Жексенбі, 15 Желтоқсан 2024
  • 14
  • :
  • 32
  • :
  • 08
Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауылым алтын бесігім

15 қараша 2019, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Ауылым алтын бесігім

Туған жер - адам өмірімен тікелей байланысты. Менің отаным Қазақстан Республикасы. Сол мемлекеттің ішінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақтас елді мекенінде мен дүниеге келдім. Балалық шағым туған ауыл көшелерінде алаңсыз ойнап өсумен өтіп жатыр. Туған ауылың бәрінен де ыстық екен.

Жазғы демалыс кезінде ауылдан сәл жырақ шығып, нағашы ата - апаларымның ауылына қыдырсам, туған ауылымның түтіні мен шаңына дейін жазғы күндері шәуілдеп жатпайтын итім Мойнаққа дейін сағынам. Ал ауылға қайтқан кезде, ауылға жақындағанда бойыма ерекше қуат бітіп, туған ауылымның ауасын ауыз толтыра жұтып, әрбір жусан иісі мен шәрбат татитын суын шөлім қанғанша рахаттанып ішіп аламын.

Туған бауырларыммен аунап - қунап қуаласып ойнаймын. Өз аулымды еш жерге айырбастамас едім. Таңертең сабаққа сөмкемді арқама асып алып үй сыртына шықсам, апа - аналарымыздың қазан басында күйбеңдеп үй шаруасы, ас қамымен жүргені, көшеге шықсам, ауылдағы ақсақалдардың азанғы сиырларын өріске айдап, бір – бірімен қауқылдасып амандасып, жөн сұрасып тұрғандарын көремін.

Көше бойлап келе жатып, алдымнан аппақ жұмыртқадай, әсем бой көтерген, ауыл мешіті, одан әріректе менің алтындай жарқыраған мектебім қарсы алады. Ондағы жүзі мейрімді апайларым күліп қарсы алады, сонымен қарбаласқа толы, қызықты сабақтар басталады. Міне мұның бәрін тәпіштеп жазып отырғанымның себебі, әрбір адам баласына өз туған жері, ондағы орналасқан әрбір ғимарат әрбір зат ыстық. Өзімнің туған ауылыма деген махаббатым ерекше, әрбір адам бойында мұндай қасиет болатынына сенемін.

Шымкент қаласы, Абай ауданы,
Ақтас елді мекені № 61 жалпы орта мектеп
5 сынып оқушысы: Қуандық Әли
Жетекшісі Серикбаева Гулдана Шырынбаевна


Жаңалықтар
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары.
Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім, Халқыңның сенде несібі. Ашық болсын әрдайым Кең далаңның есігі!
Шығарма: Менің ауылымның келбеті
Шығарма: Менің ауылымның келбеті
Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым. Шабытымның асқары, Самғаушы еді ауылым деп,- ақын ағамыз жырлағандай «ауыл» деген сөзді естігенде менің өне бойымды қуаныш кернейді.
Шығарма: Менің туған ауылым
Шығарма: Менің туған ауылым
Менің туған ауыл Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туған ауылы. Ауылдың орналасқан жерінің табиғаты өте бай. Айналасы 4 - 5 шақырымдай жерде биік - биік таулармен көмкерілген.
Менің ауылым (қайталау сабақ)
Менің ауылым (қайталау сабақ)
Шымкент қаласы, Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Нажиметова Анар Мәлікайдарқызы
Ауылым-алтын бесігім
Ауылым-алтын бесігім
«Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т.б.) мол. Ауылда менің әжем мен атам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×