Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары».
Мақсаты: Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, оқушылардың ақыл - ойын кеңейту логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, тақырып бойынша алынған білімдерін қиындығы жоғары есептерді шығаруда тиімді пайдалана білуге үйрету.
Сілтеме:
Ж. Бейсеков «Олимпиадалық есептері»
Математика в школе
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық кітаптар.
Ғаламтор мәліметтері

Міндеттер:
1. Білімділік – оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту. Шығармашылық қабілетін жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға оқушының дарындық қабілетін анықтау, математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушының қабілетін және тұлға қасиетін дамыту, оқушыны олимпиадаға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасау.
2. Дамытушылық – логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
3. Тәрбиелік – оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1) Математикадан бұрын алған теориялық және тәжірибелік білімін тапсырмаларды орындауда тиімді қолдана алады;
2) Жүйелі қорытынды жасай біледі;
3) Қиындығы жоғары есептерді шығара алады;
4) Олимпиадалық есептерді шығара біледі.

Негізгі идеялар: «Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары» Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан - жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады. Математикалық есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуда, батыл қимылдар жасауға, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді. Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – олардың алған білімінің тиянақты болуын қамтамасыз ету. Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан - жақты жетілдіру – қазіргі аса маңызды міндеттердің бірі. Оқушылардың логикалық ой - өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыруда олимпиадалық есептерді шығару сабағын өткізудің маңызы зор.
Математикалық есеп – оқушылардың ұғымдарды, теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де, айырбасталмайтын құралы. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуына математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің маңызы зор. Есеп шығару - ой жұмысы. Ой жұмысы арқылы оқушылар дербес ойлауға, қорытынды шығарып, математикалық ақиқатты көре білуге, дәлдікке үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютер, кеспе қағаздар

Жоспары

I) Үй жұмысын тексеру
II) Сұрақ жауап әдісі
III) Ой қозғау стратегиясы
IV) Жаңа тақырып түсіндіру
V) Есептер шығару
VI) Тест тапсырмалары
VII) Үйге тапсырма

ІІ. Сұрақ - жауап әдісімен сабақ мазмұнын сұраймын (Өтілген тақырыптар бойынша жауап беру арқылы жарысады)
1. Теңдеу дегеніміз не?
2. Теңдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Квадрат теңдеудің жалпы формуласы, шығарылу тәсілдері
4. Дәрежесі жоғары теңдеулер қандай теңдеулер
5. Дәрежесі жоғары теңдеулерді шешудің жолдары.

ІІІ. Қызығушылық ояту сатысы: « Ой қозғау» стратегиясын ұйымдастыру.

IV. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Теңдеу деп белгісіз айнымалысы бар алгебралық өрнекті атаймыз. Теңдеулердің түрлері сан алуан - сызықты, квадраттық, тригонометрикалық, логарифмдік және тағы да сол сияқты.

Теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдері: жаңа айнымалы енгізу арқылы, квадрат теңдеуде қолданылатын әдістер, қысқаша көбейту формулалары, теңдеуді бөлімдерінен босату, Формулаларды қолдану, бірнеше түрлендірулерді қолдану т. с. с.

V. Есептер шығару
1 - есеп Теңдеуді шешіңдер

Толық нұсқасын жүктеу
8 848
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Факультативтік курс «Химиядан сандық есептерді шығару»
Факультативтік курс «Химиядан сандық есептерді шығару»
Химия пәнінен бұл бағдарлама жалпы мектептердің 9 - 11сыныптарында оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған.
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылықтарын дамытып, информатикадан мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру;
Математикадан олимпиадалық қиын есептерді тиімді шешу жолдары
Математикадан олимпиадалық қиын есептерді тиімді шешу жолдары
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамды сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, ойлау қабілетінің жоғары, шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Оқушылардың математикалық білімін жоғары деңгейде оқыту, яғни тереңдету
PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару
PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×