Ұрпаққа бата
Ұрпаққа бата.
Ақ жол тілеп Алладан, бата беру менен болсын.
Жаратушы Раббым, қабыл етіп демей көрсін;
Ұрпақтың өмір жолына пір, періште жебеу болсын;
Талабы таудай биік болсын, ойы түпсіз терең болсын,
Жаманнан қашық болсын, жақсыға елең болсын;
Тергені білім болсын, баққаны өнер болсын.
Қиындықтан қайтпайтын, қайыспас емен болсын.
Денсаулығы алмастай мұқалмайтын берен болсын;
Жел сөзден аулақ болсын, тыңдауға шебер болсын;
Берекеге бейім болсын, әрекеге бөген болсын
Зейінді зерек болсын, мақтағанда керең болсын;
Ақылына ақыл қосар, зердесі жүйірік өрен болсын;
Атақ - даңқы биік болсын, ата - анадан төмен болсын;
Салт - дәстүрден кіші болсын, парасаты кемел болсын.
Зәруге жомарт болсын, уақытқа тараң болсын;
Еңбекке құштар болсын, күлкіге сараң болсын;
Сертіне берік болсын, антына адал болсын.
Намысы қайраты мен алынбас қамал болсын.
Мінезі майдақоңыр, сәуірлі самал болсын.
Көңілі көпшіл болсын, жалғызға жаран болсын;
Жекжатқа жетелі болсын, ағайынға алаң болсын;
Жарамсақтан қашық болсын, жабырқауға таяу болсын;
Көпшілік көз тігетін желбіреген жалау болсын;
Шаладай бықсып жанбай, жалындаған алау болсын;
Еліктей сергек болсын, бәйге атындай жарау болсын;
Несібесі мол болсын, мал шашпаққа қарау болсын;
Нәсібін кәсібінен табар, майталман маман болсын;
Құдайым тіл - көзден сақтап, пәле - жаладан аман болсын.
Т. Салқынбаев
Ақсуат ауылы, Тарабағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы

Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Жаңа жыл 2025
Құрметті білімділер порталының оқырмандары, сіздерді келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл сіздерге тек жақсылық әкелсін, аспанымыз ашық, ел-жұртымыз аман болсын! Кең болсын қазағымның керегесі. Кетпесін туыс туған
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.