Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу тақырыбына есептер шығару

24 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Математика
5 сынып
Жаратылыстану - математика бағыты

Сабақтың тақырыбы: Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу тақырыбына есептер шығару
Пән аралық байланыс: жаратылыстану.
Сабақ түрі: қорытындылау және білімді жүйелеу.
Сабақтың жүру түрі: Ойын сабақ ( «Сандар тауының» шыңына жету).
Сабақ ұраны: «Эдельвейстер аяқ астында өспейді, эдельвейске жету үшін еңбек ету керек!»
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, гүлдің жапырақтары тәрізді кеспелер, әрбір оқушыға бағдарды парақтар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың есеп шығару әрекеттерін ұйымдастыру:
- Сандардың бөлгіші және еселігі, жай және құрама сандарды, сандардың ЕҮОБ қайталау.
- Сандардың бөлгішін және еселігін, ЕҮОБ, сандардың дәрежесін табу икемділіктерін.
- Жай және құрама сандарды ажырата білуді.
- Сандардың бөлінгіштік белгілерін қайталауды және пайдалануды
- Тақырыптар бойынша оқушыларды бақылау жұмыстарына дайындау.
- Есептерді шығаруда алған білімдерін пайдалануды.
Дамытушылық: Есептер шығару дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
- Табиғатты сүюге.
- Білім алудағы еңбекке, ырықтылық пен батылдыққа.
- Өз бетімен еңбектенуге және белсенділікке, қиындықты жеңуге.

Сабақ жүрісі Сабақ жүрісінің бөлімдері
1. Ұйымдастыру 3 мин Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Білім мен дағдының көкейкестілігі 8 мин 1. Ауызша тапсырма (жүкті жинау) –
Бақылау жұмыс
2. Тест жұмысы – өзіндік жұмыс
3. Жалпылау кезеңі 25 мин 1 аялдама - кедергі (тау биіктігі) –
есептер шығару
2 аялдама - кедергі (есептер шығару) –
топпен жұмыс
Дем алу (математикалық дене шынықтыру уақыты )
3 аялдама - кедергі –
Есептер шығару
4. Қорытындылау 6 мин
5. Бағалау 2 мин
6. Үйге тапсырма 1 мин

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сіздерді және сабаққа дайындықтарыңызды көргеніме қуаныштымын, бүгін сіздермен бірге уақытты қызықты және пайдалы өткіземіз деп үміттенемін. Мен сіздердің іскерлік қабілеттеріңізге сенемін!
Айта кететін жай, біз сіздермен бірге үлкен тарауды «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тақырыбын аяқтап жатырмыз және келесі сабақта бақылау жұмысын жазу арқылы өз білімдеріңді байқауларыңызға болады. Ертеңгі жұмысты жақсы орындау үшін бүгін не істеуіміз керек? (Оқушылар сабақтың мақсатын құрады, мұғалім тақтадағы білімділік мақсатын көрсетіп, көмектеседі)
Бүгін тек бақылау жұмысына дайындалып қана қоймай, үлкен «Сандар тауы» деп аталатын тауды бағындыруға жолға шығамыз және тау туралы жаңа және қызықты мәліметтермен танысатын боламыз.
Ал тауды бағындыру дегеніміз не? Қалай ойлайсыздар? (нұсқаларын келтіреді. Яғни, таудың шыңына шығу.) Ал тау дегеніміз не?
(Сөздік бұл туралы не дейді екен? «Таулар – жер бетінен жоғары да көтеріңкі өркештене тізбектеліп, сызылып жатқан заңғар, құзды, құзартты биіктік».
Ал кім біледі, таудың шыңынан не табуға болады?( Оқушылар ойланып, мүмкін нұсқаларын ұсынады. Бұл Эдельвейс деп аталатын таудың шыңында өсетін гүл.)
Бүгін біз тек Сандар тауының шыңына жетіп қана қоймай, эдельвейс гүлін табуға тырысамыз.
Сондықтан сабақ ұраны: «Эдельвейстер аяқ астында өспейді, эдельвейске жету үшін еңбек ету керек!» ( Қанекей, сабақта ой еңбектеріңізге көңіл бөлеміз. Әрқайсыңызға берілген бағдарлы парақшаларға жетістіктеріңізді белгілеп отырасыздар. Егер бәрін дұрыс жасасаңыздар – оң таңбасын қоясыз, қателіктерді назарға алыңыздар, сабақтың соңында дұрыс орындалған тапсырмаларға эдельвейстің жапырақтарын аласыздар. Кім 5 жапырақ алса «5», 4 жапырақ алса «4», төрттіктен төмен баға қойылмайды.

2. Үй жұмысын тексеру 8 мин
Жолға шығар алдында саяхатшылар өз саймандарын түгендеп, жүкті буып – түйетінін бәріміз білеміз.
Олай болса, жүкті буып – түюге кірісейік.
Тақтада 4 тапсырма берілген, әр тапсырмада 4 жауап бар (дұрыс деп тапқан жауаптың біреуін белгілеңіз, жауаптарды көршіңе тексерту арқылы парақшаға белгілейсіз).
1. Жай санды тап: 45, 47, 143, 999
2. Өзара жай сандар жұбын тап: 2, 122 24, 4 45, 8 27, 81
3. Құрама санды тап: 2, 11, 22, 17
4. ЕҮОБ(24, 48): 12, 24, 48, 2

Сонымен, біздің жол жүгіміз – ол осы күнге дейін тақырып бойынша жасалған жұмыста нені үйренгенімізде. Енді жол саймандарымыздың қаншалықты сенімді екенін тексерейік.
Теориялық білімді тексеру үшін тақтадағы тестті орындайық:
Көп нүктенің орнын толтыру
1. Кез – келген натурал санның бөлгіші болатын сан: а) 2, ә) 1, б) 3.
2. 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал санды …. сандар деп аталады.
3. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар … сандар деп аталады.
4. ЕҮОБ табуда бірінші... жіктеу керек.
5. Жай сан да және құрама санда болмайтын сан а) 117, ә) 2, б) 1.
6. Егер екі санның ЕҮОБ 1 - ге тең болса, ол сандар... деп аталады.

3. Есептер шығару (25 мин)
Біз бәріміз білеміз, альпинистер мен шыңға өрмелеушілер бағындырғысы келетін таулар өзінің биіктігімен ерекшелене алады.
Кім біледі, әлемдегі ең биік тау қалай аталады? Гималай - әлемдегі ең биік тау, ал ондағы ең биік шың - Джомолунгма шыңы. Гималай (Эверест) тауының ұзындығы - 2400км, ал ені - 350 км, Қытай – Непал территориясында орналасқан.
Қазақстандағы ең биік тау - Хан Тәңірі — Алматы облысында таудың солтүстік - батыс бөлігі қарайды. Биіктігі 6995 м.

Дәптермен және тақтамен жұмыс
№1(кедергі) Аялдама
№287
1) 48 бен 84
2) 70 пен 98
3) 16 мен 45
4) 52 мен 78
5) 44 пен 65
6) 72 мен 96
(тақтада Гималай және Хан Тәңірі тауларының суреті көрсетіледі)
Әрі қарай тауды бағындыру үшін топпен жұмыс жасау маңызды, енді өмірде үнемі кездесетін 2 тапсырма бермекшімін.

№2(кедергі) Аялдама
Балалар бақшасындағы топтарға тарату үшін 28 ойыншық машина, 35 қуыршақ және 77 доп сатып алынды. Балалар бақшасындағы әрбір топқа ойыншық машиналар тең бөлініп, қуыршақтар тең бөлініп, доптар тең бөлініп берілді. Ойыншықтар балалар бақшасындағы неше топқа бөлініп берілді? Әрқайсысы қаншадан таратылды?
(35: 1, 5, 7, 35
28: 1, 2, 4, 7, 14, 28
77: 1, 7, 11, 77
ЕҮОБ(35, 28, 77)=7. Ойыншық машиналар: 4, қуыршақ: 5, доп: 11дана таратылды.
№3
12 қыз және 16 ұл болатын топты, топтағы қыздар мен ұлдардың саны бірдей болатындай және топ саны ең көп дегенде қанша топтарға бөлу керек. Осындай топтың нешеуін құрауға болады? Әр топта қанша адам болады?
(ЕҮОБ (12, 16) = 4 (топ). По 12: 4=3 қыздар және 16: 4=4 ұлдар. Барлығы 7 адам.
Дем алу (математикалық дене шынықтыру уақыты ) 2 - мин
Дем алатын уақыт келді:
Мен сан айтамын Егер 2 - ге бөлінсе екі қолыңызды көтересіз
Мен сан айтамын. Егер 5 - ке бөлінсе шапалақтайсыз.
Мен сан айтамын. Егер 3 және 9 - ға бөлінсе тізені бүкпей алға қарай еңкейесіз.
14, 55, 27, 145, 4, 81, 115, 44

3 –(кедергі) аялдама
№4
Суретте қандай сандар жазылған және қандай сандар жетіспейді? Бос орындарға тиісті сандарды осу ретімен орналастыр Жауап: 60 санының бөлгіштері 5, 6, 4, 2 (Егер дұрыс болса, Хан Тәңірі тауының суреті көрсетіледі)

Ендігі тапсырманы орындасақ, эдельвейс гүліне жете аламыз ба? Ол үшін келесі соңғы тапсырманы орындауымыз керек.
4. Қорытындылау (4 – аялдама)
1 - нұсқа
а) ЕҮОБ(12, 18)=6
ЕКОЕ(12, 18)=36
б) ЕҮОБ(13, 39)=13
ЕКОЕ(13, 39)=39
в) ЕҮОБ(11, 15)=1
ЕКОЕ(11, 15)=165
2 - нұсқа
а) ЕҮОБ(10, 15)=5
ЕКОЕ(10, 15)=30
б) ЕҮОБ(19, 57)=19
ЕКОЕ(19, 57)=57
в) ЕҮОБ(7, 12)=1
ЕКОЕ(7, 12)=84
5. Бағалау
Жарайсыңдар! Эдельвейс гүліне жеттіңіздер. Сандар тауының шыңына жеттік. Көптеген кедергілерден өтіп, қиындықты жеңдік. Енді ертеңгі бақылау жұмысын жақсы жаза аласыздар ма, оны білу үшін бағдарлы парақшаларды қарайық. Кімде қанша оң таңба бар екен?

6. Үйге тапсырма.
Сіздерге бүгінгі сабақтан естелік ретінде эдельвейс гүлін сыйға тартпақшымын. Осы гүлге сабақта жинаған жапырақтарын желімдеп алыңыздар. Бұл жай гүл емес Сандар тауында өскен гүл. Ал жапырақтарда сандар жазылған, осы сандардың үш жұбынан ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар және №287 (7, 8, 9)
14 171
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандарды оқып, жаза алады; Санның бөлгішін, еселігін таба алады, жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік
Ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарының анықтамаларын білу;
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Ең кіші ортақ еселік
Ең кіші ортақ еселік
Оқушыларға берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табуды үйрету, тақ сандар, жұп сандар, жай сандар және құрама сандар жайлы алған білімдерін пысықтау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×