Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таңбалары әр түрлі екі санды қосу

05 тамыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
“Қазақстан 51 - ші Халықаралық олимпиаданы қарсы алуда” математикалық онкүндігі
6 - сынып. Математика
Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі екі санды қосу (презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың “Таңбалары әр түрлі екі санды қосу” тақырыбын меңгеріп, ережесін есептер шығаруда қолдана білу машықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениетке және жүйелік түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру, өз білімдерін тексеріп, бағалауға дағдыландыру.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Көрнекілігі: мультимедиа, компьютер, бағалау бетшелері.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих, география.

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру
2. “2030 жылға сапар” ойыны.
Тірек схемасы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақты түсіндіру. §14. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу.
Жаңа сабақты бекіту.
Ауызша есептер
Деңгейлік тапсырмалар. Перфокарта топтамалар материалдарымен жұмыс.
Компьютерде тест тапсыру.
3. Бағалау
4. Үйге тапсырма: §14. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу. №438, 441.
5. Қорытындылау. §14. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу.
“2030 жылға сапар” ойыны.
Қызығушылығын ояту
Ұраны: “Шапқан озар, жатқан қалар”
Тірек схема:
Мағынаны ажырату.
Ұраны: “Өнер – ағып тұрған бұлақ,
Ілім – жанып тұрған шырақ”
1 - есеп. Таңертең ауаның температурасы - 30 С, түсте +40 С – қа өзгерді.----?
- 3 + 4 = 1
2 - есеп. Түсте ауаның температурасы +30 С, кешке - 50 С – қа өзгерді.----?
3 + (- 5) = - 2 ---------------------- Формуласы: а + (- а) = 0
Ой толғанысы.
Ұраны: Бірлік болмай, тірлік болмас.
Оң сандар тобына......
Теріс сандар тобына.........
Тарихи мәліметтер
Ұраны: Білімдінің аты өшпес.

Қайталау:
Гаусс әдісін пайдаланып, қосындыны табыңдар:
- 2+(- 4)+(- 6)+(- 8)+(- 10)+(- 12)+(- 14)+(- 16)=
2) - 1, 1+(- 1, 3)+(- 1, 5)+(- 1, 7)+(- 1, 9)+(- 2, 1)=
Ұраны: Асу бермес асқар жоқ.
Деңгейлік тапсырмалар
Тест тапсырмалары
2 топқа берілетін деңгейлік тапсырмалар
Перфокартамен жұмыс
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
(+) + (-)

Мен де қосудың бір түрі
Бірақ саным көбеймес
Абсолюттік шама бойынша
Көбімнен азым алынар
Оныма ешкім тең емес.

Таңбасы көптің қойылар,
Сөзімнің сырын ұғып ал.
Қарама - қарсы қосылса
Нәтиже әркез нөл болар,
Айтқанымның жөні бар.

Кітаппен жұмыс
№432
1) - 1, 3+2, 5
2) - 4, 6+1, 9
3) - 8, 4+10
4) 5, 1+(- 10)
5) 3, 7+(- 6)
6) 2, 1+(- 5)
7) - 4, 3+7
8) - 7, 2+4, 5

Ұраны:
Білімнің басы бейнет, соңы зейнет.
Эйлер - Венн дөңгелегі:
N c Z c Q
Үйге тапсырма:

Оң сандарды қосу
(+) + (+)
Қосу амалы керек - ақ
Көбейер санның қатары
Бірің екеу, үшеу боп
Риза болып жатады.
Оң санға қоссаң, оң санды
Шыға келер тағы оң сан.

Теріс сандарды қосу
(-) + (-)
Қосу амалы керек - ақ
Көбейер санның қатары
Бірің екеу, үшеу боп
Риза болып жатады.
Теріске теріс қосылса
Теріс шығар ол да сан
Қарызың бірақ көбейер
Ақша келер шыдасаң.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 080
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту ережелерін түсіндіру, оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Аралас сандарды қосу. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
Аралас сандарды қосу. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, аралас сандардың бөлімдері бірдей, әр түрлі болып келген бөлшек бөліктерін қосуды білу және теңбе - тең түрлендіру қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда
Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару
Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару
Таңбалары әр түрлі санды қосу тақырыбы бойынша есептер шығаруға баулу.
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебінің математика пәні мұғалімі Бейсенбаева Күләй Шөпшібайқызы
6 сыныпта өткізген ашық сабақ жоспары
6 сыныпта өткізген ашық сабақ жоспары
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылындағы В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бердигожанова Нурлан
Теріс сандарды қосуға және таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Теріс сандарды қосуға және таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Сапақкөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі Рахметқалиева Нұртолған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×