Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қызықты электр әлеміне саяхат» Интеллектуалды - танымдық ойын

11 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Колледж пәндері
Байқаудың мақсаты:
Білімділік: физика және электротехника пәнінен алған білімдерін тереңдету;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды мамандыққа қызықтыру, бәсекелестік қабілетін арттыру, Ойы жүйрік оқушыларды анықтау;

Байқаудың өткізілу тәртібі:
Интеллектуалды – танымдық ойын 5 кезеңнен тұрады:
І – кезең: «Таныстыру»
Бұл кезеңде әр топ тобын, ұранын айтып таныстырады. Жоғарғы ұпай 10 ұпай.
ІІ кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде 3топ басшысына жеке - жеке 4 сұрақтан және топқа 1 жұмбақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай
ІІІ кезең: «Дода»
Бұл кезеңде тақтада нөмірленген ұяшықтар беріледі, әрбір топ өздеріне ұнайтын ұяшықты таңдап, соған сәйкесті сұрақтар ашылады.
Қысқыш – жеңіл сұраққа 10 ұпай, Қармауыш – орташа сұраққа 20 ұпай, Ажыратқыш - 30 ұпай, Мегаомметрде – қиын сұрақтар 40 ұпай жасырылған.
Қай санды таңдаса сонша ұпай қосылады. Ойлануға 1 мин уақыт беріледі.
Қарсы топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.
Ескерту: Қарсы топ жауап берсе, ұпай саны қарсы топқа беріледі.
ІV кезең: «Қатесін тап»
Бұл кезеңде топ мүшелеріне 2 мин. уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірибенің қатесін тауып, түсіндіруі керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Байқау комиссиясы: Байқаудың жеңімпаздарын комиссия мүшелерін анықтайды. Байқаудың қазылар алқасы: байқауға қатысқан топтардың білімі мен өнерін сараптап, сайыстың мазмұнын анықтай отырып, әр топтың өзіндік ерекшелігін анықтайды.
Марапаттау: «Қызықты электр әлеміне саяхат» атты интеллектуалды – танымдық ойында топқа орын беріліп және ерекше өнер көрсеткен оқушыға мақтау қағазымен марапаттады.

Мұғалім: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған көңілді топтар сайысы сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық. Еліміздің болашағы тек қана жастар екені даусыз. Адам баласы тек білім мен ғылым арқылы өз орнын таба білген. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз.
Кешіміздің мақсаты: Оқушыларды мамандыққа қызықтыру, бәсекелестік қабілетін арттыру, Ойы жүйрік оқушыларды анықтау
Сонымен бүгінгі «Қызықты электр әлеміне саяхат» атты интеллектуалды – танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыста білім жарыстыратын ойыншыларымызбен таныс болыңыздар! І. «Электр тогы» тобы
ІІ. «Жарық» тобы
ІІІ. «Кернеу» тобы
Сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін:
І – кезең: «Таныстыру»
Бұл кезеңде әр топ тобын, ұранын айтып таныстырады. Жоғарғы ұпай 10 ұпай
ІІ кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде 3топ басшысына жеке - жеке 4 сұрақтан және топқа 1 жұмбақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай
ІІІ кезең: «Дода»
Бұл кезеңде тақтада нөмірленген ұяшықтар беріледі, әрбір топ өздеріне ұнайтын ұяшықты таңдап, соған сәйкесті сұрақтар ашылады.
Қысқыш – жеңіл сұраққа 10 ұпай, Қармауыш – орташа сұраққа 20 ұпай, Ажыратқыш - 30 ұпай, Мегаомметрде – қиын сұрақтар 40 ұпай жасырылған.
Қай санды таңдаса сонша ұпай қосылады. Ойлануға 1 мин уақыт беріледі.
Қарсы топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.
Ескерту: Қарсы топ жауап берсе, ұпай саны қарсы топқа беріледі.
ІV кезең: «Қатесін тап»
Бұл кезеңде топ мүшелеріне 2 мин. уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірибенің қатесін тауып, түсіндіруі керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.

- Ойынға қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

І – кезең: «Таныстыру»
І. «Электр тогы» тобы тобының таныстыруына кезек береміз.
ІІ. «Жарық» тобы
ІІІ. «Кернеу» тобы

ІІ кезең: «Бәйге»
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік, сол алда – деп келесі Бәйге кезеңіне кезек береміз.

І. топ «Электр тогы» тобының топ басшысы: Талант
1. Ауалық желі элементтеріне не жатады? (тірек, оқшаулама, арматура)
2. Айнымалы токты тұрақты токқа айналдыратын құрылғы? (Түзеткіш)
3. Тұрақты ток генераторының қозғалмалы бөлігіне не жатады?(Зәкір (якорь))
4. Индуктор дегеніміз не?– (магнит өрісін тудыратын қондырғы).
5. Бойындағы зарядты,
Ұзақ уақыт сақтайды.
Реленің күшімен,
Бүлдірместен батпайды (Аккумулятор)
ІІ. «Жарық» тобының топ басшысы: Бақдәулет
1. Жарық техникасының негізгі көрсеткіші не деп аталады? (номиналды кернеу)
2. Электрленуді байқауға арналған аспап? (электроскоп)
3. Төменгі кернеуге қанша вольтқа дейінгілер жатады? (1000 В. төмен)
4. Электр аспаптарының қатарына нелер жатады?(Электр аспаптарының қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқыш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т. б.)
5. Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады. (Қысым)

ІІІ. «Кернеу» тобының топ басшысы: Мейірман
1. Ток күшін өлшейтін құрал? (Амперметр)
2. Электр энергиясын механикалық энергияға ненің көмегімен айналдырады?
(Электр қозғалтқыштардың көмегімен)
3. Жоғарғы кернеуге қандай вольттарды атаймыз? (1000 В. жоғары)
4. Қандай материалдар ток өткізбейді? (Ток өткізбейтін материалдарды оқшаулағыш деп атайды. Оларға пластмасса, әйнек, резеңке, кұрғақ ағаш, фарфор жатады)
5. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді,
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)

ІІІ кезең: «Дода»
10 қысқыш
Электромагниттік өрісті сипаттайтын шама не деп аталады?
Ж:(Индукция) 20 қармауыш
Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді? Ж: Өйткені құстың денесі мен аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель 30ажыратқыш
Электр желісіндегі кернеу өзгермеген жағдайда бірдей электр плитаны параллель қосудан тізбектеп қосуға ауыстырса, олардың жалпы қуаты қандай болады?
Ж: (4есе кемиді) 40 мегаомметр
Бейне сұрақ
10 қысқыш
Қарапайым электр тізбегі неше
элементтен тұрады?
Ж: Қарапайым электр тізбегі 4 элементтен тұрады. 1) ток көзі
2) ажыратқыш 3) электр өткізгіш 4) қабылдағыш

20 қармауыш
Ауыл шаруашылығы өндірісінде электр жылуы қандай технологиялық процестерде қолданады? Ж:(Жұмыртқаларды инкубациялауға; мал төлдері мен құс балапандарын жергілікті жерде жылытуға; малды суару жүйесіндегі суды жылытуға; А/Ш өнімдері мен жем - шөпті электр жылуымен кептіруге; мал және құс қораларын, өндіріс үйлерін жылытуға; ) 30ажыратқыш
Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып неге қояды? Ж: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін. 40 мегаомметр
Бейне сұрақ
10 қысқыш
Токтың күшін және ағысын реттейтін аспап? Ж: Реостат
20 қармауыш
Электр пешті электр желісіне қосқан кезде пәтердегі шамның көмескіленіп, қайта жанатыны неліктен? Ж: Ток күші артады, жеткізу сымдарындағы кернеу түседі де артады 30ажыратқыш
Электр шамының көбінесе ток көзіне қосу кезінде жанып кететіні неліктен?
Ж: Ток күшінің қосқан мезетте ол наминал токтан бірнеше есе көп, өйткені салқын қысымның кедергісі аз 40 мегаомметр
Бейне сұрақ

Мегаомметр дегеніміз – оқшауламаның жарамдылығы мен кедергісін, жерлендіру сапасын және кабель оқшаулағышының тұтастығын тексеретін құрылғы.

Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан
Физика емей немене – деп келесі кезеңге кезек береміз «Қатесін тап» кезеңіне кезек береміз.
(топқа бөлінген оқушылар берілген тәжірибенің қатесін тауып, түсіндіруі керек. )

№ 1 тәжірибе
Ақауы: Розетканы жалғамаған

№2 тәжірибе
Ақауы: Қысқыштың бір сабында резинасы жоқ

№3 тәжірибе
Ақауы: ажыратқыш (Выключатель) жалғамаған

Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
«Қызықты электр әлеміне саяхат» атты интеллектуалды – танымдық ойынымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймыз! Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! Сау саламатта болыңыздар!
4 419
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Үздік информатик
Үздік информатик
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Тарих әлеміне саяхат
Тарих әлеміне саяхат
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Шаймерденов Сейтжан Даулетханұлы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×