Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы

13 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Физика
Физика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа физикалық шама импульс ұғымы мен оның
түрлері, векторлық шама екенін түсіндірмелі иллюстративті тұрғыдан түсіндіру, терең мағлұмат беру. Көрнекілі құралдар қолдану арқылы жаңа сабақты түсіндіру, Электронды оқулықтар қолдану.

1 Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дене импульсімен импульстің сақталу заңымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2 Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3 Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, дискуссия, кітаппен жұмыс, демонстрация көрсету..
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, жүгі бар арбашалар
резеңке шарлар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, еңбек, дене тәрбиесі

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

ІІІ. ДК Білімді жан - жақты тексеру..
1. Дененің салмағы дегеніміз не?
2. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?
3. Жоғары қарай үдемей қозғалған дененің салмағы қалай өзгереді?
Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйін кешеді?

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Төмпешіктен жылдам сырғанап келе жатқан жеңіл арбаша адам қолымен оңай тоқтата аламыз, ал автомобилді тоқтату оңай емес Себебі қозғалыстағы денені оның массасына, жылдамдығына байланысты болатын шаманы зерттеп көрелік
Екі денелердің өзара әсерлесу нәтижесінде болған құбылысты импульс деп атаймыз
Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама дене импульсі деп атайды.
Импульсті Р әрпімен белгілейміз.
Р = mυ

SІ жүйесінде импульс бірлігіне ретінде дене импулсі (кг*м/с) алынған
Енді қандай дене бастапқы жылдамдықпен υ қозғалып келіп Белгілі
t уақыт ішінде қозғалыс бағытында түсірілген куш әрекетінен жылдамдығы υ өзгереді.
F = mа, а=υ – υ/t. F = mυ – υ /t.
F t = mυ – mυ.

Күш импульсі ( Н*с) бірлігі ретінде алынған
V. ДК. Жаңа материалды меңгерту:
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша дене импульсімен импульстің сақталу заңымен танысамыз.
1. Сақталу қасиеті бар физикалық шамалар.
2. Дене импульсі, оны формула арқылы өрнектеу, физикалық мағынасы, бағыты, өлшем бірлігі.
3. Күш импульсі, оны формула арқылы өрнектеу, физикалық мағынасы, бағыты, өлшем бірлігі.
4. Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы байланыс.
5. Ньютонның екінші заңын импульстік түсінік тұрғысынан өрнектеу.
6. Тұйық жүйе туралы түсінік.
7. Импульстің сақталу заңы.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§19, 20 дайындық сұрақтарын талдау.
1. Дене импульсі дегеніміз не?
2. Күш импульсі дегеніміз не?
3. Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға тәуелді?
4. Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
5. Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
6. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
1. 17 - жаттығу 1, 2
2. 1, 5 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 20 т темір жол вагоны массасы 10 т қозғалмай тұрған вагонға тіркеледі. Вагондардың тіркелгеннен кейінгі жылдамдығы қандай? (1 м/с)
VIІI. ДК. Бағалау.
Үй тапсырмасын беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 373
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күннің құрылысы және негізгі сипаттамаларымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Импульстің сақталу заңы
Импульстің сақталу заңы
Оқушылардың «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тарауы бойынша алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру. Өткен материалды қайталап, қорытындылау.
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Оқушыларға дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін есеп шығаруда қолдана алуға үйрету.
Импульс. Импульстің сақталу заңы
Импульс. Импульстің сақталу заңы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қожекеева Нағима Мауфақызы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Садыкова Эльмира Тулегеновна
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×