Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тригонометриялық формулаларға есептер шығару

17 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
9 - сынып алгебра пәнінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Мақсаты: 1) Тригонометриялық формулаларды есептер шығаруда тиімді қолдануға машықтану;
2) Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білу дағдысын дамыту;
3) Ұқылыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, сауаттылыққа және салыстыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Әдісі: Сұрақ жауап, түсіндірмелі, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, берілетін тапсырмалар және олардың дұрыс жауаптары, интернет желісінен алынған материалдар, оқулық, тест тапсырмалары.
Оқушылар үшін күтілетін нәтиже:
- Тригонометриялық формулаларды есептер шығаруда қолданып үйренеді;
- Оқушылар топ болып түрлі тапсырмаларды орындайды;
- Өз жұмыстарын және өзгені бағалайды;
Орындалатын жұмыстар:
1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Әр оқушыға жеке тапсырмалар беру
4. Өткен сабақтар материалын «Раунд Робин» әдісі бойынша қайталау, жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.
5. Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау.
6. Ашық журналды толтыру.
7. Рефлексия.

Ұйымдастыру бөлімі.
Ынтымақтас - тық атмосферасын қалыптастыру Сынып оқушылары және мұғалім бір-бірінің қолдарын ұстап тұрып тілек айтады және тілекті бір - біріне жалғастырып...
1 Қолын қысыңыз
2. Арқасынан қағыңыз
3. Күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Ұнамды қасиетін айтыңыз /1 мин/
«Білімнен жақсырақ қазына болмас, Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас».
Осы сөздерден сіздердің алатын моральдарыңыз қандай болмақ?
- Ендеше, бүгінде әр саналы адамға қымбат болып табылатын білім қазыналарыңыз толыға түссін деген тілекпен сабағымызды бастаймыз.
Біз Тригонометрия элементтері тарауын тәмамдауға жақын қалдық. Өтілген тақырыптар бойынша өз білім - білігімізді бекіту үшін бүгінгі сабағымызды «Тригонометриялық формулаларға» есептер шығару тақырыбына арнаймыз / 2 мин /

Үй тапсырмасын тексеру
А) Дидактикалық материалдардан 5 есеп
Ә) ОЖСБ тест кітапшаларынан осы тақырыптар бойынша 5 есеп жинақтап келу және оны шығару
Қосымша 1

Әр оқушыға жеке тапсырмалар беру
Оқушыларды тригонометриялық функциялардың атауларымен 3 оқушы 3 атқа ие болады.

Негізгі бөлім
«Келесі, әрі қарай»
«Раунд Робин»
Әр оқушы кеңейтілген ашық сұрақтар қойылады. Жылдам әрі, дұрыс жауап беруі тиіс. Егер қиналған сұрақтары болса, «әрі қарай» деп келесі сұрақты тыңдай алады. Қосымша 2
3 оқушыға үш плакат беріледі. Өтілген тақырыптар бойынша, ережелер немесе есеп шығару барысында қолданылатын формулаларды тізіп шығуы керек. Әрбір екі минут сайын плакат келесі оқушылар арасында ауысып отырады. Оқушылар жұмысы өзіне қайтып келгенше жалғасады.
Формулалар тақтаға бүгінгі жұмыстарына көмекші құрал ретінде тақтаға магниттің көмегімен ілінеді.

«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің
Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі» КММ
Пән мұғалімі: Идрисова Анар Амангельдиевна

Тригонометриялық формулаларға есептер шығару. жүктеу
7 364
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық функцияларды көбейтінді түріне келтіру
Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық функцияларды көбейтінді түріне келтіру
Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық функцияларды көбейтінді түріне келтіру. Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру формулаларымен танысып, ол формулаларды есептер шығаруда
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын тригонометриялық өрнектерді ықшамдауда қолдануды үйрету
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындыларының формулаларын пайдаланып есептер шығару, өз білімдерін толықтыруға үйрету. Өз ойын жеткізе білуге, математикалық шешендік тілін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Математика пәнінен орта мерзімді сабақ жоспары
Математика пәнінен орта мерзімді сабақ жоспары
Тригонометриялық функциялар туындысының формулаларын қорытып шығару, мысалдарда қолданып үйрену. А деңгейлі есептерден шығаруға жаттықтыру.
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясының математика пәнінің мұғаліміЕсмағанбетова Клара
Тригонометриялық теңсіздікті шешу
Тригонометриялық теңсіздікті шешу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жаманова Үзілхан Жалеловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×