Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ән - көңілдің ажары

17 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка пәні мұғалімі
Жанар Умарова Камиевна

Мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ән - би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс

( Музыка)
Сәлеметсіздер ме қымбатты оқушылар, ұстаздар!
«Ән көңілдің ажары» атты шарамыз әннен шашу шашуға дайын!
Көз аудармай қарап, ән қалдырмай шырқауға дайын болсаңыздар бастайық!
Бүгінгі ойын әдемі болады деген ойдамын, өйткені біздің қонақтарымыз ай десе аузы бар, күн десе көзі бар көрікті
6 «ә» сынып оқушылары!
Бірінші топ ұлдар бастаған «Балдәурен» тобы
Екінші топ қыздар бастаған «Айгөлек» тобы
Алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық
1.....
2........
3..........
Ал енді таныс болайық,
танысу кезегі І топта
Танысу кезегі ІІ топта
Танысып болсақ ойынымызды бастайық Сонымен
І айналым (музыка)
І айналымның ережесімен таныс болыңыздар
5 тақырып берілген, әрқайсысында І әннен жасырылған. Әнді осы мектептің оқушылары наушникпен ыңылдап айтып бізге тек музыкасыз нұсқасы, яғни тек сол оқушының даусын есту арқылы табуымыз керек. Сайыс шапшаңдықты қажет етеді. Жауап дайын болса Алдарыңыздағы аспаптардан дыбыс шығарып кім бірінші жауап берілетіні анықталады. Жауап дұрыс болса І ұпай, қате болса келесі топтың жауабын тыңдаймыз, олардікі дұрыс болса ұпай соларға есептеледі. Содан соң бәріміз сол әнді музыка сүйемелдеуімен орындаймыз.
«СЫРЛАСАЙЫҚ», «Жан досым»
«ОТАН АНА», «Қазақ елі»
«КҮЗ ШАШУЫ», «Қызыл өрік»
«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ», «Аяла»
«БАЛДЫРҒАН ШАҚ», «Ертегілер»
Сонымен І айналым аяқталды

ІІ айналым (музыка)
Бұл айналымның шарты: алдарыңызда З тақырып берілген. Тақырыпқа байланысты түсті таңдайсыздар, ішінен әннің музыкасы жүреді. Бұл сайысқа шапшаңдық қажет емес, себебі тақырыпты таңдаған топ І жауап береді. Таба алмаса ІІ топтың жауабын тыңдаймыз. Тақырыпты кезекпен таңдаймыз.
БАЛАЛЫҚ ШАҚ Бала тілегі, Қошақаным
БОЛАШАҒЫМ БАЙЛЫҒЫМ ЖасаҚазақстан, АлғаҚазақстан
КҮЙЛЕР Ерке сылқым, Көңіл толқыны
ІІ бөлім аяқталды

Кезекті ІІІ айналымға береміз (музыка)
Бұл айналымда берілген мақалдардың жалғасын табу керек.
1. Отан — оттан да ыстық
2. Отан — отбасынан басталады.
3. Ер есімі — ел есінде
4. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі
5. Ұстаздан шәкірт озар
6. Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы
7. Мақал — сөздің анасы
8. Піскен асқа тік қасық
9. Халық айтпайды, айтса қалт айтпайды.
10. Жеті атасын білмеген жетесіз
11. Күш атасын танымас
12. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді

Сонымен соңғы бөліміміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз
ӘН АМАН БОЛСА ӘЛЕМ ӘДЕМІ БОЛАДЫ! ӘНДІ СҮЙГЕН ЖҮРЕКТЕРІҢІЗ ТОҚТАМАСЫН!
ӘДЕМІ БОЛАЙЫҚ, БАР БОЛАЙЫҚ, АМАН БОЛАЙЫҚ!
24 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айгөлек ән байқауының сценарийі
Айгөлек ән байқауының сценарийі
Қызыққа толы көктемнің, Сан қырларын ашайық. Мерекесін көктемнің, Думандатып бастайық!
Толағай
Толағай
• екі командаға бөліну • командаларға ат қою
Жұлдызды сәт атты сайыс сабақ
Жұлдызды сәт атты сайыс сабақ
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)
Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Баймуханова Гульсим Мешиткалиевна
Саз әлемі
Саз әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің аға тәлімгері Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×