутектер бойынша білімдерін жан - жақты тереңдетеді, көшбасшы болуға ұмтылады. Өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өз бетінше ойлау жүйесі, шығармашылығы артады; мәселені шешу жолын іздеуге, басқа оқушыны тыңдай білуге қабілеті дамиды. Табиғаттағы заттарды танып - білу көзқарасы одан әрі қалыптасады.
• Тәрбиелік: Оқушылар өз еркімен жұмыс жасауға, ой - өрісін кеңейтуге, ойын жеткізе білуге тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже: 1. Алкиндер туралы білімдері қалыптасады.
2. Алкиндердің гомологтарын, изомерлерінің формуласын құрастыра алады.
3. Ацетилен қатарына жататын көмірсутектердің формуласын құрастырып, оның аталуын біледі.
Негізгі идеялар: Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы Сп Н2п - 2 болатын қанықпаған көмірсутектер.
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар. Шарөзекті модельдер, ермексаз, таратылатын дидактикалық материалдар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы, сайыс сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Сергіту сәті, АКТ - ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар «Инсерт» әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс, диалогтік әдісі

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті. (Әуен қосылады) 2 мин.
Мұғалім іс - әрекеті.
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
ә) Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу. Оқушылар тақтадағы органикалық қосылыстардың формулаларының бірін таңдап алып, сол бойынша
№1 тапсырма (Алкандар, алкендер, алкадиендер) топтарына бөлінеді.

Ү. К. Томанов атындағы №183 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні Көбекова Манат Жәлелқызы

Алкиндер, гомологтық қатары. жүктеу
4 880
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қанықпаған көмірсутектер. Этилен
Қанықпаған көмірсутектер. Этилен
Қанықпаған көмірсутектер туралы түсінік бере отырып, этиленнің құрылысы, қасиеттері, қолданылуын қарастыру.
Альдегидтер молекуласының құрылысы мен гомологтық қатары
Альдегидтер молекуласының құрылысы мен гомологтық қатары
Альдегидтер молекуласының құрылысы мен гомологтық қатары туралы танысамыз Карбонилді қосылыстарды үлкен екі топқа бөлеміз, альдегидтер >С=Омен кетондар R - C - R екеуінің айырмашылықтары құрылысында сондықтан қасиеттерін өзгеше болады.
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Көмірсутектер туралы білімдерін тереңдету, алкендердің атомының құрылысының ерекшеліктері және физикалық қасиеттері; алкендердің гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы туралы білімді қалыптастыру
Метанол, этанол. Көпатомды спирттер туралы түсінік
Метанол, этанол. Көпатомды спирттер туралы түсінік
Метанол, этанол. Көпатомды спирттер. Құрылысы, номенклатурасы, қасиеттері мен қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру.
Ароматты көмірсутектер. Бензол
Ароматты көмірсутектер. Бензол
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектептің химия - биология пәні мұғалімі Ногайкулова Алтынай Айбадуллаевна
Ацетилен көмірсутектері немесе Алкиндер
Ацетилен көмірсутектері немесе Алкиндер
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×