Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері тақырыбына есептер шығарып білу
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, әрбір оқушының талдау, салыстыру, жалпылау интеллектуалдық біліктерін қалыптастыру
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге, белсенділікке, қарым - қатынас мәдениетіне, ұжымдық жұмыс істей білуге үйрету
Сабақтың типі: материалды бекіту
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы жеке - топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, үш деңгейлі тапсырмасы бар парақ,
жауап үлгілері, жетондар

Сабақтың жүру барысы: 1. ұйымдастыру
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсат - міндеттері туралы айтып,
таныстырады.

2. Есептер шығару
Әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмасы жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдаған соң оқушылар 1 - тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қол көтереді. Мұғалім оған дайын жауап үлгісін көрсетеді. Өз есебін дұрыс үлгімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, 2 - есепті шығаруға кіріседі. Аяқтаған соң тағы да өзін - өзі осылай тексереді. Одан кейін 3 - тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез - келген деңгей тапсырмасын 1 - ші орындауға құқылы. Мұғалім тек 6 есеп дайындайды.(1 - ші және 2 - ші нұсқаларға арнап 3 деңгейден 3 есептен жеке - жеке парақтарда) Оларға жауап үлгілері дайындалады. Содан кейін осы материал сынып оқушыларының санына қарай көбейтіледі.
Экранда (тақтада) бағалау өлшеуіштері тұрады:«5» бағасы – есеп қатесіз шығарылған «4» бағасы – 1 - 2 қате «3» бағасы – 3 қате
А деңгей. Тақырып бойынша алған ақпаратты қолданып, беріп білулері керек.
1. 5, 9, 15, 21, 24, 50, 60 сандарынан 120 - санының бөлгіштерін теріп жаз.
2. Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жаз:
5 және 45; 8 және 34; 17 және 51; 12 және 60;
9 және 71; 16 және 80; 4 және 63; 23 және 115
3. а) 9 және 12 сандарына
ә) 15 және 21 сандарына еселік болатын ең кіші натурал санды жаз:
4. Мәнін тап: а ) 32+56 қосындысының 8 - ге бөліндісінің
ә) 125+75 қосындысының 25 - ке бөліндісінің

5. Бөліндінің мәнін тап: 32х: 8 = ------- 60у: 12 = -------- 140m: 35=
Үлгі: 28х: 4= (28: 4) x = 7 x
5. 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінетін сандарды бөлек жолдарға теріп жаз:
6. 144, 173, 184, 278, 391, 415, 520, 997, 990, 646, 825, 975
7. 3 - ке бөлінетін сандарды теріп жаз: 288, 333, 444, 9468, 507, 7839, 765, 781
8. 9 - ға бөлінетін сандарды теріп жаз: 81; 818; 8181; 81818

В деңгей. Берілген ақпаратты қолдана және талдай білуі керек.
1. а) 45 - ке бөлгіш және 5 - ке еселік
ә) 120 - ға бөлгіш және 30 - ға еселік санды жаз.
2. а) 543+84 қосындысы 5, 4, 3 сандарының
ә) 72+132 қосындысы 9, 8, 12 сандарының қайсысына бөлінеді?
3. 0, 3, 4, 5 цифрларын 1 рет қана пайдаланып,
а) 2 - ге бөлінетін
ә) 5 - ке бөлінетін
б) 10 - ға бөлінетін
в) 2 - ге бөлінбейтін екі таңбалы сандарды жаз.
4. Қосылғыштардың жазылулары бойынша а) 15+12+21 ә) 21+42+81 қосындысынан 3 - ке бөлінетіндерін таңдап алып, 3 - ке бөліп, бөліндіні тап:

С деңгей. 1. а) а санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, а ------------ а қандай сан?
ә) в санының бөлгіштері: 1, 3, 5, 15, 25, в ----------- в қандай сан?
2. Дәлелде: 455 саны 35 - ке бөлінеді, ал 35 саны 7 - ге бөлінеді, онда 455 саны 7 - ге бөлінетінін.

Үлгі: 585 саны 45 - ке бөлінеді, ал 45 саны 9 - ға бөлінеді, онда 585 саны 9 - ға бөлінеді, себебі 585 =45*13= (9*5)*13= 9*(5*13) =9*65
3. Дәлелде: (мысалдармен) тізбектес екі тақ санның қосындысының 2 - ге бөлінетіндігін.
Бағалау парағы
№ оқушы аты - жөні А деңгей В деңгей С деңгей қорытынды баға

3. Сабақты қорытындылау
4. Оқушыларды бағалау
33 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натурал санның еселіктері
Натурал санның еселіктері
Натурал санның еселіктерін табуға есептер шығара білу;
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамаларын біледі.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандарды оқып, жаза алады; Санның бөлгішін, еселігін таба алады, жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі туралы түсінік беру
Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Сабақтың мақсаты: a) Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі ұғымын енгізіп, оқушыларға натурал санның бөлгіші мен еселігін табуды үйрету және оны есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×