Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: 1) Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып есептер шығару;
2) Дәреже қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу машықтарын жетілдіру, өз бетімен ізденісін арттыру;
3) Оқушылардың пәнге қызығушылығын, қатынасу белсенділігін арттыру, еңбектенуге баулу;
Сабақ типі: білімді бекіту.
Сабақ түрі: саяхат сабақ.
Көрнекіліктер: мақалдар жазылған плакаттар.

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Білімді бекіту
4. Сабақты қорыту
5. Үйге тапсырма беру

1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.
Оқушылармен амандасып, сабаққа даярлығын тексеру, сабақтың құрылымы туралы түсінік беру.
Сабағымыз саяхат болғандықтан мектеп қалашығынан білім қалашығына сапар шегеміз. Әр аялдамада тапсырмалар бар, оларды дұрыс орындай білсек біз білім қалашығына жетеміз.

2. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ.
1 - аялдама «Еңбек түбі – береке, көптің түбі - мереке»
Мақалдың мағынасы туралы түсініктерін айтқызу.
2 - аялдама «Шапқан озар, жатқан қалар»
Қайталау сұрақтары:
1. Негіздері бірдей дәрежелерді қалай көбейтеміз?
2. Негіздері бірдей дәрежелерді қалай бөлеміз?
3. Дәрежені дәрежелеу.
4. Көбейтіндінің дәрежесі.
5. Бөлшектің дәрежесі.
6. Бүтін теріс көрсеткішті дәреже.

3. ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ.
3 - аялдама «Асу бермес асқар жоқ»
Оқулықпен жұмыс №112, 113, 144.

4. САБАҚТЫ ҚОРЫТУ.
4 - аялдама «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл»
Математикалық жұмбақтардың шешуін үш тілде айту.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка, a ruler )
2. Алды - артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді,
Шыққан тегін білсе де. (түзу, прямая, straight leine)
3. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан - жағыңа қарамай? (натурал сан, натуральные числа, real numbers )
4. Бірдей санда бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (дәреже, степень, power)
5. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ
9 087
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Алгебра 7 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Алгебра 7 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. (Алгебра 7 сынып)
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін, түсіндіріп, өз беттерімен жаттығулар орындауға баулу.
Алгебра пәнінен 7 -сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Алгебра пәнінен 7 -сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Натурал көрсеткішті дәреже» ұғымын таныстыру. Оның ережесін қорытып шығаруға үйрету, есеп шығаруда қолдана білуге баулу;
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу
Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер.
Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер.
Мақсаты: Оқушыларға дәреже дәреженің негізгі және көрсеткіші, натурал көрсеткішті дәреже, дәрежеге шығару ұғымдарымен, дәреженің қасиеттерімен таныстыру.
Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебі Математика пәні мұғалімі Айтымбетов Манарбек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×