Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен өмірді қалаймын

20 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мен өмірді қалаймын

Жоспары:
1. Өмір туралы
2. Өмір - майдан
А) Өмірді дұрыс сүре білуде өнер
Б) Өмір бір - ақ рет берілетін мүмкіндік.
3. Өмір – ең қымбат сый

Пай - пай өмір!
Өтесің - ау бір күні
Тыясың - ау қуанышты, күлкіні
Өмір деген - бір жарк еткен найзағай
Өмір деген көк аспанның күркірі.
М. Мақатаев

Қандай да бір болмасын кез келген тіршілік иесіне өмір бір - ақ рет берілетіні хақ. Сол өмірде басқа тіршілік иелерінен адам жоғары саналығымен дараланады. Әр адам өз өмірінің бас кейіпкері сондықтан, қалай сүрем деседе өз еркі. Жақсы жол таңдап, патшадай болуда, өмірден адасып, жолын таба алмауда өз қолында.
Өмір құдды майдан іспеттес, жеңілісі мен жеңісі, қайғы мұңы мен қуанышы кезектесіп жүреді.
Расында сол майданнан жеңіп шығып өмірде өз орнын табатындармен қатар, жеңіліп тура жолдан тайқитындарды да кездестіреміз. Қамшының сабындай ғана ғұмырдың әр баспалдағын аңдап басып кедергілеріне мойымай байыппен өту қажет. Өмір болған соң қызықта, қиыншылық та кездесетіні анық. Осы қиыншылықтардың бірі табандылықпен жеңіп шықса, енді бірі одан шығар жол таппай, ішімдікке салынып, нашақорлықпен айналысып жатады. Бұл әдеттің дұрыс емес екендігін біле тұра жастарымыз осы затты таңдап әуес қылады. Бір қолданып көрсем, сәлде болса мұңымды жеңілдетсем деп, қалай жетегіне еріп кеткенін өздері де білмей қалады. Шындығын да, ішімдікке салынып маскүнем болу, нашақорлықпен айналысу сынды зиянды әдетттер қиындықты жеңілдететін жол емес, керісінше опық жегізіп, зардабын тарттыратын, тіпті өлімге апаратын бірден - бір қадам болып табылады. Жалпы адам баласы дүниеге келіп оң солын тани бастағаннан ақ белгілі бір арманы мен оның жетуге қойған мақсаты болу керек. ал мақсаты жоқ жандар жоғарыда айтылғандай қателіктерге жиі бой алдыруы әбден мүмкін. Сондықтанда әрбіріміздің пешенемізге жазылған аз ғана ғұмырдың ізгі іс жасап, ұзаққа мұра болатындай дүние қалдыруымыз керек.
Өмір керуен болса, жүріп өтер жолаушысы – біздерміз. Дүниеге адам баласы екі рет келмейді. Сол үшін бір - ақ рет берілетін үлкен сый, керемет мүмкіндікті дұрыс пайдаланайық адамзат.

№59 орта мектебі
Аралбаев Ерқасым
9 «б» сынып оқушысы
2 209
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір — теңіз
Өмір — теңіз
Өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз.
Мен өмірді қалаймын
Мен өмірді қалаймын
Ұран Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама. Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.
Мен таңдаған өмір... (тренинг сабақ)
Мен таңдаған өмір... (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектеп психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Өмірді таңда
Өмірді таңда
Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң
Өмір шексіз керуен
Өмір шексіз керуен
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Өмір туралы
Өмір туралы
Байқоңыр қаласы, К.Э.Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушысы Абсалықова Гүлнұр Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×