Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім тарландары

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Білім тарландары
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың математикадан алған білімдерін саралау, деңгейлерін анықтау
2. Оқушылардың логикалық, танымдық дағдыларын дамыту. Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушылардың білесе жұмыс жасауларын қалыптастыру. Топтық, достық қасиеттерін дамыту.

Барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу
б) оқушы назарын сабаққа аудару
2. Негізгі бөлім
1. Таныстыру (топтың аты, ұраны)
2. Логикалық сұрақтар (топқа 10 сұрақ)
3. «Білімділер сайысы» (әр топқа тест тапсырмалары карточка бойынша)
4. «Сиқырлы квадрат»
5. «Жаңылмаймын ойыны» (команда капитанына)
6. Жасырын жұмбақты шеш.
7. Кроссворд шешу
3. Қорытынды

ІІ. Логикалық сұрақтар.
І - топқа
1. Параллель түзулер дегеніміз не?
2. Масштаб дегеніміз не?
3. 2 санының кубы неше?
4. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз?
5. 25 санының квадраты
6. 40 санының төрттен бір бөлігі.
7. Натурал сандарға қандай сандар жатады?
8. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады?
9. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай қосамыз?
10. Координаталық жазықтықты енгізген кім?

ІІ - топқа
1. Пропорция дегеніміз не?
2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
3. Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
4. 20 санының екіден бір бөлігі
5. 100 жыл басқаша қалай аталады?
6. Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастады, неше бұрышы қалды?
7. Бір санға сондай санды тіркеп жазса, ол неше есе артады?
8. Теріс сандарды қалай салыстырамыз?
9. Жиындарға қолданылатын амалдар қандай?
10. 4 санының кубы нешеге тең?

ІІІ. “Білімділер сайысы”
Топшама бойынша оқушыларға 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары беріледі.
ІV. «Сиқырлы квадрат» толтыру
І - топқа
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарын 9 тордан тұратын шаршыға орналастырғанда тігінен де, көлденеңнен де, диогоналынан да цифрлар қосындысы 15 болуы керек.
ІІ - топқа
Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 30 болатындай етіп орналастыру керек.
V. «Жаңылмаймын» ойыны (Капитандар сайысы)
І - топқа
1 минутта 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды ата?
ІІ - топқа
1 минутта 4-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды ата?

VІ. «Жасырын жұмбақты шеш»
1. Бір кемпір:
«Сапырып - сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер.»- деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,»- деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде неше адам, неше ұры?
2. Санамақ есеп
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Қорытынды:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп бүгінгі «Білім тарландары» атты білім сайысын қорытындылаймыз.
Қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға рахмет!
3 280
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Натурал сандар туралы түсініктерін, тарихи ой - өрістерін кеңейту; Логикалық ойлау, зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін, сараптау біліктіліктерін қалыптастыру; пәнге деген белсенді танымдық қызығушылықты дамыту.
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлуге қайталау есептері туралы тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, жинақтау
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу
Матемаматикадан емтихан сұрақтары
Матемаматикадан емтихан сұрақтары
Атырау облысы, Исатай ауданы Математика пәні мұғалімі Губашева Зоя Серіккалиқызы
Жай бөлшектерге, рационал сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектерге, рационал сандарға амалдар қолдану
Қостанай облысы Арқалық қаласы Жаңақала ауылы Қараторғай орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құндызбаева Ж. Б.
Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Сабақтың мақсаты: a) Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі ұғымын енгізіп, оқушыларға натурал санның бөлгіші мен еселігін табуды үйрету және оны есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×