Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту

03 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Математика
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту.
Мақсаты: Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Математикалық сайыс.
Әдісі: Топ бойынша жұмыс.
Безендірілуі: Математика туралы қанатты сөздер.
Сайыстың тақырыбы жазылып ілінген плакат.

Математикалық сайыстың бағдарламасы:
1 - тур. Сәлемдесу.
2 - тур. Кім жылдам санайды?
/Сандарды жылдам ретімен тез оқу./
3 - тур. Математикалық эстафета /Амалдарды орында/
Жанкүйерлерге сұрақтар:
4 - тур. Өз біліміңді көрсет. /Топбасшылар сайысы/
Тиімді тәсілмен есептеп, бөлшекті қысқарт:
5 - тур. Теңдеуді шешіңдер
6 - тур. Математикалық логика. /топтық жұмыс/
/Өз біліміңді көрсет/
7. Үй тапсырмасын беру.
Қорытындылау.

1. Әділқазылар алқасы сайланады. Топтарға берілген тапсырмалар 5 балдық жүйемен бағаланады.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгінгі шәкірттер ертеңгі азаматтар. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасында басталады. «Білімді азамат – ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген елдің даналық сөзі бар. Бүгін білім сайысына 5 сынып оқушылары қатысқалы тұр.
3. Сөз математикалық білім сайысына келген оқушыларға беріледі.

1 - тур. Сәлемдесу.
5а сынып. /Дұрыс бөлшек тобы/
Осындай алғыр достар кез келгенше
Жетсін - ау жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанымен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге біз.
Біздің ұран Қандай сынақ болса - дағы келіспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске

5ә сынып. /Бұрыс бөлшек тобы/
Тапқырлар биіктерге қалықтасын
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын
Жеңіс туын желбіреп алауласын
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
Біздің ұран: Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әр дайым
Сергіту

2 - тур. Кім жылдам санайды?
5а сынып 1ден 30 - ға дейінгі сандарды тез санап, 3ке бөлінетін сандарды атамай олардың орынына «еселік» деген сөзді айтады.
5ә сынып 30 - ден 1 - ге дейінгі сандарды тез санап 3ке бөлінетін сандарды атамай олардың орынына «еселік» деген сөзді айтады.
3-тур. Математикалық эстафета /Амалдарды орында/
Алғырлар тобы: (1367 - 24∙35): 31+5824: 14 - 403= 30.
Тапқырлар тобы: (9405: 627 - 5229: 581) ∙64 - 380: 4= 289;
Жанкүйерлерге сұрақтар:
1. Қандай бөлшек жай бөлшек деп аталады? / Қысқартылмайтын бөлшек жай бөлшек деп аталады, ол бөлшек сызығынан және алымы мен бөлімінен тұрады /
2. Қандай санды аралас сан дейміз? /Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын санды аралас сан дейміз./
3. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз?
4. Алымдары бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз?
5. Аралас сандарды қалай салыстырамыз?
6. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?
7. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
8. Аралас сандарды қалай қосамыз?
4 - тур. Өз біліміңді көрсет.
5а сынып /Алғырлар тобы/ 5ә сынып/Тапқырлар тобы/
1 есеп
Алғырлар тобы:
1) 12 5/9 - 7 1/6=
2) 7 1/4 - 3 7/15=
3) 5 9/25 - 3 8/15=

Тапқырлар тобы:
1) 9 5/12 - 6 2/7=
2) 4 1/6 - 2 4/21=
3) 4 3/35 - 2 5/14=

2 есеп
Тиімді тәсілмен есептеп, бөлшекті қысқарт: /Топбасшылар сайысы /
Алғырлар тобы: 1)(3+6+9+12+15+18+21+24)/(1+5+9+13+17+21+25+29)=
Тапқырлар тобы:1) (6+8+10+12+14+16+18+20+22+24)/ (3+5+7+9+11+13++15+17+19+21)=

Теңдеуді шешіңдер:
Алғырлар тобы: 1) х+5/14=5/6 2) 4 5^(\2)/19+х+1 1/38=12 1/2
Тапқырлар тобы: 1) 17 3/8 - у=9 5/12+2 1^(\2)/6 2) 14 9/16 - х=6 3^(\5)/4+1 2^(\4)/5

Математикалық логика. /Өз біліміңді көрсет/ Топтық сайысы.
Алғырлар тобы: Сыйымдылықтары 8л және 9л ыдысты пайдаланып, өзеннен 3л суды қалай өлшеп алуға болады?
Тапқырлар тобы: Сыйымдылықтары 7л және 3л суды пайдаланып, өзеннен 2л суды қалай өлшеп алуға болады?

7. Үй тапсырмасын беру.
Қорытындылау.

Алматы облысы, Көксу ауданы,
Жапсарбаев атындағы орта мектебі
Математика пәнінің мұғалі
Сабырқұлова Жарқынай Әбенқызы
3 077
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді аралас сандарды салыстыру.
Қысқы математикалық ойындар
Қысқы математикалық ойындар
Шамаларды ажырата білу: ұзындық /масса/ көлем (сыйымдылық); оларды өлшеу үшін өлшемі мен құрал - саймандарды таңдау, өлшеу жүргізу;
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Серік Рабиға Серікқызы
Теріс сандарды қосу
Теріс сандарды қосу
Сапарғалиева Ұлболсын Дүйсенқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебі Математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×